Preview

Economy: strategy and practice

Кеңейтілген іздеу

Жастардың мегаполистердегі ішкі көші-қоны жастардың шетелге көші-қонына әсер етуші фактор ретінде (Алматы қаласы мысалында)

https://doi.org/10.51176/1997-9967-2023-1-87-102

Толық мәтін:

Аңдатпа

Ішкі көші-қон жастардың шетелге қоныс аударуы үшін өтпелі сәт болып табылады. Бұл мақаланың мақсаты – қаланың инфрақұрылымын жастардың үлкен қалаларға ішкі көші-қонына әсер ететін фактор ретінде қарастыру. Бұл елдегі мәселелердің бірі, себебі шетелге «мидың ағылуына» әкеледі. Бұл факторларды қарастыру қажет. Зерттеу барысында 14 пен 29 жас аралығындағы Алматы қаласына келген ішкі көші-қонға тартылған жастар қарастырылады. Бұл зерттеудің әдіснамалық негізі Эверетт Ли әдіснамасына негізделген және жастардың миллиондаған халқы бар қалаларға ішкі көші-қонына әсер ететін факторларды талдайды. Мақалада Қазақстан Республикасының өңірлері арасындағы көші-қон процесін тежейтін немесе ынталандыратын объективті факторлар қарастырылады. Бұл факторларға университеттер мен колледждердің саны, жұмыс берушілер саны және денсаулық сақтау мекемелерінің, ойын-сауық орталықтарының саны мен т.б. жатады. Бұл көрсеткіштер төрт факторға топтастырылды: білім беру, денсаулық сақтау, мәдени-ойын-сауық және жұмыспен қамту. Деректерді талдау және өңдеу үшін жалпылау және жүйелеу әдісі қолданылды. Факторларды бағалау үшін мәліметтер Ұлттық статистика бюросынан және басқа да ресми көздерден 2014-2021 жылдар аралығында алынды. Ішкі көші-қон мен қала инфрақұрылымының көрсеткіштері арасындағы байланысты анықтау үшін SPSS бағдарламасының көмегімен корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізілді. Нәтижесінде жастардың ішкі көші-қоны мен білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары арасында айтарлықтай байланыс бар екенін көрсетті. Осылайша, білім беру жастардың ішкі және сыртқы көші-қонының негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан мидың ағып кетуіне жол бермеу үшін жоғары білімді дамыту және жұмыспен қамту деңгейін арттыру маңызды.

Дәйектеу үшін:


Джусибалиева А.К., Искакова Д.М., Курманалина А.А., Дүйсенбаева Б.Б., Искакова Д.Б. Жастардың мегаполистердегі ішкі көші-қоны жастардың шетелге көші-қонына әсер етуші фактор ретінде (Алматы қаласы мысалында). Economy: strategy and practice. 2023;18(1):87-102. https://doi.org/10.51176/1997-9967-2023-1-87-102

For citation:


Jussibaliyeva A.K., Iskakova D.M., Kurmanalina A.A., Duisenbayeva B.B., Iskakova D.B. Internal Migration of Youth in Megacities as a Factor Influencing the Migration of Youth Abroad (on the Example of Almaty). Economy: strategy and practice. 2023;18(1):87-102. https://doi.org/10.51176/1997-9967-2023-1-87-102

Қараулар: 924


Creative Commons License
Контент доступен под лицензией Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)