Preview

Economy: strategy and practice

Кеңейтілген іздеу

Кибершабуылдардың компанияның нарықтық құнына әсері (АҚШ мысалында)

https://doi.org/10.51176/1997-9967-2023-4-200-219

Толық мәтін:

Аңдатпа

Жаһандық цифрландыру тенденциясы жағдайында кибершабуылдардың компания қызметіне қалай әсер ететіні өзекті мәселелердің қатарында болып отыр. Компанияның нарық құны оның тиімділігін анықтайтын бірден-бір көрсеткіш болғандықтан, бұл мақалада кибершабуылдардың осы көрсеткішке ықпалы зерттелді. Кибершабуылдардың фирманың нарық көрсеткіштеріне ықпалын зерттеу үшін мақалада оқиғаны зерттеу (event study) әдістемесі қолданылды. Сонымен қатар, жиынтық аномалды пайданың (CAR) мөлшеріне әсер ететін факторларды зерттеу үшін сызықтық регрессиялық талдау (OLS) жүргізілді. Жұмыстың негізгі гипотезасы кибершабуылдар компанияның айқын және жасырын шығындарын арттыра отырып, жиынтық аномалды пайдаға (CAR) теріс әсер етуі мүмкін деген болжам болып табылады. Нарықтың жағымсыз реакциясы CAR-дің теріс шамасы арқылы көрініс табады. Талдау жүргізу үшін авторлар 2011-2020 жылдар аралығындағы АҚШ фирмаларының кибершабуылдары туралы деректерді пайдаланып, CAR-ға әртүрлі кибершабуыл түрлерінің әсерін компания көлемі мен саласы бойынша зерттеп шықты. Сонымен бірге, компанияға ең көп қаржы шығындарын әкелетін кибершабуыл түрі анықталды. Зерттеу нәтижелері жұмыстың негізгі гипотезасын растап, кибершабуылдар фирмалардың нарық құнына теріс әсер ететінін көрсетті. Бұдан басқа, киберинциденттердің шағын компанияларға тигізетін кері әсері ірі компанияларға қарағанда айтарлықтай жоғары екені анықталды. Осылайша, кибершабуылдар кезінде ірі компаниялар шағын және орта компаниялармен салыстырғанда қаржылық тұрғыдан орнықтырақ деген қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар, киберқылмыстың әкелетін қаржылық шығындар мөлшері кибершабуыл түріне және компанияның саласына тәуелді болмайтыны анықталды.

Дәйектеу үшін:


Исаева Г.К., Жусипова Э.Е., Айтымбетова А.Н., Куралбаева А.Ш., Абдыкулова Д.Б. Кибершабуылдардың компанияның нарықтық құнына әсері (АҚШ мысалында). Economy: strategy and practice. 2023;18(4):200-219. https://doi.org/10.51176/1997-9967-2023-4-200-219

For citation:


Issayeva G.K., Zhussipova E.E., Aitymbetova A.N., Kuralbayeva A.S., Abdykulova D.B. The Impact of Cybersecurity Breaches on Firm’s Market Value: the Case of the USA. Economy: strategy and practice. 2023;18(4):200-219. https://doi.org/10.51176/1997-9967-2023-4-200-219

Қараулар: 577


Creative Commons License
Контент доступен под лицензией Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)