Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу

ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Толық мәтін:

Аннотация

Мақала ЕЭА қалыптастыруға, оларды жіктеуге және олардың жұмыс істеу қажеттілігінің критерийлеріне арналған. Өз ізашарларының ұзақ даму жолын өзіне алған заманауи ЕЭА жаңа экспорттық-өндірістік мазмұнмен және іскерлік тәжірибемен толтырылды. Олардың құрылуы мен қалыптасуы ырықтандыруға және белсенді сыртқы экономикалық қызметке бағытталған. Мұндай аймақтардың экономикасы әлемдік нарыққа ашықтықтың жоғары дәрежесіне ие, ал кедендік және салықтық режимдер ұлттық және шетелдік инвестициялар үшін қолайлы. Халықаралық корпорациялар өзінің коммерциялық қызметі үшін қолайлы жағдайлар іздеуде ЕЭА-ны тиімді экономикалық құрылым- дар ретінде қарастырады және өз қызметінің маңызды бағыттарын олармен байланыстырады. Проблеманы зерттеудің өзектілігі Қазақстандағы осы үдерістің үдемелі даму динамикасымен байланысты. ЕЭА-ны пайдалану қосылған құны жоғары ұлттық экономиканың стратегиялық маңызды салаларының жоғары технологиялық дайын өнім өндірісінің толық циклін қамтамасыз ете отырып, ұлттық экономиканы және Экспорттық-бағдарланған өндірісті дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге тиіс. Қазіргі уақытта ЕЭА ХХІ ғ. басында әлемдік экономиканың салмақты факторына айналған және жаһандық тауар айналымын жеделдететін және сыртқы сауданы ынталандыратын өзіндік “коммерциялық орталықтар” болып табылатын феноменальды құрылымдар.

Автор туралы

Ж. Р. Кожамбеков
ЯСAУИ AТЫНДAҒЫ ХAЛЫҚAРAЛЫҚ ҚAЗAҚ-ТҮРІК УНИВEРСИТEТІ
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Фразье М., Рэн Р. Возможности создания зоны свободного предпринимательства в Болгарии // Вопросы экономики. - 1991. - № 10. - С. 115- 125

2. Чернова С.А. Проблемы развития особых экономических зон РФ с позиций формирования общего экономического пространства (ОЭП) с участием России// Наука. Инновации. Образование. Российский научно-исследовательский институт экономики, политики и права в научно- технической сфере. - 2007. 2007г.http://sie-journal. ru/rules-design;

3. Гумилевский А., Максимов В., Шишков А. СЭЗ: какими им быть? // Внешняя торговля. - 2003. - № 6. - С.2-4.

4. Шинкаренко А. Международное региональное сотрудничество как фактор развития приграничных районов // Внешняя торговля. - 1994. - № 11. - С. 10-13

5. Андрианов В. Специальные экономические зоны в мировой экономике // ЭКО. - 1997. - № 3. - С. 28 - 34.

6. Экономическая библиотека- http://economy- lib.com/osobye-ekonomicheskie-zony-kak-faktor- stimulirovaniya-razvitiya-regiona#ixzz5WAOqa2fS


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кожамбеков Ж.Р. ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ. Economics: the strategy and practice. 2018;(4):142-151.

Қараулар: 251


Creative Commons License
Контент доступен под лицензией Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)