Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
Том 14, № 3 (2019)
9-26 469
Аннотация
Жұмыс Қазақстан экономикасының инновациялық даму үрдісін зерттеуге бағытталған. Нарық жағдайындағы инновациялардың дамуының ерекшеліктеріне талдау жасалған, ұлттық экономиканың жаңғыртылуына баға берілген, инновацияның ықтималды даму стратегиясы, оны ынталандыру мен жетілдіру әдістері негізінде Қазақстанның инновациялық және технологиялық дамуын жетілдірудің экономикалық және институтционалдық тетіктері ұсынылған.
27-38 450
Аннотация

Бұл мақалада АҚШ және Қытай мұнай нарығының жағдайы, тұтастай бүкіл әлемнің дамуы тәуелді басым елдер ретінде, сондай-ақ мұнай нарығының трансформациялық процестері айтарлықтай әсер еткен елдер ретінде қарастырылады. Мәселен, әлемдік мұнай нарығында мұнай бағасының күрт құлдырауына және нарықтағы елеулі дисбаланстарға алып келген АҚШ-тың сланецтік төңкерісі, Құрама Штаттарды мұнай өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі етіп, ал Қытайды әлемдік мұнай импорттаушылардың көшбасшы болуына әсерін тигіздірді. Осыған байланысты мақалада мұнайдың әлемдік нарығына талдау жүргізіліп, АҚШ және Қытай сияқты елдердің мұнай нарығының әлеуеті мен перспективалары және олардың мұнай нарығының өзгеруіне әсері зерттеледі. Мұнай нарығы тұрақты динамикада тұрғанын, ал мұнайдың бір баррелінің бағасы үнемі өзгеріп тұратынын ескере отырып, дамыған мұнай елдерінің энергетикалық саясатының өзгеруі Қазақстан сияқты дамушы мұнай рыноктарына ғана емес, тұтастай алғанда жаһандық нарыққа да одан әрі өсу мен дамуға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

39-48 526
Аннотация
Мақала әдебиетте жеткілікті деңгейде игерілмеген, Қазақстандағы Исламдық қаржы қызмет етуінің ерекшеліктеріне және даму мәселелерін зерттеуге арналған. Исламдық қаржыландырудың елдегі бағыты соңғы 10 жылда тиісті дамуын таппағандықтан, авторлар Исламдық қаржыны дамытудың өткен тәжірибесін зерделеу және одан әрі өсу үшін еңсерілуі тиіс кедергілерді анықтау мақсатын алға қойды. Исламдық қаржы заңнамасының өткен тәжірибесін талдау және исламдық қаржы құралдарын пайдалану негізінде оларды Қазақстан Исламдық қаржы индустриясында қолдануды белсендіру бойынша ұсынымдар әзірленді. Мақалада қолданбалы зерттеу, ғылыми абстракция және жүйелік тәсіл әдістері қолданылды. Зерттеу барысында жасалған қорытынды Исламдық қаржысының күшті және әлсіз жақтары мен мүмкіндіктері және қауіптерін талдауға негізделген. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы Исламдық қаржының даму бағдарламасын координациялау кезінде заң шығарушы және заң атқарушы органдарымен қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар зерттеу ұсынымдары, мемлекеттегі заңнаманы жетілдіруде не болмаса, арнайы Исламдық қаржы туралы заңнаманы құруда орын алуы ықтимал. Зерттеу нәтижелері саланың жеткіліксіз өсу мәселесі, елде таңдалған Исламдық қаржы жүйесінің консервативті бағытында болуы және белгілі бір пруденциалдық, оған қоса әлеуметтік шектеулердің болуында екенін көрсетті.
49-68 445
Аннотация
Зерттеудің мақсаты ұзақ мерзімді экономикалық саясаттың басымдықтарын негіздеу үшін өндіріс факторлары бойынша Қазақстанның экономикалық өсуін декомпозициялау және модельдеу болып табылады. Халықаралық институттар сарапшыларының соңғы зерттеулерінде нақты ЖІӨ қарқынының және жиынтық факторлық өнімділіктің (ағылш. total factor productivity, бұдан әрі - TFP) жоғары өзара байланыстылығына назар аударылады. (ДБ және басқалары). Бұл ретте, қаржы (инвестициялар) факторының үлесі Қазақстанның одан әрі экономикалық өсуіне қосымша үлкен үлес қоса алмайтыны ескеріледі, бұл қаржыдан шекті қайтарымының азаюымен байланысты. Аталған мәселені терең зерттеу үшін ұсынылған мақалада өндіріс факторларының экономикалық өсуге үлесін есептеудің заманауи теориялары мен әдіснамасына шолу жасалған. Зерттеу әдістері. Заманауи әдіснамалық тәсілдерді қолдану Қазақстанның экономикалық өсуіне декомпозиция жүргізуге және өндіріс факторлары мен жиынтық факторлық өнімділіктің Қазақстанның экономикалық өсуіне қосатын үлесінің моделін жасауға мүмкіндік берді. Бұл ретте, өндіріс факторларының Қазақстан ЖІӨ-нің өсуіне қосқан үлесінің бірнеше бағалау әдісі қолданды: талдамалық әдіс және өндірістік әдіс, оның ішінде, «табиғи ресурстар» факторының үлесін қоса алғанда. Осылайша, талдамалық әдіс негізгі капиталдың тұтынылуы мен жұмысбастылар санының қосындысы ретінде құрылымдық ЖІӨ моделіне негізделеді. Өндірістік әдіс қаржы мен еңбек шығындарының қайта пайда болуына ықпал ететін, технология, адами капитал және ұйымдастырушылық-құқықтық институттар сияқты басқа да айқын емес факторларды ескеретін, қаржы, еңбек және жиынтық факторлық өндіріс (TFP) үлесін пайдалана отырып Кобб-Дугластың екі факторлы өндірістік функциясына негізделеді. Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары. Алынған нәтижелер Қазақстан экономикасының тұрақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді кезеңде экономикалық өсудің іргелі факторларының (еңбек, қаржы және табиғи ресурстар) тиімділігін арттыру үшін макроэкономикалық және құрылымдық саясаттың тиісті шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
69-84 578
Аннотация
Зерттеудің мақсаты Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібінің бәсекеқабілеттілігіне экономикалық көрсеткіштердің әсер ету дәрежесін және Ортақ дәрі-дәрмек нарығының құрылу жағдайында оның өсу факторларын анықтау болып табылады. Мақалада еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңнен бастап есептегендегі негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіруге әсер еткен факторлар анықталды. Яғни, 1990-2018 жалдар аралығындағы көрсеткіштер талдауға алынған. Зерттеу салыстырмалы, статистикалық және экономикоөматематикалық үлгілеу әдістерімен жүргізілді. Фармацевтика өнеркәсібінің дамуына егжей-тегжейлі талдау, сонымен қатар оған түрлі факторлардың әсері дәрежесін бағалау жүргізілді, олар: Қазақстанның ЖІӨ, Жан басына шаққандағы ЖІӨ, Халық саны, Ең төменгі жалақы, Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы; Негізгі капиталға инвестициялар, Фармацевтика саласының негізгі капиталына инвестициялар, Шетел валютасындағы тауар айналымы (экспорт), Шетел валютасындағы тауар айналымы (импорт), Өндіріс көлемі, Өңдеу өнеркәсібі, Фармацевтикалық өнеркәсіптік өндірісінің индексі және Фармацевтикалық кәсіпорындар саны. Зерттеудің нәтижелері отандық фармацевтикадлық өнеркәсібінің бәсекеқабілеттілік жағдайын әжептеур жақсартатын факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Ортақ дәрі-дәрмек нарығын ЕАЭО аясында Казақстанның фармацевтикалық өнеркәсібіне қатысты шешімдер қабылдауда және оны дамыту үшін бұл нәтижелер өте маңызды.
85-98 510
Аннотация
Зерттеу мақсаты 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың аралық нәтижелерін талдау болды. Зерттеу әдістемесі ашық көздерден алынған статистикалық ақпаратты, факторларды және деректерді салыстырмалы талдаудан тұрады, соның негізінде 2015-2018 жж. Арналған бағдарламаның нәтижелері көрсетілген. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстар берілді, соның ішінде: Саланы дамыту мен инновацияларды енгізу, оның ішінде Қазақстанда ақпараттандыру және цифрландыру мәселелері бойынша белгілі бір ілгерілеушіліктер байқалды. Соңғы 5 жылдағы елдің индустриялық даму көрсеткіштері барлық дерлік облыстар мен ірі қалаларда оң динамиканы көрсетті, дегенмен елдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасын іске асыруда кемшіліктер бар, бұл экспорттың төмендеуіне әкеледі. Шешілмеген мәселелер елдің өңірлерінде өңдеуді дамыту, соның ішінде елдің белгілі бір аймақтарындағы өндіріске негізгі капиталға инвестициялар бойынша біркелкі емес көрсеткіштер болып табылады. Ұсыныс ретінде кәсіпорындар өңдеуші өнеркәсіпті дамытуды және экономикадағы шикізаттық бағыттан алшақтауды жалғастыруы керек. Инновациялық даму тек ақпараттық технологияны қолданумен ғана емес,сонымен қатар ұйымдастырушылық және басқарудағы, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндіріс әдістеріне инновацияларды енгізуді де көздейтінін атап өткен жөн.
99-112 942
Аннотация
Зерттеу мақсаты. Қазақстанның машинақұрылысы саласы өте кешенді болып келеді және Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес [1] автокөлік құрылысы, мұнай-газ машинақұрылысы, ауылшаруашылық машинақұрылысы, тау-кен машинақұрылысы, электро-техникалық машинақұрылысы сияқты секторларды қамтиды, бұл бағдарлама аясында осы салаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Отандық машинақұрылысы саласының дамуының оң динамикасы бола тұра, өкінішке орай, әлі де көптеген шешімін таппаған мәселелер сақталуда. Машинақұрылысы саласы білікті кадрлардың тапшылығы бар салалардың бірі, оның себептері - оқу бағдарламасының өндіріс талаптарына сәйкес келмеуі, мамандықтардың мәртебесінің төмендігі, еңбек ақының төмендігі. Осы мақсатпен АҚШ, ЕҚ, Қытай сияқты елдердің мысалында машинақұрылысының әлемдік нарығын зерттеу негізінде, Қазақстанның машинақұрылысы саласының дамуын талдау жасау және машинақұрылысының отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу өзекті болып тұр. Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында бақылау, салыстыру, өлшеу, талдау және дедукция әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері және қорытындылары. Отандық машинақұрылысы өнімінің шетелдік аналогтармен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіздігінің негізгі себептері - республика кәсіпорындарының көпшілігінде ескірген өндіріс технологиясын қолдануға, импортталатын жабдықтаушы материалдарды, энергия тасымалдағыштарды және т.б. пайдаланудың аса жоғары үлесіне байланысты оның өзіндік құнының жоғары және сапасының төмен болуы. Одан бөлек, отандық зауыттардың өнімінің үлкен бөлігі моральдық ескірген және шетелдік аналогтарға қарағанда техникалық және пайдалану көрсеткіштері бойынша артта қалады.
113-126 362
Аннотация
Мақалада қазіргі кезеңдегі жаһандану жағдайында мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің негізгі құрамдас бөлігі азық-түлік қауіпсіздігінің мәселелері қаралған. Қазақстанда азық-түлік тауарларының өндіріс жүйесін құрып, импорт алмастыруды қолға алыну керектігі дәлелденген. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтасыз етуде, импорт алмастырудың маңыздылығы анықталған. Азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізудің маңызды факторы импорт алмастыру болып табылатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Зерттеудің мақсаты отандық агроөнеркәсіпті дамыту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін ұтымды пайдалану арқылы барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік жасау, сондай-ақ жаһандық агро азық-түлігі нарығында Қазақстан лайықты орын алуға жол ашатын бағыттары қарастырылған.
127-136 389
Аннотация
Зерттеудің мақсаты инновациялық тәсілдер негізінде Қазақстанның мұнай-газ кәсіпорындарын басқаруды жетілдіру саласындағы қазіргі жетістіктерді зерттеу болып табылады. Бұл үшін бірнеше өзара байланысты міндеттерді шешу ұсынылды: сервистік, өндірістік, қаржылық, әлеуметтік және экологиялық қызметтерді басқарудағы тиімділікті арттыру. Жұмыста келесі ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: салыстырмалы талдау, мұнай-газ кешені кәсіпорындарын инновациялық басқаруға жүйелік-функционалдық, үдерістік, мотивациялық және жағдайлық тәсілдер. Зерттеу нәтижелері мұнай-газ саласындағы менеджмент тиімділігінің мәселелері туралы ережелер болып табылады. Осы саланың ғылыми-зерттеу секторына ірі қаржы салымдары мен басқарудың рационализаторлық, өнертапқыштық және жаңашыл тәсілдерін енгізудегі тиімділіктің төмендігі арасындағы қайшылықтар көрсетілді. Саланы басқаруда тігінен ықпалдасу моделін енгізуде, экономиканың осы секторын басқаруда қазіргі заманғы инновациялық шетелдік тәсілдермен салыстырғанда сала менеджментінің әлсіз бәсекеге қабілеттілігінің мәселелері ұсынылған. Мақалада ғылыми әдебиетте бар инновациялық экономиканы қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық тәсілдері талданды, тұрақты дамуға қол жеткізу мақсатында социумның экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде алдыңғы қатарлы үдерістерді пайдаланудың рөлі қарастырылды; дамыған елдердегі жағдаймен қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігіне салыстырмалы талдау жүргізілді және МГК басқаруында жаңашыл стратегияларды іздеу және табу қажеттілігі туралы қорытынды тұжырымдалды. Зерттеу негізінде мақалада перспективалы мұнай-газ кен орындарын өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын қолдану қажеттігі туралы қорытынды жасалды. Бұдан басқа, мұнай құбыры жүйелерін және республиканың мұнай-газ саласының барлық көліктік және логистикалық инфрақұрылымын дамытудың және жаңғыртудың орындылығы туралы қорытынды негізделеді.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)