Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
Том 19, № 2 (2024)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ 

ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА 

АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА 

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ ӨМІР САПАСЫ 

154-166 11
Аннотация

Мемлекеттің әлеуметтік өсу жолдарының бірі мемлекеттік басқару саласында мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Осы бағыттағы ең табысты және бәсекеге қабілетті саясаттың бірі - әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту. Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлікке әлемдік деңгейде үлкен көңіл бөлінуде. Дегенмен, әлеуметтік кәсіпкерлік теориясы әлі де тұжырымдамалау сатысында, өйткені әртүрлі елдерде әлеуметтік кәсіпкерлікті қамтудың әртүрлі ерекшеліктері және әлеуметтік кәсіпкерлік бастамаларға әртүрлі көзқарастар бар. Қазақстан үкіметі тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және әлеуметтік проблемаларды шешу құралы ретінде тұтастай кәсіпкерлікті, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қызығушылық танытуда. Көптеген авторлардың еңбектерін талдай отырып, мақалада әлеуметтік кәсіпкерлікті анықтайтын негізгі сипаттамалар мен факторлар анықталды. Зерттеуде Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ағымдағы жағдайын талдау және оның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге әсерін анықтау мақсатында регрессиялық талдау жүргізілді. Қазақстанда жұмыссыздық, кедейлік және өңірлік теңсіздік сияқты түрлі әлеуметтік проблемалар бар. Әлеуметтік кәсіпкерлік инновациялық шешім- дерді құру арқылы осы мәселелерді шешудің тиімді тәсілі ретінде қарастырылады. Мақаланың мақсаты - теориялық және эмпирикалық зерттеулерді талдау, әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбындағы әртүрлі көзқарастарды біріктіру және Қазақстандағы «әлеуметтік кәсіпкерліктің» жағдайын талдау арқылы оны дамыту мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы экономикалық даму мен әлеуметтік кәсіпкерліктің көрсеткіштері арасындағы байланыспен анықталады.



Creative Commons License
Контент доступен под лицензией Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)