Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
Том 19, № 1 (2024)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ ӨМІР САПАСЫ 

33-45 149
Аннотация

Мемлекет экономикасын дамытудың негізгі факторларының бірі – ғылым мен инновация, дәлірек айтсақ, осы ресурстарды іске асыратын адам ресурстары, сапалы ғалымдардың көмегімен. Осы орайда, зерттеу мақаласының мақсаты – ғылым саласындағы кадр жағдайының ағымдағы күйін талдау, гендерлік ерекшеліктерін анықтау және кадр жағдайын жақсарту ұсыныстарын беру. Зерттеу барысында кешенді тәсіл қолданылып, оның құрамына анализ, синтез және салыстырмалы талдау әдістері кірді. Бұдан басқа абстрактілеу, дедукция сияқты жалпы ғылыми әдістері қолданылды. Ақпараттық база ретінде Ұлттық статистика бюросының 2018-2022 жылдар аралығындағы статистикалық мәліметтер қолданылды. Бұдан басқа, БҰҰ ғылымға қатысты есептері қолданылды. Зерттеу барысында ғылым саласында кадрлердің жетіспеушілігі, техникалық мамандықтар бойынша ғалымдар санының азаюуы, еңбекақы бұл салада аздығы, ғылыми дәрежесі бар ғалымдардың аздығы және гендерлік теңсіздік байқалатындығы нәтижелер ретінде алынды. Экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін білім беру жүйесі мен ғылым саласын қайта қарастыру және ғылым саласындағы кадр мәселесін дамытуға болатын бағыттар ұсынылды. Зерттеудің теориялық нәтижелері ғылым саласындағы кадр жағдайына қатысты зерттеулерді жалғастыруда қолданылуы мүмкін. Зерттеудің нәтижелері мемлекеттік органдардың есептерінде, стратегиялар мен бағдарламаларында практикалық қолданыс таба алады. 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ 

88-103 181
Аннотация

Қазақстан гендерлік теңдікті ілгерілетуге және жаһандық қоғамдастықпен тығыз байланыста жұмыс істеуге бейілділігін көрсетуде. Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасының еңбек ресурстары құрылымындағы гендерлік алшақтық біршама қысқарды. Дегенмен, гендерлік алшақтық сақталады. Қазақстандағы әйелдер жалпы халық санының жартысынан астамын құрайды, бірақ олардың республиканың экономикалық белсенділігі, өсуі мен әл-ауқатының көрсеткіштеріне қосқан үлесі өз әлеуетінен едәуір төмен. Республиканың гендерлік статистикасына қол жеткізу гендерлік теңсіздіктегі өзгерістерді зерттеу және бақылау үшін маңызды және шешуші болып табылады. Бұл мақалада Қазақстан Республикасының еңбек нарығының гендерлік динамикасы географиялық ақпараттық жүйені (ГАЖ) пайдалана отырып, макро - және микро деңгейлерде зерттеледі. ГАЖ құралдары еңбек ресурстарын әзірлеу, бақылау және басқаруда жеткіліксіз пайдаланылатын картаға түсіру және талдау мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл зерттеуде авторлар Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы гендерлік теңсіздіктің кеңістіктік индикаторларын модельдеуге тырысты. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жұмыспен қамту коэффициенті, әйелдердің жалақы деңгейі әр түрлі географиялық таралуы бар жұмыспен қамтудың салалық дифференциациясының негізін қалайтын кәсіптік білім берудің гендерлік сегрегациясымен байланысты. Қазақстанның еңбек нарығындағы әйелдердің бәсекеге қабілеттілігінің артуына «шыны төбе» деп аталатын немесе басшылық лауазымдарға қолжетімділіктің төмендігі де кедергі келтіреді. Республикадағы ерлер мен әйелдердің жалақысы арасындағы алшақтық ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалды және төмендеу белгілерін көрсетпейді. Сонымен қатар, негізінен әйелдер айналысатын ақысыз үй жұмысы сияқты еңбек нарығының маңызды элементі әлі де мойындалмаған.

МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ 

104-115 140
Аннотация

Жазылған зерттеудің мақсаты қаржы директорының біліктілігі мен фирманың ішкі бақылау жүйесінің сызықтық емес жүйесі арасындағы байланысты зерттейді. Сондай-ақ, онда қаржы директорының құзыреттілігінің үш көрсеткішін қолданамыз: қаржылық білім, бухгалтерлік есеп, еңбек өтілі және білім. Қазақстандық компаниялардың қор биржасында 2023 жылғы тіркелген үлгісін пайдалана отырып. Әдістемесінде ішкі бақылау жүйесі, онда тітіркендіргіштер кері реакцияны тудырады, ішкі бақылау жүйесіне аз әсер етсе, жоғары ықпал етуі мүмкін, сызықтық емес тәсіл ретінде танылуы керек. Осы зерттеудің нәтижелері қаржы директорының қаржылық, бухгалтерлік тәжірибесі мен ішкі бақылаудың сызықтық емес жүйесі кезіндегі жұмыс тәжірибесі арасындағы теріс байланысты көрсетеді, оғанл жоғары сапалы қаржы директорлары бар фирмалар бизнестегі сызықтық емес ішкі бақылау жүйесіне тап болатынын көрсетеді. Қызметкерлердің саны көп бизнесті басқару тобы тиімді ішкі бақылау жүйесімен байланысты. Сонымен қатар, жоғары басшылықтың саяси қалауы қаржылық есептіліктің сапасына тікелей және жанама түрде ішкі бақылау жүйесі арқылы әсер етеді. Бірқатар сенімділік сынақтары біздің негізгі нәтижелерімізді растайды. Нәтижелер қабілетті қаржы директорларының жақсы ішкі жүйені тиімді енгізе алатынын көрсетеді. Бизнестегі ішкі бақылаудың сызықтық емес жүйесін зерттеу нәтижелері, компаниялардағы ішкі бақылаудың жекелеген элементтерін жетілдіру бөлігінде аудиторлық фирмалардың мүшелері пайдалана алады.



Creative Commons License
Контент доступен под лицензией Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)