Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2018)

СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ЭКОНОМИКИ 

6-16 416
Аннотация
Мақаланың мақсаты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының басты тәуекелі ретінде кеңістіктік теңсіздік проблемаларынзерттеу,сондай-ақ Қазақстанның өңірлерін таңдаулы қолдау механизмдері мен инклюзивті даму қағидаттарына негізделген ымыралы аймақтық саясатын әзірлеу арқылы оларды еңсерудің негізгі бағыттары мен мүмкіндіктерін көрсету болып табылады. Мақалада экономикалық дамудың салыстырмалы сипаттамалары үшін пайдаланылатын негізгі көрсеткіштердің талдауы көрсетілген, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің төмендеу қарқынын анықтайтын теріс факторлар анықталды.Тұрақты экономикалық даму үшін елдің экономикалық кеңістігін поляризациялау, шикізат саласы басым экономиканың рационалды емес құрылымы; әлеуметтік-экономикалық дамудың теңсіздігі; табыстарды бөлу тұрғысынан халықтың елеулі саралау сынды тәуекелдерді сақтап қалу туралы қорытынды жасалды. Тәуекелдерді еңсеру үшін Қазақстан аймақтарын таңдаулы қолдау механизмдерінпайдаланукөмегіменинклюзивті дамумен қамтамасыз ету ұсынылды.Зерттеу нәтижелері Қазақстанның жаңа, ымыралы аймақтық саясатын қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
17-25 272
Аннотация
Бұл мақалада шағын және орта кәсiпорындардың дамуының негiзгi көрсеткiштерiн талдау, құрылымдық сәйкессiздiктер туралы тұжырымдар жасалды. Сонымен бірге, кіші бизнесті орта бизнеске көшіруге назар аударылады, бұл үлкен және кіші бизнестің мамандануы мен капиталдың ынтымақтастығы негізінде болуы мүмкін.Мақаланы дайындау кезінде келесі экономикалық талдау әдісітері пайдаланылды: салыстыру, топтау, құрылымдық және логикалық талдау, жүйелеу және қорыту.Жұмыстың нәтижелері: шағын және орта бизнестің дамуындағы анықталған негізгі үрдістер, шағын және орта бизнес секторын дамытуға байланысты салалық сәйкессіздіктер; Қазақстандағы технопарктер мен өнеркәсіп кластерлерінің дамуына талдау; шағын және ірі кәсіпорындардың өндірістік мамандануын және өзара әрекеттесу үдерістерін қарқындату бойынша анықталған ұсыныстар.Нәтижелері шағын және орта бизнес секторын дамыту жөніндегі қызметті дамытуда ғылыми қолдау ретінде қолданылуы мүмкін. Жұмыс кіші және ірі кәсіпорындардың интеграциясын жандандыру, шағын бизнестің мамандану және ынтымақтастық негізінде ортаға ауысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлердің назарын аударуға бағытталған.

ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА УПРАВЛЕНИЯ 

34-41 265
Аннотация
Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстанның жоғары оқу орындарына корпоративті басқару жүйесін еңгізу және табыс көздерін диверсификациялау идеясын дамыту кезеңінде қызметкерлер тарапынан (топ-менеджерлерден қатардағы жұмысшыға дейін) өзгерістерге төтеп беру жағдайын шешу жөніндегі мәселесін негіздеу болып табылады.Жұмыстың методологиялық бөлімі қызметкерлердің өзгерістерге қарсы болу мәселесін шешу жөніндегі тақырыпқа арнал- ған шетелдік ғалымдардың еңбектерін зерттеу және қолдану арқылы камтамасыз етілді.Сонымен қатар, зерттеу тақырыбының шеңберінде «France Telecom» компаниясының зерттеу мәліметтері қолданылған болатын.Жұмыстың басты нәтижесі ретінде жоғары оқу орындарында өзгерістер кезеніндегі жұмыскерлердің өзгерістерге қарсы болуын ретке келтіретін авторлармен ұсынылған тәсілдерді атап өтуге болады. Мақаланың нәтижелері жоғары оқу орындарында өзгерістерді басқару амалдары ретінде қолданылуы мүмкін.Зерттеу кезінде алынған мақаланың басты тұжырымы ретінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында өзгерістер кезеңінде жұмыскерлердің өзгерістерге төтеп беру мәселесін шешу қажеттілігі негізделгенін атап өту керек.
42-51 343
Аннотация
Инновациялық жобаларды басқару процесстерін оңтайлы бақылау үшін қолданыстағы теориялар мен тәжірибелерді зерттеуге және жетілдіруге негізделген теориялық және практикалық база қажет. Мақаланың мақсаты инновациялық жобаларды басқару саласындағы тәсілдерді зерттеу болып табылады. Мақалада «инновациялық жоба» терминінің түсіндірмелері, инновациялық жобаларды басқару кезеңдері мен принциптері, инновациялық жобалардың тәуекелділігі мен тиімділігін бағалау әдістері, олардың оң және теріс жақтары қарастырылды. Бұдан басқа, зерттеуде Қазақстанның инновациялық дамуының негізгі түйінді мәселелері қарастырылып, мақұлдаған инновациялық жобаларға ерекше мән берілді. Қорытындыда Қазақстандағы инновациялық саясаттың оң тұстары мен кемшіліктері туралы тұжырымдар жасалды. Жұмыс әдістері ретінде: ғылыми талдау және синтездеу, индукция және дедукция, статистикалық деректерді талдау, графикалық талдау пайдаланылды. Жұмыстың нәтижесі мемлекеттің инновациялық жобаларды дайындау және оларды басқару мақсатында инновациялық саясатының мақсаттарын анықтауы кезінде қолданыс табуы мүмкін.
52-65 283
Аннотация
Жұмыстың мақсаты туристік салада кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудағы ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктің маңыздылығын және ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Баяндама теориялық-эмпирикалық зерттеу болып табылады.Мақалада «ұйымдастырушылық-экономикалық тетік» тұжырымдамасын анықтау мақсатында түрлі көзқарастар талданды, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудағы ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктің ерекшеліктері мен негізгі элементтері анықталды.Зерттеудің нәтижесі туризмдегі кәсіп- керлік белсенділікті ынталандырудағы ұйым- дастырушылық-экономикалық тетіктің үлгісін жасау болды.Зерттеу нәтижелерін қолдану саласы туристік индустрия субъектілерінің қызметі болып табылады.Ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктің нәтижесі ұсынылатын туристік қызметтердің сапасын арттыру, туристік қызметтерге сұраныстың тұрақтылығы болып табылады, бұл Қазақстанға келу және ішкі туризмнің үлесін ұлғайтуға сондай-ақ саланың табыстылығына әкеледі. Туристік саланы дамыту жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, демек өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық артады.

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ 

75-83 392
Аннотация
Соңғы 20 жылда жұмыссыздық өтпелі экономикасы бар елдер үшін ең үлкен проблемалардың бірі болды, өйткені нарыққа бағдарланған экономикаға көшу еңбек нарығындағы күрделі өзгерістерді білдіреді. Осы жұмыстың мақсаты - өтпелі экономикасы бар елдерде жұмыссыздық деңгейінің негізгі детерминанттарын анықтау. Бұл экономикаларды бөлек зерделеу қажет, себебі олардың өз ерекшеліктері бар, өйткені олар әлі өтпелі кезеңде. Осы зерттеуді өткізу үшін 30 ел таңдап алынды және 1992 - 2015 жылдарға арналған деректер жиналды. Әр жыл сайын тек 6 ауыспалы деректері бар елдер талданды. Регрессиялық талдау жүргізілгеннен кейін, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің төменгі деңгейлері, білімге жұмсалатын мемлекеттік шығыстардың ЖІӨ-нің үлесі ретінде төмендеуі, инфляция денгейі, сауда балансының жағдайы және жоғары GINI индексі, жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен байланысты деп қорытындыланды.

ТРАНСПОРТ И ЛОГИСТИКА 

84-92 342
Аннотация
Зерттеудің мақсаты - мемлекеттің логистикалық жүйесін бағалаудың теориялық және әдіснамалық тәсілдерін зерттеу және осыған байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық логистикалық жүйесін зерттеу әдістемесін әзірлеу. Мақалада макрологистикалық жүйені бағалаудың теориялық және әдіснамалық тәсілдері қарастырылады. Халықаралық логистикалық көрсеткіштердің қысқаша шолуы жасалды, осы рейтингідегі Қазақстанның орны көрсетілді. Логистикалық жүйені кешенді бағалаудың ең тиімді әдістерінің бірі сараптамалық сұхбат жүргізу әдісі екендігі негізделді және Қазақстан Республикасының ұлттық логистикалық жүйесін бағалау үшін тақырыптар бағыты мен респонденттердің құрылымы әзірленді. Бұл жұмыс ұлттық логистикалық жүйелердің даму проблемалары мен келешегін анықтау мақсатындағы зерттеулерде қолданылуы мүмкін. Зерттеу барысында авторлар салыстырмалы талдау және жүйелеу тәсілі сияқты әдістерді қолданды.
93-99 296
Аннотация
Автокөлік, әр түрлі саладағы өндірістік кәсіпорындардың, өндірушіден тұтынушыға жүктерді тасымалдауды жүзеге асырып, логистика деп танылатын тауар қозғалысы жүйесінің құрамына кіреді. Кәсіпорындар логистикалық тәсілдерге және шаруашылық байланыстарға ере отырып, клиенттерге қызмет көрсету кезінде аз шығынмен өнімді жеткізу сапасын арттыруда бір бірімен бәсекелеседі.Көліктік кәсіпорындарға логистиканың тиімділігін арттыру, біріншіден, автомобильмен жүк тасымалдау нарығында бәсекелестік көп және екіншіден, көліктік шығындар логистиканың жалпы құнының 35 тен 50 пайызға дейін құрайтынымен анықталады. Сондықтан, автокөліктік кәсіпорындарға көлік шығындарын үнемдеу өте маңызды. Зерттеулер мен публикацияларды талдау барысында, тиімділік көрсеткіштерін таңдау мәселесімен көптеген ізденушілердің айналысқандары анықталды. Автомобиль көлігінің логистикалық қызметін бағалау бағытында көптеген шетелдік және отандық ізденушілердің зерттеулері логистикалық тәсілдерді пайдаланып автокөлік кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың маңыздылығы мен өзектілігін көрсетті. Мақаланың мақсаты - автомобильмен жүк тасымалдаудың тиімділігін бағалау көрсеткіштерін талдау және тасымалдау өзіндік құнына жылдамдықтың әсер ету деңгейін анықтау. Мақсатқа жету үшін, автомобиль көлігімен тасымалдаудың тиімділігін бағалау мәселесіне арналған ғалымдардың еңбектері талданды. Жылдамдықтың тасымалдау өзіндік құнына әсерін профессор Д. Тестің анықтаған алгоритмімен, MS Excel бағдарламасы көмегімен анықталды.
100-110 268
Аннотация
Зерттеудің мақсаты - Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібінің үлгісі негізінде өндірістік-логистикалық кластер моделін құру. Зерттеудің әдіснамасы статистикалық талдауды, зерттелген көрсеткіштерді жүйелендіруге, деректерді топтауға, қорытуға, логикалық тұжырымдар жасауға негізделген. Экономикалық және географиялық зерттеулер әдістерін қолдану кластерді орналастыру үшін нұсқа ұсынуға мүмкіндік берді. Елдің тоқыма өнеркәсібінің жай-күйін зерттеу нәтижесінде мақта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтары толығымен жүктелмеген, шикізатты мақта өндірушіден бастап, соңғы тоқыма өнімдерін сатумен аяқталатын тиімді тауарлық айналым жүйесі жоқтығы анықталды. Жұмыстың құндылығы - отандық нарықтың тоқыма саласындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін елдің оңтүстігінде өндірістік және логистикалық кластер құру жөніндегі ұсыныстар болып табылады.

ЗЕЛЕНАЯ ЭКОНОМИКА 

111-119 422
Аннотация
Аталған мақалада Қазақстандағы қалдықтарды жою мен қайта өңдеу мәселелері қарастырылған. Урбанизацияның динамикалық үдерісі, халық санының өсімі, тауарлар мен қызметтерді тұтынудың артуы қарама-қайшы әлеуметтік-экономикалық салдарға ие. Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық және экологиялық жүйенің бөлігі болғандықтан, барлық маңызды экологиялық көрсеткіштер бойынша табиғи ресурстар мен қоршаған орта жағдайының нашарлауы мәселесімен бетпе-бет келді: атмосфераға зиянды заттардың бөлінуі, қалдықтарды төгу бойынша ашық полигондар, топырақтың органикалық емес қатты қалдықтармен ластануы және т.б. Авторлар қазіргі жағдайда сұрақты «Қанша қалды шығарылды?-деп емес, оның қандай көлемі қайта өңдеуге және қандай көлемі көмуге кетті?» деп қою керектігін атап көрсетеді. Қалдықтарды жою мен жасылдандырудағы заманауи келістер 3R жүйесіне негізделеді: Reduce - қысқарту; Reuse - қайта пайдалану; Recycle - қайта өңдеу. Авторлармен Қазақстандағы қалдықтарды жою жағдайына экономикалық талдау жасалды, екінші ретті шикізат пен қайта өңдеу нарығына тән негізгі мәселелер анықталды. Қалдықтарды жою мен қайта өңдеу мәселелерін шешу әдістерінің ішінде келесілер ұсынылады: шығарылған және нарықта сатылған өнімді пайдаланудан кейінгі қалдықты жою мен қайта өңдеуге өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігін (ӨКЖ) енгізу. Тұрғындар үшін қалдықты бөліп жинау жүйесінің мақсаты мен міндеттері туралы білім беру жобаларын, мемлекеттік қаржыландыру механизмін, қалдықтарды жою мен қайта өңдеу бойынша арнайы кәсіпорындар үшін заңнамалық қолдауды, қалдықтарды пайдаланумен жасалған өнімдерге сұранысты ынталандыруға мүмкіндік беретін «жасыл» сатып алулар механизмін және т.б. әзірлеу және енгізу.

ТРИБУНА МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ 

140-147 340
Аннотация
Мақала Қазақстанның жаңғыруының басым бағыты ретінде креативті индустриялардың әлеуетін бағалауға арналған. Қойылған мақсатқа жету үшін статистикалық, индуктивті және дедуктивті талдау әдістері қолданылды. Мақалада жасалған талдау негізіне Д.Тросбидің концентрациялық шеңберлер моделі қолданылды.Мақаланың мақсатына жету үшін алдымен креативті индустриялардың әлемдік нарығы қарастырылды, одан соң бұл индустриялардың Қазақстандағы дамуы талданды, және Қазақстандық креативті және мәденииндустриялардықолдаубағдарламалары қарастырылды.Жасалған талдаулар нәтижесінде Қазақстандағы креативті индустриялардың дамуы тұрақты, оң сипатта екендігі анықталды.


Creative Commons License
Контент доступен под лицензией Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)