Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2018)

ВОПРОСЫ ГЛОБАЛИЗАЦИИ И ИНТЕГРАЦИИ 

6-15 295
Аннотация
Бұл зерттеудің мақсаты «Жібек жолы» Экономикалық белбеуін құрудың қолданыстағы институционалдық ортасына талдау жасау болып табылады. Жұмыста экономикалық белбеудің басты даму факторлары, нормативтік-құқықтық және мәдени-тарихи базалары қарастырылған. Жұмыста абстрактіден нақтыға дейінгі анализ және синтез, жалпылау, дәріптеу, тарихи және логикалық әдістер қолданылған. Белбеуді дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары, қатысушылардың мақсаттары мен мүдделері айқындалып, Экономикалық белбеуді дамытуға арналған тиімді өзара іс-қимыл нұсқалары келтірілген. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының негізгі бағыттары анықталған.
16-30 299
Аннотация
Мақалада ЕАЭО елдеріндегі экономикалық өсу, халықтың өмір сүру деңгейі мен қоршаған ортаға тигізетін ықпалы арасындағы өзара байланысына жүргізілген компаративтік талдау нәтижелері баяндалған. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия деректері, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің мемлекеттік статистика мәліметтері алынды. Мақалада экономикалық өсудің тек өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, оның салыстырмалы төмендеуіне және қоршаған ортаға жүктелетін жүктеменің артуына алып келетіні туралы тұжырым жасалады. Жүргізілген талдау нәтижесінде авторлар ЕАЭО барлық елдері экономикалық өсу қарқыны динамикасы, өмір сүру деңгейі, қоршаған ортаға тигізетін ықпалы мен экология саласындағы зерттеулерді қаржыландыру көлемі арасындағы арақатынасты сипаттайтын үш топқа біріктіріледі. бұл өз кезегінде бірқатар елдердің үкіметтеріне экономиканың өнеркәсіп секторының инновациялық белсенділігін белсендіру туралы ұсыныс жасауға мүмкіндік берді.
31-42 479
Аннотация
Бұл мақала ұлттық экономикалардың қаржылық тұрақтылығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Тұрақты қаржы жүйесін құру, экономикадағы дағдарысқа әсер етуі мүмкін ортақ бағыттарды анықтау қарастарылған, тұрақтылық пен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін макроэкономикалық көрсеткіштерді кеңейту туралы талқыланған.Интеграция және жаһандану жағдайында халықаралық экономикалық одақтар мен ұйымдарға қосылу, олардың мүшесі болу экономикалық процестерді тиімді басқару және реттеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндігін арттыра отырып, сонымен қатар ықтимал қатерлерді тудыруы мүмкін.Экономиканың қазіргі заманғы моделі қаржы нарығы мен саяси үрдістерге байланысты, ал мақсаты - модель элементтерінің жұмыс істеу ережелері мен механизмдерін өзгерту. Өсу әлеуетін арттыру үшін құрылымдық реформаларды жүргізу қажет. Дамыған және дамушы елдердің экономикасын қалпына келтіруге қабілетті тұтас механизм болуы керек.

НАУКОЕМКАЯ ЭКОНОМИКА 

43-55 330
Аннотация
Мақаланың мақсаты - «инновацияның үштік спиралі» тұжырымдамасын қарастыру, Қазақстанның инновациялық тәжірибесіндегі«инновацияның үштік спиралі» моделін іске асыру жағдайларын анықтау және қалыптастыру алғышарттарын зерттеу болып табылады.Мақаланың әдіснамасы инновацияның эволюциялық көрінісі және инновациялық жүйелер, инновациялық жүйенің көп өлшемді моделі, институционалдық орта ерекшеліктерімен негізделген.Әлемдегі инновациялық жүйелердің дамуы ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы көлденең өзара әрекеттестік«үштік спираль» түрінде тең серіктестікті қалыптастыратын нығайту бағытында жүрсе, онда Қазақстанда «үштік спираль» моделініңнегізгі шарттары мен жорамалдары жоқ және ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы қарым-қатынастың қазіргі форматы ұлттық масштабта инновациялық жүйенің «үштік спираль» қағидатында құрылуына мүмкіндік бермейді.Қазақстандағы жергілікті инновациялық жүйелерді «үштік спираль» форматында дамыту ұсынылды, зерттеу институттары мен технопарктердің базасында жергілікті «үштік спиральды» қалыптастырудың алғышарттары және оларды даму шарттары айқындалды.

РЕГИОНАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ 

77-86 293
Аннотация
Мақалада ғылыми сыйымды экономика қалыптастырудың алғышарттары дәлелденген. Кеңістіктік дамуды зерттеуде ғылыми саланы оқшауландыру мәселесі жаңа теориялық көзқарас болып саналады. Өйткені осы зерттеу бағытында аймақтық экономиканы жаңғырту мәселелері шешіледі. Осы себепті мақалада жаңа сапалы аймақтық саясаттың қалыптасу қажеттілігі дәлелденген және оқшауландыру факторлары қарастырылған.
87-98 284
Аннотация
Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі жұмысының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін даму бағытының бірі - оны қайта құрылымдау. Қайта құрылымдау арқасында өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымында өңдеу өнеркәсібінің және қосымша құнның жоғары үлесімен шығарылатын тауарлық өнімдерді шығарудың үлесі артуы мүмкін.Дамудың бұл бағыты көмірсутек ресурстарын пайдаланудағы теңгеріміне әкеліп, өз кезегінде ол мұнай өңдеу және мұнай-химия кешендерінің бастапқы шикізаттарының нақты қажеттіліктері мен экспорттық жеткізілімдер көлемін анықтауға көмектеседі.Көмірсутегі шикізатының сапалық параметрлерін ескере отырып, оны өндіру, экспорттау мен өңдеу көлемінің теңгерілімі мәселемін шешу қайта өңдеуші кешеннің үлесін арттырып, өнеркәсіптік өндіріс құрылымын өзгертуде үлкен рөл атқарады.
99-109 334
Аннотация
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, ең көп таралған ғылыми сыйымды аумақтық құрылымдардың санатын: кластерлер, технополистер, технопарктер, технологиялық бағыттағы инновациялық бизнес-инкубаторлар толықтырады.Ғылыми сыйымды аумақтық құрылымдарды қалыптастыру ұзақ, күрделі, қарама-қайшы және әрдайым табысты бола бермейтін үрдіс екені анықталды. Оған әлемдік және отандық тәжірибе дәлел.Институционалдық әдістерін басқарудың нақты мазмұны ғылыми сыйымды аумақтық құрылымдардың ұйымдық-құқықтық мәртебесіне, оның ғылыми-ұйымдастырушылық және өндірістік құрылымына, сондай-ақ құруды бастаушы және ғылыми сыйымды аумақтық құрылымдарды қаржыландыру көзіне (мемлекеттік немесе жеке ұйымдар) осы үрдіс ықпалын тигізеді;Тұрақты дамып келе жатқан аймақтар үшін, «өсу локомотивтері» атауын алуына американдық және қытайлық технопарк үлгілері анағұрлым қолдануға тиімді болады.Американдық үлгінің негізгі мақсаты-экономиканың жоғары технологиялық салаларында стартаптарды өсіру болса, ал қытайда - шетел инвестицияларын тарту және жоғары-технологиялық салаларды ынталандыруды дамыту болып табылады.Табиғи ресурстарға бай және тоқырау алдындағы аймақтар үшін жапон технопарк үлгілері ең қолайлы болып табылады, бұл технопарктің негізгі мақсаты - аумақтарды дамытуда экономикалық деңгейін теңестіру және өнеркәсіптік әлеуетін арттыру. Тікелей мемлекеттік қаржыландыру мен технопарк қызметін басқару осы үлгіге тән.

РЫНОК ТРУДА 

119-125 378
Аннотация
Мақалада ұлттық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін негізгі факторлар қарастырылып, жүйеленген. Жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің сапалық көрсеткіштеріне ерекше назар аударылады. Кадрларды даярлау сапасын жақсартуға ықпал ететін негізгі проблемалар анықталды.

ЭКОНОМИКА ТУРИЗМА 

136-143 277
Аннотация
Бұл мақала жалпы алғанда әртараптандыру және туризм саласын әртараптандыру мәселелеріне арналған. Туризмнің қарқынды дамуы және туристер санының артуы сияқты, бұл саланы әртараптандыру қажет. Әртараптандыру компанияларға өнімдер мен қызметтердің кең спектрін шығару арқылы күрделі экономикалық жағдайларда тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді, ал шығынды өнімдерден шығындар тауарлар мен қызметтердің басқа түрлерін сатудан түскен пайдаға байланысты жабылуы мүмкін.Әртараптандыру үрдісі, ең алдымен, жаңа технологияларға ғана емес, сондай-ақ бұрынғыдай компаниялармен байланыс орнатпаған нарықтарға және салаларға да байланысты болды; Бұған қоса, жаңа қаржылық инвестициялардың арқасында өндірілетін өнімдер немесе қызметтер де жаңа және жақсырақ бірегей болуы керек.Сондай-ақ, мақалада туристік өнімді әртараптандыруға баса назар аударылады. Бұдан басқа, туристік саланы цифрлық трансформациялаудың негізгі бағыттарын дамытуға қатысты мәселелер қозғалды.

ТРИБУНА МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ 



Creative Commons License
Контент доступен под лицензией Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)