Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
Том 14, № 4 (2019)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
9-21 352
Аннотация
Зерттеудің мақсаты кеңейтілген ұдайы өндіріс және жануарлардың жоғары генетикалық мәртебесін сақтау әдісімен етті мал табындарын құруға инвестицияларды пайдаланудың оңтайлы шешімдерін табу болып табылады.Ғылыми және статистикалық материалдарды өңдеу бенчмаркинг элементтерді қолдану арқылы салыстырмалы талдау әдісімен жүзеге асырылды. Жоспарланған көрсеткіштерді есептеу кезінде нормативті, есептеу-аналитикалық және оңтайландыру әдістері қолданылды.Мақалада етті ірі қара шаруашылығын дамытуға арналған қолданыстағы бағдарламалардың нәтижелері келтірілген. Етті ірі қара мал табынының қалыптасуы үшін есептелген көрсеткіштер және сатылымның мүмкін көлемін ескере отырып, несиелік қарызды төлеу кестесі келтірілген. Несиені өтеудің қолданыстағы кезеңдерімен кәсіпорындар алынған жас малдың көп бөлігін сатуға мәжбүр екендігі анықталды. Бұл табынның ұлғайтылған ұдайы өндірісінің мүмкіндіктерін шектейді, ал табынға мал басын толықтыру үшін енгізілген мал санының көптігі малдың генетикалық мәртебесінің төмендеуіне әкеледі.Сату көлемі мен мерзімдерін ескере отырып, инвестициялық параметрлерге келетін болсақ, негізгі қарызды және несие бойынша сыйақы төлеуден 6-7 жылға дейін босату қажет.Барлық жобалық параметрлері әртүрлі етті мал табындары бар кәсіпорындарға бейімделуі мүмкін. Етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының тиімділігін арттыру үшін ұзақ мерзімді несие ресурстарын қалыптастыру қажеттілігі көрсетілген. Бұл несиелік ресурстарға деген сұранысты азайтады және шаруашылык субъектілеріне етті малдың тұқымын көбейтуге ынталандырады.
23-41 951
Аннотация
Қазақстандағы экономикалық саланың тұрақты дамуы қаржы нарығының жағдайына, оның ішінде ішкі несие нарығының дамуына байланысты. Дамыған несие нарығы өндірістің өсуіне негіз болады, сауда көлемін арттырады, өнеркәсіптік кәсіпорындарды инновациялық және технологиялық жаңғыртудың түрлі стратегиялық бағдарламаларын іске асырудың тетігі болып табылады.Бұл жұмыста Қазақстан Республикасының банк құрылымдарының кірістілік көрсеткіштеріне әсер ететін факторларға корреляциялық талдау жүргізілді, бұл бізге 2019-2023 жылдарға Қазақстандағы несие нарығының кейбір параметрлерін болжау үшін бірнеше регрессиялық модель құруға әрекеттенуге мүмкіндік берді: банктердің тұтынушылық несиелерінің көлемі, шағын бизнеске берілген несиелер саны, банктердегі салымдар көрсеткіштері, елдің банк секторының кірістілігі.Қазақстан Республикасының несие нарығын одан әрі дамытудың кейбір параметрлеріне қатысты корреляциялық және регрессиялық зерттеу әдістерін қолдану ұлттық экономиканы үдемелі дамытудың қаржылық негізі ретінде несиелік нарықты одан әрі дамытудың болжамды мәндерін құруға мүмкіндік берді.
43-52 548
Аннотация
Бұл зерттеудің мақсаты - индустриалды саясат және оның жергілікті компаниялардың бәсекеге кабілеттілігін арттыру мүмкіндігі, фирманың қызмет нәтижелеріне және осы саясаттың нәтижесіне әсер ететін факторларды іріктеуге арналған түрлі жұмыстарды талдау болып табылады. Бұл мақала осы саладағы өткен және жаңа жұмыстарды талдай отырып, теорияға өз үлесін қосады. Осы тақырып бойынша жасалған әдеби шолулар мен түрлі зерттеулердің синтезі көп жақты нәтиже береді. Егер зерттеудің кейбір бағыттарында тұжырымдамалар мен жалпы қабылданған теориялардың жалпы даму тенденциясы байқалады, ал индустриалды саясатты жүзеге асырудағы индустриалды ұйымдар теориясы экономистер арасында белгісіздік пен маңызды пікірталас туғызуда. Индустриалды саясатты жүзеге асыру, сайып келгенде «үлкен серпіліс» тұжырымдамасы мен басқа да тұжырымдамалар бойынша қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігі себебіне байланысты нәтиже бермеуі мүмкін. Кейбір зерттеушілер экономиканың нақты салаларын қолдау арқылы саясатты іске асыруға тік көзқарас дұрыс деп санайды, ал басқа экономистер түрлі саладағы өзара тәуелді және өзара байланысы бар өндіруші конгломераттарды қолдау түріндегі кластерлік тәсілді ұсынады. Дегенмен кез келген индустриалды саясаттың негізгі мақсаты жергілікті компаниялардың бәсекеге кабілеттілігін жоғарылату болып табылады деген ортақ пікір бар. Бұл зерттеу бәсекелік артьщшыльщ симптомы деп аталатын- экспорттық хиттің пайда болуы.
53-66 525
Аннотация
Жұмыстың мақсаты аумақтың адами капиталының даму деңгейі, инновациялық қызмет және білім ағыны мен өңірлік экономикалық өсу арасындағы өзара байланысты анықтау болып табыладыӘдіснама негізін ҒЗТКЖ мен технологиялық инновациялар ағыңдарыньщ өңірлердің экономикалық өсуіне тигізетін әсерін сандық бағалау құрайды. Инновациялық қызмет, білім ағыны мен аймақтық экономикалык өсу арасындағы байланыстарды модельдеудің негізгі әдісі ретінде кеңістіктік эконометрика кұралдары пайдаланылды. Мерзімдік қатарларды іріктеу панельдік талдауды пайдалана отырып жүзеге асырылды, аймақтардың жеке ерекшеліктеріне тән модельдегі айнымалылармен корреляцияланған ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік берді.Экономика дамуының тиімділігін және оның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын білімді кұру және жинақтау процестері көп жағдайда елде жинақталған және іске асырылған адами капиталмен, сондай- ақ білім беретін аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен айқындалады. Осы ережені негізге ала отырып, Қазақстан аймақтардың адами капиталының ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік сүзгі көрсеткіші есептелген. Бұл көрсеткішті пайдалану білім ағымына ықпал ететін инновациялық дамудың негізгі факторларын анықтауға мүмкіндік берді. Қазақстанда 1990-2018 жылдар кезеңінде инновациялық қызмет бойынша статистикалык деректер негізінде ҒЗТКЖ, инновациялык кызмет және аймактык экономикалык өсу арасындағы өзара байланысты бағалау жүзеге асырылды. Жүргізілген есептеулер ұсынылған модельдерге сәйкес технологиялык инновацияларға шығындардың өңірлердің экономикалык өсу каркынына оң әсері туралы гипотезаны растады. Тиісінше ҒЗТКЖ-ны басқа аумақтар қарыз алуы және ендіруі, сондай-ак өндірістік тізбек бойынша басқа өңірлерге таратуы мүмкін деген қорытынды жасалды.
67-79 583
Аннотация
Зерттеудің мақсаты қаржылық тұрақтылықтың үшөлшемді көрсеткішін зерттеу және бағалау, сонымен қатар нарық бағасының тиімді өсуіне және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға арналған ұсыныстар жасауға бағытталған. Авиакомпанияның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін «қаржылық тұрақтылық» экономикалык категориясына түсініктеме беріп, сонымен катар каржылык жағдайы мен зерттеу әдістерін осы мақалада толықтай карастыру. Кәсіпорынның каржылык тұрақтылығы компанияның стратегиялық дамуы мен каржылык тұрактылықтың негізі болып табылады.Зерттеудің әдіснамасы - каржылык талдау, экономикалык-статистикалык әдісі, каржылык тұрақтылықтың моделдері мен нысандары, синтез және талдау, салыстыру әдістері. Зерттеудің кұндылығы«қаржылық тұрактылык» экономикалык категориясына түсініктеме беріп, авиакомпаниялардың тұрактылык жағдайын үшөлшемді индекс аркылы аныктап, бағалау және каржылык тұрактылыктың нысандарымен танысу.Зерттеудің нәтижелері - «Эйр Астана» авиакомпаниясының каржылык есебінің нәтижесінде каржылык тұрактылыктың нышаны аныңталды және үшөлшемді индекс жасалынды, каржылык тұрактылыкты нығайтуына ұсыныстар жасалынып, компанияның бәсекеге кабілеттілігін арттыру аркылы компания жұмысының тиімділігін көтеру.
81-92 362
Аннотация
Бұл мақалада жоғары білім беру жүйесіндегі мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің шетелдік тәжірибесі қарастырылады, эндаумент-қорлардың жоғары білім беруді қаржыландыру тетігі ретіндегі маңыздылығы сипатталады. Әлемдік тәжірибеде эндаумент-қорлардың қызметі көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартумен қатар білім беруді мемлекеттік қаржыландыру үлесінің едәуір қысқару мүмкіндігін көрсетеді. Жоғарыда айтылғандар мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара тиімді ынтымақтастығын орнатуға, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін жетілдіруге ықпал ететін, сайып келгенде, мемлекет пен бизнестің әлеуметтік-экономикалық дамуына сәтті ықпал ететін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік нысандарын дамыту мен іске асыруды қажет етеді.
93-103 373
Аннотация
Сүт пен сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мәселесі нарықтағы бәсекелестікті арттыру мен отандық тауар өндірушілердің сүт және сүт өнімдерін дамыту үшін маңызды.Сол себептен, сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін тиісті дәрежеде арттыру қажет.Мақалада еліміздегі сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға және оның экспортын жылжытуға ықпал ететін негізгі факторлардың әсерін зерттеу қарастырылды. Сонымен қатар елімізде сүт қабылдау пункттерін ашу қажет, ал оның логистикасын қамтамасыз ету барсында сүт тасымалдаушыларды сатып алу көзделеді.Зерттеу барысында зерттеудің сандық әдістері қолданылды, яғни статистикалық мәліметтер негізінде, экономикалық-математикалық модеульдеу әдісінің көмегімен математикалық модельдер құрылды.Мақалада сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экспортты жылжыту барысында ең бірінші оның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін негізгі факторларды анықтап, зерттеулер жүргізу қажет екендігін көрсетеді. Бұл мәселе, әсіресе азық-түлік нарығындағы ауылшаруашылық кешенінде, оның ішінде сүт өңдеу кәсіпорындары үшін өте маңызды. Себебі, ауылшаруашылығы халықтың өмір сүруі үшін қажетті азық-түлік түрлерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы болып табылады.Мақалада еліміздегі сүт өндірісінің бәсекеге қабілеттілігіне және оның экспорының жылжуына ықпал ететін факторлар анықталып, талданады.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)