Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2018)

ИТОГИ 2018 ГОДА 

6-14 273
Аннотация
Жұмыста ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының 2018 жылғы ғылыми-ұйымдастырушылық қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелері қарастырылған. Материалда Институттың гранттық зерттеулер мен бағдарламалы-нысаналы зерттеулер жобаларын орындау тақырыптары көрсетілеген. 2018 жылғы жүргізілген зерттеулердің негізгі нәтижелері мынадай бағыттарды қамтыды: ғылыми сыйымды экономиканы өлшеу теориясын, тұжырымдамасын, әдіснамасын әзірлеу, талдау және бағалау; Қазақстанда ғылымның цифрлық дайындығын талдау, ақпараттық жүйе сәулетін әзірлеу; ел және аймақ деңгейінде зияткерлік әлеует пен кәсіби бейнені бағалау әдістемесін әзірлеу; шекара маңы аудандар экономикасының депрессиялылық белгілері мен ерекшеліктерін, теориялық ережелерін негіздеу; ұлттық кадрлардың бәсекеге қабілеттігін арттырудың жаңа саясатының тұжырымдамалық негіздерін әзірлеу; металлургия кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын оны стратегиялық басқарудың теориялық негіздерін негіздеу.

НАУКОЕМКАЯ ЭКОНОМИКА И ЦИФРОВИЗАЦИЯ 

15-23 293
Аннотация
Бұл мақала білім беру, ғылым және өндіріс сияқты жүйе элементтерінің жалпы сипаттамасын беруге арналған. Мақала соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасындағы ғылымның жағдайы мен даму көрсеткіштерінің статистикалық деректерін ұсынады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруда шетелдік елдердің тәжірибесін, сондай-ақ Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін зерттейді. Зерттеудің нәтижелері білім беру, ғылым және өндірістің өзара әрекеттесуін қолдау, өңдеу өнеркәсібінің деңгейін көтеру және кәсіпкерлік экожүйені дамыту үшін тиімді бағдарламалар мен тетіктерді құру қажеттілігін көрсетеді.
24-30 488
Аннотация
Бұл ғылыми жұмыста қоғамдық ұйымдар қызметінің жасыл тұрақты өсімге ықпал етуіне талдау жүргізіліп, сондай-ақ, соңғы DubaiElectr icityand Water Authority (DEWA) инновациялары зерттеледі. Мақала авторлары DEWA-ның тұрақты өсу бойынша міндеттің маңыздылығына назар аудара отырып, өзінің қоғамдық және пайдалы рөлін кеңейткенін сипаттайды және тұрақты қоғам мен коммуналдық ЭКО-кеңістікте жаңа халықаралық стандарттарды ендіруге мүмкіндік беретін үздік әлемдік тәжірибелерге салыстырмалы талдау жасау арқылы қолданыстағы тәжірибені саралаған. Соңғы жылдары DEWA Дубай әмірлігін жасыл орбитаға кіргізу үшін тұрақтылық, сапа және жетілдіру саласындағы бірқатар бастамаларды іске асырды. Біздің зерттеу өніміміз DEWA-ның тұрақты даму саласындағы міндеті мен көзқарасын, оның қалай басқалардың нысандарын саралап, тұрақты даму саласындағы екі бастаманың мүдделі тараптарға ықпалын өлшейтінін айқындайды.
31-37 345
Аннотация
Ғылыми зерттеулердің ақпараттық цифрлық инфрақұрылымын зерттеу мақсатында әлеуметтік зерттеулердің заманауи модельдеріне талдау жүргізілді. Зерттеу барысында әлеуметтік зерттеулердің цифрлық инфрақұрылымының бес моделі анықталды. Әлеуметтік зерттеулердің құрамындағы әрбір модель унифициялық тұжырымдамалар, аксиомалар мен қатынастардан құралады. Аталынған модельдердің біреуін таңдау әртүрлі факторлармен анықталады. Зерттеу барысында алынған нәтижелер әлеуметтік зерттеулердің цифрлық инфрақұрылымның ұлттық моделін дамытудың басым бағыттарын анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін.
38-50 372
Аннотация
Мақалада цифрлық платформаларды қалыптастыру мен дамытудың әлемдік тәжірибесі қарастырылады. Талдау негізінде цифрлық платформалық экономиканың артықшылықтары мен әртүрлі цифрлық қызметтер көрсету негізінде жұмыс істейтін бірқатар қолданыстағы цифрлық алаңдар атап көрсетілді.

РЕГИОНАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ 

51-58 569
Аннотация
Мақала қазіргі заманғы мемлекеттердің аймақтық саясатына сыртқы және ішкі факторлардың әсерін арттыру үрдістерін талдайды. Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқарудың негізгі аспектілері мен басымдықтары анықталды. Қазіргі кезеңде оларды көп деңгейлі негізде құру қажет, аймақтық деңгейде мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың басым бағыттары ұсынылады.
59-67 913
Аннотация
Мақалада «қалалық агломерация» ұғымының қалыптасу тарихы мен анықтау тәсілдемелері қарастырылған және оның мазмұны бойынша авторлық түсініктеме ұсынылған. Агломерацияларды ел экономикасының өсу нүктелері ретінде қалыптастыру мен дамытумен қоса, олардың даму деңгейі мен мамандануына қарай тиімді орналастыру қажеттілігі негізделген. Ел аймақтарының аумақтық әртектілігін төмендету мен оңтайлы кеңістіктік таралу факторы ретіндегі алматылық және астаналық агломерациялардың қалыптасу рөлі көрсетілген.Авторлар қалалық агломерацияларды қалыптастырудың оң тұстарын атап өткен, сондай-ақ, агломерациялық дамудың келесідей теріс салдары да көрсетілген: ауылшаруашылық алқаптары мен орман алабының қысқаруы, аймақтардың экономикалық теңсіздігі, экологиялық ахуал және т.б.
68-74 256
Аннотация
Қазақстанда мемлекеттік-жеке серіктестіктің маманданған институттарының бірі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың құрылу және қызмет атқару ерекшеліктері қарастырылған. Пайымдас ұйымдардың шетелдік құрылу тәжірибесін қарастыру негізінде олардың қызмет атқару артықшылықтары мен мәселелері айқындалған. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қазақстандық үлгісі ком- мерциялық емес корпорация түрінде құрылғанымен, пайда табу мақсаттарын көздеп, түскен табысты өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестициялау міндеттерін шешуге бағытталған. Өңірлік даму институттары дамуының әлемдік тәжірибесін жалпылау негізінде, Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамушы елдерге тиісті соңғы даму үлгісінде бизнес-серіктестік формасында құрылуы анықталған. Бұл ерекшелік, бір жағынан, біздің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға алдыңғы қатарлы тетіктерді қолдануға мүмкіндік берсе, басқа жағынан, эволюциялық емес түрде жедел соңғы сатыға көшу олардың оперативті функционалы үшін белгілі бір шектеу болып табылады.
75-83 297
Аннотация
Бұл мақаладағы зерттеудің мақсаты - ауыл туризм саласында қазақстандық шағын бизнес өкілдерінің өзара әрекеттесуінің аймақтық желісін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. «2019-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі туризмін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» жобасына сараптама жүргізіліп, жобаның мазмұны бойынша жаңа ұсыныстарға негіздеме берілді. Ауыл туризмін дамытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылды. Қазақстанның тур-операторлары басшыларының және ауылтуризмі саласындағы шағын кәсіпкерлік өкілдерінің сауалнамалары қаралды. Ауыл туризмі саласындағы қазақстандық шағын бизнес өкілдерінің аймақтық желідегі өзара іс-қимылын дамытудың негізгі бағыттары негізделген.

РЫНОК ТРУДА 

84-93 295
Аннотация
Мақалада «ұлттық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі» тұжырымдамасын және оның еңбек нарығындағы сапасын анықтауға арналған түрлі тәсілдер зерттелді; персоналдың бәсекеге қабілеттілігінің иерархиясы атап өтілді: жаһандық деңгей, ұлттық деңгей, корпоративтік және жеке деңгей; персоналдың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар жүйелендіріді; бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастыру матрицасы ұсынылған.
94-100 336
Аннотация
Мақала ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарын қалыптастыруда еңбек көші-қонының неғұрлым маңыздылығына назар аударады. Еңбекте гравитацияның жалпы заңдарының әрекетіне сүйене отырып, Қазақстандағы ресми еңбек көші-қонын дамыту тұрғысынан олардың көрініс табуының практикалық мысалы келтіріледі. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде еңбек мигранттарын әлеуметтік сақтандырудың бірыңғай халықаралық жүйесін құру қажеттілігі негізделеді. Оны құрудың негізгі себебі оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ олардың бейресми жұмыспен қамтылуын заңдастыруды ынталандыру болуы тиіс.
101-109 299
Аннотация
Зерттеудің мақсаты - жалақы деңгейіне әсер ететін факторларды анықтауға көмектесетін эмпирикалық талдау принциптерін таңдамалы түрде қарастыру; гендерлік аспектіні және аумақтық жағдайды ескере отырып, жалақыны төлеуде айырмашылықтарды бағалау. Әдіснамасы-факторлық белгілер ретінде жалған айнымалылар қолданылатын жалақы моделін қалыптастырудың корреляция-регрессиялық талдауы. Жаңалығы-жалақы деңгейін тек ұлттық деңгейде ғана емес, сондай-ақ білім беру мен кәсіби тәжірибенің әсерін бағалау арқылы аймақтық және салалық деңгейлерге әсер ететін факторларды талдау жұмысы жүргізілді. Нәтижелері - Қазақстандағы білім берудің қайтарымдылығы 8,9% екені анықталды. Дегенмен, бұл көрсеткіш ерлер мен әйелдер тұлғалары үшін бірдей емес, сондай-ақ экономика салалары мен тұрғылықты аймақтарға қатысты өзгеріп отырады. Қорытынды - ұсынылған модельдер Қазақстан Республикасында жалақы қалыптастыру факторларының жалпы көрінісін алуға және отандық еңбек нарығына тән үрдістерді сипаттауға мүмкіндік береді.

ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ И ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО 

110-117 262
Аннотация
Ғылыми жұмыста денсаулық сақтау саласындағы инновациялардың мәні мен маңызы, осы саладағы инновацияларды басқару жүйесін жетілдіру жолдары қарастырылған. Сондай-ақ, авторлар денсаулық сақтау саласындағы инновациялық қызметті басқарудың тиімділігін бағалау әдістерін ұсынған.Зерттеу барысында отандық денсаулық сақтау саласы экономикалық және әлеуметтік дамудың драйверлері ретінде бағаланып, бұл салада инновациялардың үлесі жоғары екендігі анықталған. Авторлар отандық денсаулық сақтау жүйесіне мемлекет тарапынан белсенді түрде қолдау көрсетілетіндіктен, мұнда яғни денсаулық сақтау саласындағы мекемелерде инновацияларға бөлінетін қаржы көлемі жоғары екенін айқындаған. Ал бұл өз кезегінде саладағы инновацияларды басқарудың өзектілігін күшейтеді. Сондықтан зерттеудің авторлары таңдалған саладағы кемшіліктерді анықтап, мұндағы инновацияларды басқарудың тиімділігін бағалау әдістерін ұсынып, осы тиімділікті арттыруға мүмкіндік беретін денсаулық сақтау саласындағы инновацияларды басқарудың жаңа жүйесін ұсынған.
118-123 309
Аннотация
Мақалада авторлар Индустрия 4.0 көшу мүддесінде цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияларды дамыту элементтерін біріктіретін инновациялық алаңдар қалыптастыруды ұсынаған. Қазақстандағы «хайвей» технологияларының жаһандық трендтерін дамыту үрдісін жеделдетуге мүмкіндік беретін стратегиялық құзыреттерінің төрт түрі мен «Индустрия 4.0» әлеуетін іске асыру тетіктері ұсынылды.
124-133 476
Аннотация
Қазіргі уақытта Қазақстан өндірістің әртүрлі салаларында және қоғамды басқару сфераларында жаңа идеяларды, ғылыми білімді, технологияларды және өнімдердің түрлерін енгізу негізінде инновациялық қызметті дамытуға ұмтылуда. Шетелдік тәжіребе көрсетендей, мұндай қызметті салықтық ынталандыру олардың деңгейін барынша арттырады. Алайда, компанияны инновациялық қызметті қолдау үшін арнайы инвестицияларды енгізу бойынша салықтық ынталандырудың болмауы елдегі инновациялық даму деңгейін төмендетеді.Салықтық ынталандыру шараларын таңдау мемлекет қолдайтын экономикалық қызметтің стратегиялық сенімділігіне байланысты. Осыған байланысты, мақалада Жапонияның жағдайы және осы елде қолданылатын салық жеңілдіктері, қазақстандық салық саясатына мысал ретінде қарастырылады.Сондай-ақ, мақалада Қазақстанның инновациялық қызметінің статистикалық деректері, олардың проблемалары және пайда болу себептері келтірілген.
134-141 465
Аннотация
Мақалада экономика мен қоғамның жаһандық трансформациясындағы инновациялық кәсіпкерліктің рөлі талқыланды. Нарықтық және инновациялық кәсіпкерліктерге салыстыру жүргізіріп, инновациялық қызмет пен ғылым-өндіріс-қоғам қарым-қатынастарының негізгі реттеушісі болып табылатын мемлекеттің рөлі бағаланады. Отандық кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігі шетелдік әріптестерімен салыс- тырғанда өте төмен. Мақалада аймақтық бизнестің негізгі даму тенденциялар қарастырылып, кәсіпкерлік құрылымдардың инновациялық белсенділігін тежейтін себептер айқындалды.Инновациялық кәсіпкерлік тек басқарушылық шешімдер деңгейінде ғана емес, сондай-ақ ғылыми салада белсенді түрде дамып келе жатқан сала болып табылады. Мақалада экономиканың құрылымдық проблемалары тұрғысынан инновацияның негізгі компоненттері ашылып, отандық экономикадағы инновацияларды дамытудың негізгі жолдары қарастырылады.

ТРИБУНА МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ 

142-151 246
Аннотация
Мақала ЕЭА қалыптастыруға, оларды жіктеуге және олардың жұмыс істеу қажеттілігінің критерийлеріне арналған. Өз ізашарларының ұзақ даму жолын өзіне алған заманауи ЕЭА жаңа экспорттық-өндірістік мазмұнмен және іскерлік тәжірибемен толтырылды. Олардың құрылуы мен қалыптасуы ырықтандыруға және белсенді сыртқы экономикалық қызметке бағытталған. Мұндай аймақтардың экономикасы әлемдік нарыққа ашықтықтың жоғары дәрежесіне ие, ал кедендік және салықтық режимдер ұлттық және шетелдік инвестициялар үшін қолайлы. Халықаралық корпорациялар өзінің коммерциялық қызметі үшін қолайлы жағдайлар іздеуде ЕЭА-ны тиімді экономикалық құрылым- дар ретінде қарастырады және өз қызметінің маңызды бағыттарын олармен байланыстырады. Проблеманы зерттеудің өзектілігі Қазақстандағы осы үдерістің үдемелі даму динамикасымен байланысты. ЕЭА-ны пайдалану қосылған құны жоғары ұлттық экономиканың стратегиялық маңызды салаларының жоғары технологиялық дайын өнім өндірісінің толық циклін қамтамасыз ете отырып, ұлттық экономиканы және Экспорттық-бағдарланған өндірісті дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге тиіс. Қазіргі уақытта ЕЭА ХХІ ғ. басында әлемдік экономиканың салмақты факторына айналған және жаһандық тауар айналымын жеделдететін және сыртқы сауданы ынталандыратын өзіндік “коммерциялық орталықтар” болып табылатын феноменальды құрылымдар.
152-159 807
Аннотация
Ел экономикасының дамуындағы агро-өнеркісіптін кешеннің рөліне анықтама берілді. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніне сипаттама беріліп, оның негізгі бағыттары көрсетілген және анағұрлым дамыған салалары ерекшеленген. Елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатқа талдау жүргізілген. Кешеннің салалары аясында АӨК даму көрсеткіштеріне сандық және сапалық талдау жүргізілген. Ауыл шаруашылығының, әсіресе мал және егін шаруашылықтарының дамуын талдауға ерекше назар аударылған.Шешілуі тиіс мәселелер айқындалып, АӨК ары қарай дамыту үшін әлеуеті анықталған.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ КНИГ 



Creative Commons License
Контент доступен под лицензией Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)