Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
Том 14, № 1 (2019)
9-25 501
Аннотация
Мақалада Жібек жолы Экономикалық белдеуіне жататын елдер арасындағы сауда-экономикалық, транзит-көлік-логистикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту мен тереңдету мәселелері қарастырылған. Келешекте бұл аймақтық серіктестіктердің даму деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сондай-ақ жаһанданудың ауырлық орталығының жаһандық ауқымда әлдеқайда аз аймақтық бірлестіктерге ықпалдасуға ауысуы орын алады. Жібек жолы экономикалық белдеуінің инфрақұрылымдық жобасының әлеуметтік-экономикалық әсері интеграциялық үдерістерді тереңдету және келісімге қатысушы елдер арасында тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және адам ресурстарының қозғалысы кезінде шектеулерді жою; халықаралық мамандандыруды және өндіріс, ғылым және технология кооперациясын дамыту; экономиканы және оның инновациялық механизмін бірлесе қаржыландыру; қатысушы елдердің экономикасындағы құрылымдық өзгерістер; ұлттық заңдарды, нормалар мен стандарттарды жақындату және т.б. болады. Зерттеу нәтижелері арнайы экономикалық аумақтар, шекаралық сауда-экономикалық және өнеркәсіптік аймақтар құру кезінде пайдаланылуы мүмкін. Мақала экономикалық объектілерді құру процесстеріне қазақстандық кәсіпкерлер мен инвесторлардың қатысуын белсендіру мақсатында олардың назарын аударуға, өзара тиімді серіктестікті құруға, шекаралас аймақтық аумақтарда қолайлы жағдайлар жасауға арналған.
27-40 298
Аннотация
Мақалада жалпы макроэкономиканың тепе-теңдік моделінің (кенейтілген IS-LM) экспорты-бағдарланған экономикаларда қолданылуы мен модельден туындайын ұсынастырдың мемлеттің экономикалық саясаты ушін тиімділік сондай-ақ эксперттық бағдарланған экономикалардың макроэкономиканың айнымалылары арасында өзара байланысты айырықша нысандарын анықтау болып табылады.
41-55 460
Аннотация
Мақаланың мақсаты әлемдік теория мен практикада қолданыстағы аймақтық саясат модельдерінің эволюциясын, аумақтық дамуды реттеудің құралдары мен механизмдерін зерттеу және ХХІ ғасырда Қазақстан үшін аймақтық саясатты жүзеге асыру мен қалыптастырудың ең қолайлы парадигмасын негіздеу болып табылады.Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері қолданылды: жүйелік тәсіл, логикалық талдау, салыстыру, аналогия, абстракция, теңдестіру, типология, жалпылау және нақтылау, сценарийлік үлгілеу әдістері.Шет елдерде аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі басымдықтары мен тетіктері және жарты ғасыр ішінде олардың трендтерінің өзгеруі зерттелді. Әртүрлі уақыт кезеңдерінде қолданылған аймақтық саясаттың негізгі модельдері (полярланған, іріктемелі, деңгейлестіруші іріктемелі, ынталандырушы, тежеуші), олардың жүзеге асыру сипаттамаларының, құрылымдары мен әдістерінің ерекшеліктері анықталды. ХХІ ғасырдағы жаһандық сын-тегеуріндердің ықпалымен көптеген елдердегі аймақтық саясат аймақтық үйлеспеушіліктерді теңестіруге бағытталып жатқандығы туралы тұжырым жасалды. Сонымен қатар оларды жүзеге асырудың негізгі құралдары ауысып отырады, депрессиялық аймақтарды тікелей мемлекеттік қолдауда өсімді ынталандырудың жанама әдістеріне жол беріледі.Қазақстанда біріншіден, ішкі ресурстарды пайдалануды; екіншіден, жаңа «өсу нүктелерін» қалыптастыруды; үшіншіден, инклюзивті даму принципі бойынша еліміз аумақтарының әлеуметтік-экономикалық үйлеспеушіліктерін деңгейлестірумен қамтамасыз ететін жаңа аймақтық саясат әзірлеу қажеттігі негізделді. Қазақстанның депрессиялық аудандарын ұзақ мерзімді дамытудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар берілді және оны жүзеге асырудың алгоритмі негізделді.
57-69 804
Аннотация
«Индустрия 4.0» тұжырымдамасы цифрлық технологияларды құруды және жаңа технологияларға негізделген цифрлы қоғамды дамытуды қамтиды.Қазіргі экономика үшін цифрлау және барлық жұмыс салаларындағы процестерді қарқындату өте қажет болып табылады. Цифрландыру өнеркәсiп, мемлекеттiк басқару, денсаулық сақтау, бiлiм, логистика және тағы басқа салаларды қозғайды.Цифрлық технологияларды дамыту цифрлық технологиялардың біздің өміріміздің барлық салаларына енуімен байланысты, қарқынды технологиялық өзгерістердің салдарынан цифрлық технологияларды дамыту жеделдетілді және кең танымалдылыққа ие болды, біздің өміріміз өзгерді. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялар азаматтардың мінез-құлқына, олардың ақпараттық қажеттіліктеріне және адамдар қалай жұмыс істейтініне және ақпарат алмасуына әсер етті. Цифрлық инновацияларды одан әрі дамыту, соның ішінде, мобильді қызметтер және жасанды интеллект сияқты өзгерістерді айтарлықтай жақсартады және біз бұрын күтпеген ерекше қызметтер мен әл-ауқатпен қамтамасыз етеді. Цифрландыру және жаһандану географиялық шекаралардың маңыздылығын төмендетеді, сол себепті адамдар мен қоғамдар халықаралық деңгейде байланысқа түсуге мүмкіншілік алады. Бұл мақалада цифрлық технология мен цифрлық экономиканы анықтаудың тәсілдері талданады. Авторлар зерттеушілердің пікірін талдайды және цифрлық экономиканың тұжырымдамасына жеке түсініктерін ұсынады. Басты назар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына, оның мақсаттарын, мазмұндылығын және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешудің маңыздылығына бағытталды. Мақаланың мақсаты цифрлық экономиканың қолданыстағы теорияларын және практикалық-әдістемелік тәсілдерін зерттеу және осы негізде Қазақстан Республикасындағы цифрлық экономиканың қалыптасу және даму үрдістерін негіздеу.
71-82 390
Аннотация
Мақаланың мақсаты - шетелдегі инновациялық белсенділіктің шоғырлану ерекшеліктерін қарастыру және әлемдік тәжірибенің Қазақстанда бейімделу мүмкіндіктерін көрсету. Мақаланың әдіснамасы инновациялық және технологиялық қызметтің географиялық оқшаулану артықшылықтарын анықтаудың теориялық-әдіснамалық тәсіліне негізделеді, оған сәйкес дағдылар, ноу-хау мен білімдердің қорлануы экономикалық өсуді нығайтуға, технологиялық инновациялардың өндірісі мен таралуын ынталандыруға қабілетті өзіндік қолайлы «индустриялды атмосфера» қалыптасатын кеңістіктік шектеулі тұрғыда орын алады.Шетелдік тәжірибеде түрлі жергілікті инновация типологиясының бар екендігі көрсетілген: инновациялық кластерлер, үйренуші аймақтар, аймақтық инновациялар жүйесі, жергілікті инновациялық жүйелер. Қазақстанда оларды дамыту мүмкіндіктері қарастырылған.
83-95 404
Аннотация
Мақала Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына енуі жолындағы бір бағыт болып табылатын билікті орталықсыздандыру мәселесі - жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің даму сұрақтарына арналған. Жергілікті өзін-өзі басқару - бұл халықтың билік ету формасы. Ол тұрғындардың жергілікті маңызы бар мәселелерді өз жауапкершілігіне алып, өз бетінше еркін шешуді ұйымдастыруды білдіреді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің шетелдік тәжірибесіне шолу жасалған, бүгінгі ахуалы сипатталған, негізгі басым бағыттары айқындалған.Ғылыми мақаланың мақсаты Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бағыттарын Ақтөбе облысы мысалында айқындау болып табылады. Мақаланы жазу барысында ғылыми зерттеудің талдау және салыстыру әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесі Қазақстандағы 4-деңгейдегі бюджетке көшкен мекендердің салықтық және салықтық емес түсімдерін арттыру мүмкіндіктері, ол үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің жобалық ойлау машықтары болып табылады.Зерттеу нәтижелерін қолдану саласы облыстық, аудандық және селолық әкімдіктер, кәсіпкерлік, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармалары мен бөлімдері болып табылады.Зерттеу нәтижелері «Қазақстан-2050» Стратегиясы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту арқылы демократиялық қоғамды дамытуға, «Стратегия-2025» орта мерзімді стратегиялық даму жоспарының«Мықты өңірлер және урбандалу» атты 5-реформасын табысты жүзеге асыруға, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын табысты жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл реформаның мақсаты қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ете отырып өңірлердің экономикалық өсімі есебінен жалпы ішкі өнімді арттыруға бағытталған.
97-108 515
Аннотация
Зерттеудің мақсаты - Қазақстандағы туризм саласын стратегиялық жоспарлаудың бағдарламалық- нысаналы бағдарларының асыуына жүзеге талдану жасау және Қазақстанның туристтік саласы дамуының стратегиялық негізгі бағыттарын анықтау.Жүргізілген жандау елдің үлкен ауқымы, алыс қашықтығы, ұзақ емес климаттық маусымының туристтік инфрақұрылымның дамуына көлемді инвестиция керектігін көрсетті. Туризм индустриясы департаментінің қызмет деңгейін эксперттер төмен бағалады. Стратегиялық индикаторлар және туризм дамуының көрсеткіштері туризм саласының әлеуеті мен қызметіне сәйкес келмейді. Қызмет етіп жатқан саясатқа сәйкес қазіргі уақыттағы туризм даму приоритеті тек қағаз жүзінде ғана екеніне көз жеткізуге болады.Туризм дамуының деңгейіне тікелей әсер ететін жүйелік бағыттар анықталған: 1) халықаралық туризм нарығындағы бәсекеге қабілетті туристтік дестинация; 2) туристтік дестинацияның аудандық немесе жергілікті деңгейде дамуы; 3) туристтік дестинация негізінде кластерлі желілік тәсілдің дамуы.
109-122 599
Аннотация
Қазіргі таңда, әлемде орын алған үлкен бәсекелестік және ұлттық экономиканың қауіпсіздігін қамта- масыз ету жағдайында елді жоғары сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті болып отыр. Дәл сол себепті тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық дамуы мәселесіне ерекше назар аудару қажет, себебі бүгінде инновациялар экономиканың барлық салаларында бәсекелестік тұрғысында жетістікке жетуінің маңызды драйвері болып табылады. Шетелдік бәсекелестік отандық тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына үнемі өндіріске инновациялар енгізу арқылы өнімдерді жетілдіру қажеттілігін тудырады. Жаңа өнімдерді енгізу кәсіпорындарға өзінің пайдасын сақтап қалуға, ал инновациялық дамуға құйған инвестициялар кәсіпорын шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.Мақалада авторлар инновациялардың елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі және экономиканың дамуындағы маңызын, олардың тамақ өнеркәсібіндегі негізгі рөлін айқындаған. Аграрлық сектор мен тамақ өнеркәсібі саласындағы инновация түрлері қарастырылған және олардың негізгі ерекшеліктері сараланған. Авторлар Қазақстанның тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы инновациялық қызметтің қазіргі жағдайына талдау жасаған, еліміздің тамақ өнеркәсібі бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларды қарастырған. Сонымен қатар тамақ өнеркәсібін қолдау бойынша негізгі мемлекеттік бағдарламаларға талдау жасалған. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігінің бағыттары мен олардың инновациялық дамуына ықпалын тигізетін негізгі факторлар анықталды, сала кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін арттыру бойынша шаралар кешені ұсынылды. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық дамуы үшін тиімді инфрақұрылым құруға мүмкіндік беретін инновациялық нарық қатысушыларының өзара байланыс механизмін енгізу қажеттілігі айқындалды.
123-134 569
Аннотация
Ақпараттық технологияның жедел дамуы және коммерциялық мақсаттарда Интернетті белсенді пайда- лану барысында сауда жүйесінің өзгеруі және трансформациясы орын алып отыр. Бүгінде жаңа әлемдік нарықта электрондық коммерция нарығы пайда болды. Барлық елдер осы нарықта өз орындарын алуға және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға тырысуда. Электрондық коммерция бөлшек сауданы жандандыруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, сайып келгенде бүкіл экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін драйверлердің бірі болып табылады.Мақалада бүгінгі таңда сауда қызметін жүргізудің тиімді құралы ретінде электрондық сауданың рөлі туралы заманауи түсіндірмелер қаралған. Сонымен қатар қазақстандағы электрондық сауданың орны, әлемдік нарықтағы оның даму үрдістері мен перспективалары анықталған. Зерттеу нысаны ретінде электрондық коммерцияның секторларының бірі бөлшек электрондық сауда, интернет-дүкендер қарастырылған. Қазақстанда электрондық сауда айналымы соңғы жылдары біршама артып келеді, бірақ бұл жерде көңіл аударатын бір мәселе - аймақтарды цифрландырудағы теңсіздіктердің орын алуы. Сонымен қатар Қазақстанда шетелдерден сатып алулар санының өте қарқынды өсуі байқалуда. Өз кезегінде шетелге сатулар саны өте төмен деңгейде. Мақалада нарықтың даму ерекшеліктері мен негізгі бағыттарын анықтай отырып, электрондық сауданы дамытудың өзекті мәселелері қаралды, оларды шешу жолдары ұсынылды.Авторлар зерттеуді түйіндей келе, электрондық сауда қарқынының соңғы жылдары артуына байланысты әлемдік нарықта қазақстандық электрондық сауданың келешегі мен мүмкіндіктері өте жақсы екенін атап өтті. Ол үшін электрондық сауда жүйесін ынталандырудың жаңа құралдарын енгізу, электрондық сауда қызметін қамтамасыз етуші инфрақұрылымды жетілдіру электрондық сауда қызметін дамытудағы тиімді шаралардың бірі болып табылады.
135-147 546
Аннотация
Зерттеудің мақсаты адам дамуының жаһандық рейтингінде Орталық Азия елдерінің орнын анықтау болып табылады. Әрбір ел үшін есептелген адам даму индексі дамудың қазіргі шығармашылық және деструктивті факторлары арасындағы тепе-теңдіктің тиімділігін сипаттайтын оның дамуының өзіндік көрсеткіші болып табылады.Талдау барысында экономикалық және статистикалық зерттеу әдістері, салыстыру, феноменді танымдық танымның диалектикалық әдісі қолданылады. Зерттеулер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік экономикалық форум, халықаралық рейтинг агенттіктері және т.б. деректерінен алынған.Мақалада адам дамуының мәнін түсінудің тәсілдері қарастырылып, оның құрамдас бөліктері баяндалған; қазіргі заманғы экономикалық жағдайлардағы адам дамуының индексін есептеудің қалыптасу әдістерін бағалау әдістемесі зерттеледі. Құжатта Орталық Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының факторлары келтірілген. Адам дамуы индексінің құрамдас бөліктерінің динамикасы мен қазіргі заманғы параметрлерін талдау атап айтқанда, орташа өмір сүру ұзақтығы, білім беру, Орталық Азия елдерінің жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс, ұлттық экономикалардың бәсекелестік артықшылықтары, кемшіліктері мен даму әлеуеті қарастырылған.Қазақстандағы адам әлеуетінің құрамдас бөліктерінің динамикасын талдау әлеуметтік-экономикалық дамуда қол жеткізілген прогресске, әл-ауқаттың артуына, адам даму үдерістерін зерттеуге байланысты мәселелердің маңыздылығына қарамастан, инновациялық экономикаға көшу жағдайында оны қалыптастыру үдерісінде сапалы өзгерістерге бағытталған бірқатар әдістемелік және ұйымдастырушылық міндеттерді шешумен байланысты.
149-161 518
Аннотация
Бұл ғылыми зерттеудiң мақсаты Қазақстанның аймақтарынының инновациялық даму деңгейінің бағалаудың әдiстемелiк тәсiлдерiн әзірлеу және олардың апробациясы, сонымен бiрге инновациялық кластерлердi қалыптастырудың мүмкiндiктерiн анықтау болып табылады. Бұл ғылыми зерттеуде «кластер» санаты бойынша теория мен қолданыстағы ұғымдарға әдеби шолу, ұйымның кластерлік даму ерекшеліктері анықталды. Отандық және шетелдік ғалымдардың кластерлік тәсілді қалыптастыруды зерттеу мен жинақтау негiзiнде кластерлер дамуының негiзгi алғышарттары анықталған. Қазақстанда инновациялық кластерлердi анықтау мақсатында инновациялық аумақтың әлеуетін бағалау көрсеткіштері мен жiктеу әдістерін жүйелеу зерттеудің әдiснамасы болып табылады. Тиiсiнше ,осы әдістерді екі қосымша топқа топтастыру ұсынылған. Бұл ретте ұсынылатын көрсеткiштер аймақтық ерекшелiктердi ескередi және әлеуеттi өсiрудін үшiн негiзін құрайды, сонымен бiрге есептеудiң қарапайымдылығы, қолжетiмдiлiгі және қазiргi кезеңде нақты нәтижелердi алу мүмкiндiгiмен ерекшеленеді. Инновациялық кластерлердi қалыптастыру үшiн ең перспективалық аймақтар Алматы қаласы, Астана қаласы және кейбiр өнеркәсiптiк аймақтар (Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан) екені туралы қорытынды жасалынған. Есептеулер нәтижесі бұл аймақтардың агломерация үшін де, сонымен қатар территориялық жақындатылған аймақтар даму үшін «мультипликативті эффект» жасауға елеулі әлеуеті бар екенін көрнекті көрсетеді.
163-180 569
Аннотация
Қазақстан Республикасы үшін ұлттық өнім өндірушілер бағытында бренд қалыптастыру көптеген мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру құралы болып табылады. Бренд рөлі нарықта кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттілік артқан сайын өз өзектілігін дәлелдеп отыр. Берілген мақаланың негізгі мақсаты ретінде нарықтық кеңістіктің жаһандануы, ақпараттық технологияларның кеңінен дамуы және инновациялық жасақтаулар жағдайында бәсекелік күресте күшейіп отырғандықтан брендті басқарудың маркетингтік технологиясын жетілдіру бойынша теориялық анықтамаларын қарастыра отырып, ұсыныстар жасақтау қарастырылған.Қазақстан имиджін алға жылжытатын жағдайларды алып қарасақ, әлі де кемшіліктерді көреміз. Ғылыми мақаладағы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Қазақстан имиджі мен маркетингтік технологиялар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар зерттеу жүргізудің қажеттілігін көрсетеді.Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы - бәсекелік артықшылыққа ие болып отырған брендті маркетингтік басқарудағы бренд-менеджментті дамытудың ғылыми тәсілдері талданып, жүйеленуі, брендті басқаруда қолданылатын маркетингтік технологиялар жасақталуы.Зерттеудің нәтижелері маркетинг мәселелерін және бренд-менеджментті теориялық игеру үшін қолданылуы мүмкін. Брендті басқарудың маркетингтік технологияларын қолдану бойынша жасақталған әдістемелік жағдайлар мен ұсыныстар болашақта корпоративтік брендтің тұтынушылық құндылығын арттырады, компаниядағы стратегиялық бәсекелік артықшылықтарды қалыптастырады.Сонымен қатар брендингке ерекше әсер ететін макроэкономикалық факторлар мен технологиялық факторлар қарастырылды. Соңғы кездері қоғам индустриалды даму формасынан постиндустриалды даму формасына көшкен кезеңде ақпараттық сектор заманауи экономиканы дамытушы құралдардың бірі болды. Соның ішінде телекоммуникациялық компаниялардың сауда маркаларының дамуы жалпы брендингтің дамушы құралы болатындығы мақалада қарастырылды.
181-193 409
Аннотация
Бұл мақалада ҚР өңдеу өнеркәсібінің қазіргі жағдайына талдау жүргізілген. Өңдеу саласын дамытудың алғышарты - мол ресурс қоры болып табылады. Теория бөлімінде осы пікірге шетелдік ғалымдардың көзқарастары зерделенеді. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы статистикалық мәліметтері аймақ және сала бойынша салыстырылып, экспорттық әлеуетті дамыту мүмкіндіктері қарастырылады. Әсіресе мемлекеттік басымдық берілген метталлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі салалары зерттеліп, SWOT-талдау жасалды. Сонымен қатар экспорттағы үлесі жоғары тауарлар, өңдеу өнеркәсібінің динамикасы, өңдеу өнеркәсібі экспортының құрылымы, ҚР аймақтар тұрғысында өңдеу өнеркәсібінің өндірісі мен экспортына диаграммалар құрылды. Өңдеу секторы экономикалық өсімді қамтамасыз етуші факторға айналуы үшін дамыған елдердегідей ЖІӨ үлесі 40-50%-ға дейін жетуі керек, ал бізде 2017 жыл қорытындысы бойынша 17,7% құрады. Ал осы жылы өңдеу өнеркәсібі саласы экспорты жалпы экспорттың 31,6 % құрағанымен, сала экспортының ауқымды бөлігі өңделген дайын тауар емес жартылай шикізат күйінде сатылуда. Онда темір, болат, мыс, химиялық заттар, руда, мырыш, түсті металл, алюминий сияқты секторлардың үлесі басым. Дүниежүзілік банк деректері бойынша Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі экспортында жоғары және орташа технологиялы экспорттың үлесі 0.41% ғана құрайды. Сондықтан да, Қазақстанның алдағы уақытта дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін шикізатқа тәуелділікті еңсеріп, жоғары технология өндірісін дамытуы - өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан өндірісті дамытып, шикізаттық тәуелділіктен арылу бойынша қолға алған бағытында табысты жұмыстар жүргізіп жатыр. Соның бірі - ү демелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ) нәтижесінде өңдеу саласының республика өнеркәсібіндегі үлесі оң динамиканы көрсетуде. Бағдарламаның негізгі мақсаты да өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту, еңбек өнімділігін арттыру және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайту болатын. Мақала соңында өңдеу саласына маманданған Ақмола, Алматы, Қарағанды, Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының экспортты дамыту мүмкіндіктері жоғары екендігі туралы тұждырым жасалған.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)