Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
Том 15, № 1 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
11-23 315
Аннотация

Жұмыста ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының 2019 жылғы ғылыми-ұйымдастырушылық қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелері қарастырылады. Материалда Институттың гранттық зерттеулер мен бағдарламалы-нысаналы зерттеулер жобаларын орындау тақырыптары көрсетіледі. 2019 жылы жүргізілген ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері мынадай бағыттарды қамтыды: ғылыми сыйымды экономикада дәстүрлі және жаңа салаларды дамытудың болжамды сценарийлерін әзірлеу; Қазақстан экспортын әртараптандыру бағыттарын негіздеу; оқшауландыру алғышарттарын айқындау және жергілікті ғылыми сыйымды секторлардың әлеуетін бағалау әдістерін әзірлеу; Қазақстанның адами капиталын қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау және оның кәсіби жаңартылуын қамтамасыз ету.; инновациялық экономика және қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында халықтың жаңа өмір сүру сапасының басымдықтарын әзірлеу; Қазақстан экономикасын қаржылық қамтамасыз ету және халықаралық қаржы хабын дамыту тетігін талдау; ақпараттық ресурстарды негіздеу, бейімдеу және тестілеу жөніндегі жұмыстар.

25-35 625
Аннотация

Соңғы уақытта дамушы елдер бұрынғы дамыған елдермен салыстырғанда өте тез экономикалық өсімге қол жеткізді және экспорттық корзинасын мейлінше кеңейтуге мүмкіндік алды. Сондықтан қазіргі таңда Қазақстан экспортының әртараптандырылу деңгейін тереңнен зерттеу қажеттілігі туды. Мақаланың негізгі мақсаты Қазақстандағы аймақтардың экспортты әртараптандыру дәрежесін анықтау, экспорт көлеміне әсер етуші факторларды зерттеу және аймақтар мысалында экономикалық күрделілік индексін (ЕСІ) талдау. Херфиндаль-Хиршман және ЕСІ индекстерін есептеуде Қазақстанның 16 облысының бес жылдық мәліметтерді пайдаланылды. Ал экспортық түсімнің артуына әсер етуші факторлар Қазақстан мысалында корреляциялық кесте арқылы зерделенді. Зерттеуде Алматы қаласында экспортты әртараптандырудың жоғары деңгейі, ал Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында экспорттың өте жоғары шоғырлану деңгейі анықталды. Қорытындыда елімізде экспортты әртараптандырудың мүмкіндіктері талданып, біршама ұсыныстар берілді. Зерттеу нәтижелері аймақтардың экспорттық саясатын іске асыруда және кешенді стратегиялық жоспарлар даярлау барысында тиімді құрал болып табылады.

37-52 500
Аннотация

Мақалада ауыл аумақтарының әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру негізінде ауылдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторлары зерттелді. Ауылдық аумақтарды дамытудың әлеуметтік қатерінің деңгейі талданды және ауылдық аймақтарды дамытудың базалық алғышарттарының бірі болып табылатын аграрлық кешенді тұрақты дамытудың негізгі мәселелері анықталды.

Зерттеудің мақсаты ауылды тұрақты дамытудың тұжырымдамалық негіздерін әзірлеу, ауылдық аумақтардың әлеуметтік қауіпсіздігінің мәнін негіздеу және анықтамасын беру, ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың әлеуметтік қауіпсіздігі сипаттамасының жүйесін құрайтын аса маңызды көрсеткіштерді анықтау болып табылады.

Жүргізілген зерттеулер негізінде аумақтық жүйелердің әлеуметтік қауіпсіздігін бағалаудың әдістемелік тәсілдері жүйелендірілді, ауылдық аумақтарды дамытудың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің ішкі қатерлеріне баға берілді. Ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың әлеуметтік қауіпсіздік параметрлерінің жүйесін құрайтын аса маңызды көрсеткіштер айқындалды.

53-70 633
Аннотация

Жұмыстың мақсаты – отандық өндіріс көлемін ұлғайту үшін Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы өнімдерің импорт алмастыру мүмкіндіктерін ұсыну.

Зерттеу әдістері - зерттеуде эмпирикалық әдістер (бақылау, сипаттау, салыстыру және жалпылау) және теориялық зерттеу әдістері (абстракция, талдау және синтез, индукция және дедукция) қолданылды.

Зерттеу нәтижелері - Қазақстандағы мал шаруашылығының қазіргі жағдайына сипаттама берілген. Кедендік статистика деректері бойынша импортқа талдау жасалық, Қазақстан Республикасында мал өнімдерін импорттайтын негізгі елдер анықталды. Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі тауарлық топтарының импортын алмастыру жөніндегі шаралар ұсынылды. Осы жұмыста әзірленген ұсыныстарды агроөнеркәсіптік кешеннің даму бағыттарын негіздеу кезінде және мал шаруашылығын дамытудың аймақаралық және өңірлік бағдарламаларын ақпараттық-аналитикалық нұсқаулық ретінде пайдалануға болады.

Қорытындылар: Қазақстанның мал шаруашылығы саласы айтарлықтай даму әлеуетіне ие, бірақ толықтай пайдаланылмаған. Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге бірқатар факторлар әсер етеді, олардың ішінде жеке фермалардағы ірі қара малдың үлес салмағының шоғырлануы;ІҚМ жалпы санындағы асыл тұқымды ірі қара малдың аз үлесі; мал шаруашылығы инфрақұрылымының жоқтығы. Азық-түліктің негізгі түрлерінің едәуір бөлігі Қазақстанға импортталады.

Импорт алмастырудың нәтижесі өндірісті технологиялық жаңғыртуды ынталандыру, оның тиімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті жаңа өнім түрлерін дамыту арқылы отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болуы керек.

71-87 608
Аннотация

Мақалада әлемдік тәжірибе негізінде Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті институционалдық қолдау жүйесі қарастырылған. Авторлар әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың әлемдік тәжірибесін жалпылама түрде қарастырып, қолдау субъектілерін сәйкестендіреді, әрбір субъектінің рөлін және олардың арасындағы байланыс тетіктерін айқындайды. Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің ресми анықтамасы жоқ екенін ескере отырып, авторлар әлемдік ғылыми көзқарас пен оны реттеудің заңдық нормаларында қалыптасқан осы құбылыстың бар анықтамасын негізге алады. Осы анықтаманы пайдалана отырып, авторлар КЕҰ секторындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ауқымына өзіндік әлеуметтік зерттеулердің және ашық көздердегі бар деректердің негізінде баға береді. Тиімді әлемдік тәжірибелермен салыстыра отырып, мақалада Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың нормативтік-құқықтық базасы мен институционалдық ортасына баға беріледі. Авторлар әлеуметтік кәсіпкерлердің нормативтік-құқықтық мәртебесі және оларды институционалдық қолдаудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірледі. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуда сектораралық және секторішілік байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды. Басты назар жүйелік табиғаты бар және мемлекет пен мемлекеттік емес акторлардың іс-қимылдарын үйлестіру тетіктеріне сүйенетін қолдаудың ең нәтижелі түрі ретінде акселератор моделені жасалған.

89-99 693
Аннотация

Туризм ел экономикасының дамуына әсер ететін маңызды салаға айналды. Туризмнің негізгі артықшылықтары - табыс табу және жұмыс орындарын құру. Көптеген аймақтар мен елдер үшін бұл байлықтың маңызды көзі. Туризм индустриясының қозғаушы күші - кәсіпкерлердің қызметі. Екінші ретті деректерді талдай отырып, бұл зерттеу Қазақстандағы туристік бизнеске әсер ететін маңызды факторларды анықтауға бағытталған.

Экономикалық өсу үшін нарық пен кәсіпкерліктің маңыздылығын ескере отырып, бұл зерттеу кәсіпкерліктің басқа макроэкономикалық көрсеткіштермен байланысын түсінуге тырысады. Кәсіпкерлікті жақсы түсінуге ұмтылу кәсіпкерліктің инновациялық экономиканы дамытудағы ерекше рөлі мен шектеулі ресурстарды неғұрлым стратегиялық пайдалану қажеттілігіне байланысты маңызды.

Жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы туристік бизнеске әсер ететін макроэкономикалық факторларды бағалау. Зерттеу регрессиялық талдауды қолдануға негізделген.

Мақалада туризм саласындағы белсенді субъектілердің санына статистикалық талдау жасалып, оның дамуына әсер ететін негізгі сандық факторлар анықталған. Зерттеу нәтижесі саланың дамуына әсер ететін маңызды факторларды анықтау болды.

Зерттеу нәтижелерінің көлемі - бұл туризм индустриясының субъектілері: Мәдениет және спорт министрлігі, туризмді дамыту басқармалары, туроператорлар мен турагенттіктер, салалық ұйымдар, ғылыми- зерттеу институттарының қызметкерлері. Зерттеу нәтижелерін Қазақстандағы туристік индустрияны дамытудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларын жасау кезінде қолдануға болады.

101-111 482
Аннотация

Бұл зерттеудің мақсаты өнеркәсіптік қызметтен ластану деңгейінің алдын алу және азайту үшін әртүрлі шығындардың қажетті деңгейінің әсерін анықтау болып табылады. Зерттеу эконометрикалық модельдеу әдістерін, статистикалық және салыстырмалы талдауларды қолдана отырып жүргізілді. Қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, төмендетуге және жоюға тікелей бағытталған барлық іс-әрекеттерді инвестициялау моделі жасалды. Бұл модельдерді құру үшін келесі айнымалылар (факторлар) пайдаланылды: СО 2 шығарындыларының қарқындылығы, электр энергиясын тұтыну, электр энергиясын беру және бөлу кезіндегі шығындар, энергия сыйымдылығы және энергия тұтыну, қазіргі бағамен және жан басына шаққандағы ЖІӨ, қолданыстағы бағамен өнеркәсіптік өндіріс. Зерттеу нәтижелері энергия сыйымдылығы, пайдаланылатын энергия бірлігі үшін ЖІӨ деңгейі қоршаған орта шығындарының өзгеруіне әсер етеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Болжамдалған модельге сәйкес қоршаған ортаны қорғауға шығындарды арттыру қажеттілігін көрсететін қоршаған ортаға қажетті инвестициялардың мөлшері анықталды. Осылайша, инвестициялардың жалпы көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялардың үлесі бар болғаны 1% құрайды, «жасыл экономикаға» салынған инвестициялардың үлесі 0,7% құрайды. Нәтижелер экологиялық шығындарды жоспарлау және тұрақты дамудың инвестициялық индикаторларын анықтау үшін ұсыныстарды әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

113-125 526
Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелері қарастырылған. Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың даму тенденциялары, еңбек

нарығының даму қарқынын тежейтін проблемалар мен факторлар келтірілген. Мақала авторлары өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелерін зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды статистикалық есепке алу мәселесін ашып көрсетеді, онда жұмыс берушілермен еңбек келісімшарты рәсімделмеген азаматтар «өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар» санатына жатқызылған.

Жүйелілік талдау әдістерін қолдану Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Мақаланың мақсатына жетудегі қойылған міндеттер, жасалынған қорытындылар мен тұжырымдар қисынды және салыстырмалы талдау әдістеріне сүйенеді.

Еңбек нарығын дамыту жөніндегі бағдарламалардың тиімділігін арттыруда өзін-өзі жұмыспен қамтудың нормативтік-құқықтық негіздерін жетілдіру, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың мәртебесін нақтылау, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету қажеттілігі көрсетілген.

Авторлармен өңірлерде кәсіпкерлікпен айналысатын тіркелмеген адамдар мен бейресми жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлерді салықтық есепке алу және оларды зейнетақы, әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру жүйесіне енгізу бойынша практикалық қадамдарды жетілдіру ұсынылады.

127-138 763
Аннотация

Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы медициналық қызметтері нарығы монополияға қарсы.

Нарықта бір-бірімен бәсекелесетін мемлекеттік және жеке медициналық мекемелер бар.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың шектеулі болуын және амбулаториялық-емханалық мекемелерді шаруашылық басқаруға беруді ескере отырып, халыққа медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мекемелердің табыстылығын жақсарту үйлесімі маңызды және өте қиын міндет болып табылады. Осы зерттеуде бұл мәселені маркетингті қолдану арқылы шешу ұсынылады.

Маркетингтің мақсаты туралы қазіргі заманғы түсінік – бұл пайданы көбейту емес, әлеуметтік маңызды тауарлар мен қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ететін халықтың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл қазіргі заманғы маркетингтің әлеуметтік бағытын және маркетингтің үш мақсатының: тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, өндірушілердің кірістерін барынша көбейту және қоғамның мүдделерін ескере отырып, тепе-теңдікке қол жеткізу.

Медициналық қызметтерді маркетингтің теориялық және әдіснамалық аспектілерін талдай отырып, сонымен қатар Орал қаласындағы №6 емхананың маркетингтік қызметін бағалау барысында амбулаториялық ұйымдар маркетингтік қызметті жетілдіру арқылы жеке медициналық мекемелермен бәсекеге түсе алатын, сондай-ақ, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын сақтап, жақсартатуға кабілетті екені анықталды.

Мақалада заманауи экономикадағы медициналық қызметтер маркетингінің теориялық және практикалық негіздемесі келтірілген және Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы № 6 емхананың маркетингтік моделі әзірленген.

139-151 447
Аннотация

Соңғы жылдардағы әлемдік сауданың тұрақты өсуі мульти және интермодализм тұрғысынан көлік пен жаһандық жеткізілім тізбегінің дамуына, сондай-ақ құрлық пен теңіз көлік дәліздері арасындағы бәсекелестіктің артуына айтарлықтай әсер етті. Транс-евразиялық континентальды көлік дәліздерінің дамуымен «құрлық порттары» ұғымы ерекше маңызға ие болды. Бұл жұмыстың мақсаты - жер порттарының логистикалық қызметтерінің сапасын бағалау құралдарын жасау. Әдіснамалық тәсілдер мен модельдерді талдау жер порттарындағы логистикалық қызметтердің сапасын бағалау үшін келесі параметрлерді айқындауға мүмкіндік берді: инфрақұрылымның, жабдықтың болуы; порттағы операциялар мен процестердің сапасы; портты басқару қызметтерінің сапасы; қызметтер сапасының деңгейіне бағаның сәйкестігі; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; мультимодальдылық, қосымша қызметтерді ұсыну. Сараптамалық зерттеу нәтижелері бойынша әрбір суб-өлшемдердің салмағы анықталды. Деректер «Khorgos Gateways» портын бағалау кезінде қолданылды. Зерттеу нәтижелері бойынша порттың логистикалық қызметінің сапалық деңгейі орташа (3,15) екені анықталды. Жаһандық жеткізілім тізбегінің дамуы және технологиялық модернизация жағдайында порттың көліктік-логистикалық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жаңа технологиялық шешімдерді ескере отырып, логистикалық қызметтердің сапасын арттыру қажет.

153-163 581
Аннотация

Мақаланың мақсаты – көрші мемлекеттер арасындағы аймақтық ынтымақтастықты тереңдету жағдайында трансшекаралық ынтымақтастықтың жаңа нысандарын жүзеге асыруды негіздеу. Зерттеудің мақсаты трансшекаралық ынтымақтастықтың жаңа нысандарын анықтаудың негізгі тәсілдерін негіздеу болып табылады. Әлемдік процестердің өсіп келе жатқан серпіні көпжақты және екі жақты ынтымақтастық негізінде өзара әрекеттестіктің жаңа нысандарын туғызатыны анықталды. Сонымен бірге трансшекаралық қатынастар форматында жаңа бастамалар ұсынылуда. Бұл жағдайда көрші мемлекеттер арасындағы аймақтық ынтымақтастықты тереңдету аясында бірлескен инфрақұрылымдық сауда және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру негізінде «жергілікті» өсу нүктелерін құруға болатын шекаралық аймақтар ерекше рөл атқарады. Халықаралық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және Қазақстан Республикасының «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен Қытай Халық Республикасының «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен шекарааралық өзара іс-қимылдың күшеюі жағдайында еліміздің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.



Creative Commons License
Контент доступен под лицензией Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)