ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА 
Бәсекеге қабілеттелеікті арттыру үшін адами ресурстардың рөлі орасан, оның ішінде жоғары интеллектуалды адами ресурстар деп жоғары білімді, белгілі бір статусы немесе ғылыми дәрежесі бар адамдарды атап өтеміз. Мақсаты-индекстік бағалау әдісін қолдана отырып, Қазақстанның барлық аймақтарындағы ғылыми әлеуетті анықтау және аймақтар арасындағы айырмашылықтарды талдау. Осылайша, бұл зерттеуде алдымен аймақтағы ғылым саласында жұмыс істейтін адамдардың үлесі және сол аймақтағы ғылымға жұмсалатын шығын көлемі сияқты факторлармен аймақтардағы ғылыми әлеуетті индекстік бағалау әдісімен анықтаймыз. Аймақтық талдау жүргізу мемлекет басқаруда маңызды мағлұмат береді. Бұл рейтинг бойынша Абай облысы (0,27), Алматы (0,58) және Астана (0,44) қалалары алдыңғы орында, ал Түркістан (0,02), Атырау (0,02) және Ұлытау (0,001) облыстары соңғы орында болды. Өйткені, ғылыми зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарының басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларында болғандықтан орталықтан бөлінетін ғылымға жұмсалатын қаржы және ғылыммен айналысатын адам саны осы қалаларда шоғырланған. Сондай-ақ, бұл мақалада еліміздің аймақтарында ғылыммен айналысатын адамдардың санына әсер ететін факторлардың корреляциялық байланысы анықталды. Корреляциялық байланыс нәтижелері мультиколлиенарлыққа талданып, іріктелді. Зерттеу нәтижесінде аймақтарда ғылыммен айналысатын адамдар санына аймақтардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалған ішкі шығындар тікелей әсер ететіні анықталды. Мақаланың қорытындысында ғылыми және жоғары интеллектуалды әлеуетті арттыру бойынша ұсыныстар берілді. Бұл ұсыныстарды аймақтардағы ғылымды дамытуға мүдделі тұлғалар мен ұйымдардың пайдалануына және мен жоғары оқу орындарының оқу құралдарына қолдануға болады.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ 
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА 
ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ ӨМІР САПАСЫ 
ISSN 2663-550X (Online)