Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
Том 15, № 2 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
11-20 1574
Аннотация
Бұл мақалада қазіргі экономикалық жағдайда азық-түлік қауіпсіздігінің мәні мен рөлі қарастырылады. Азық-түлік қауіпсіздігі мемлекеттің болуы мен тәуелсіздігінің маңызды шарты ретінде қарастырылады. Қазіргі жағдай, заманауи талаптар күрделі әлеуметтік кешенмен сипатталады, халықаралық деңгейде де, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық елдерінің әрқайсысының деңгейінде де саяси, экологиялық және басқа да проблемаларды шешуге бағытталған. Азық-түлік қауіпсіздігі проблемалары ауыл шаруашылығы саласындағы терең зерттеулерді талап етеді. Биотехнология саласындағы үйлестірілген жұмыс ауыл шаруашылығы дақылдарын жақсартуға, ауыл шаруашылығында қайта өңдеу және өндіру саласындағы инновациялық стратегияларға, тамақ өнеркәсібінде жаңа технологияларды енгізуді ынталандыруға және осы саладағы ғылыми-зерттеу жобаларына инвестицияларды тартуға бағытталған Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі бола алады.Зерттеу барасында жан басына шаққандағы ауылшаруашылық өнімдерінің жекелеген түрлерін тұтынудың нәтижелеріұсынылады. Тамақ өнімдерін тұтынудың ұлттық стандарттары тұтынудың физиологиялық нормаларымен салыстырылып, ең аз және ең көп тұтыну көлемі бойынша жан басына шаққандағы тұтынудың өңірлік аспектісі қарастырылды. Сонымен қатар, ұлттық азық-түлік қауіпсіздігіне ішкі және сыртқы қатерлерді жоюға ықпал ететін шаралардың жүйесі ұсынылады
21-28 309
Аннотация
Мемлекеттік органдарды жеке ұйымдармен салыстыруға болады. Олардың да мақсаттары бар, өз мақсаттарына жету үшін олар әртүрлі ресурстарды пайдаланады, әртүрлі сыртқы және ішкі қиындықтарға тап болады, жеңілістерге ұшырайды және жеңіске жетеді.Зерттеудің мақсаты - салық және кедендік әкімшілендіруді реформалау жағдайында мемлекеттік органдардың жұмысына өзгерістер енгізу тәсілдерін қарастыру және осы бағытта тиісті ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті болды. Зерттеу жалпылау, жүйелеу және индукция әдістерін қолдана отырып, жүйелік тәсіл негізінде жүргізілді. Зерттеу қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) цифрлық қайта құру процесінде екенін көрсетті. Комитет қызметтерін күн сайын миллиондаған азаматтар мен кәсіпкерлер пайдаланады. Пайдаланушылардың қанағаттануы қызметтердің сапасына байланысты. Комитеттің тиімділігінің маңызды көрсеткіші - жиналған салықтар мен бюджетке төленетін басқа төлемдердің мөлшері. Мемлекеттік кірістер комитеті сияқты ірі және консервативті ұйым үшін өзгертулердің орталықтандырылған түрде орындалуы ұзақ уақыт бойы тиімді бола алмайды.Мақалада жаңа мәдениетті насихаттау аясында жаңа тәсілдерді енгізіп, өзгеріс агенттерінің желісін дамыту қажет екендігі, талантты және ынталы қызметкерлерді тарту және өзгерістерді қабылдамайтын қызметкерлерден арылу мәселелерін неғұрлым агрессивті және сенімді түрде шешу қажет екендігі көрсетіледі. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметінде пайдалануға болады.
29-42 420
Аннотация
Мақаланың мақсаты ауылдық шекара маңындағы аудандардың жағдайына бейімделген экономикалық әлеуетті бағалау көрсеткіштерінің әдіснамасы мен жүйесін таңдауды негіздеу, сондай-ақ осы тәсілді сынақтан өткізуге сүйене отырып, Алматы облысының шекара маңындағы аудандарын әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бойынша ранжирлеуді жүргізу және оны неғұрлым толық пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.«Экономикалық әлеует» ұғымының мазмұнына қазіргі көзқарастар зерттелді, оны бағалау үшін қолданылатын әдістер зерделенді және қорытылды, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін анықтауға авторлық әдістемелік көзқарас ұсынылды, ол индекстік әдіс пен ауылдық аудандарға бейімделген көрсеткіштер жүйесіне негізделген.Ұсынылған тәсіл Алматы облысының шекаралас аудандарының мысалында сынақтан өткізілді, оларды әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің интегралдық индексі бойынша саралау жүргізілді, олардың дамуын тежейтін негізгі проблемалар мен тәуекелдер анықталды.Осы аудандардың тар салалы ауыл шаруашылығы мамандануын еңсеру және ұсақ фермерлік және қосалқы шаруашылықтарды дамытудан ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендіруге, транзиттік және туристік әлеуеттерді неғұрлым толық пайдалануға, шекара маңындағы аудандардан көші-қон ағындарының теріс сальдосын төмендетуге екпінді көшіру қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.Ауылдық шекара маңындағы аудандарды олардың экономикасын, инфрақұрылымын және әлеуметтік саласын дамытудың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалану мақсатында мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру бойынша ұсынымдар негізделген. Шағын және орта бизнесті ынталандыру, әлеуметтік және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуды мемлекеттік қолдау әдістері ұсынылды.Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері қолданылды: жүйелік көзқарас, салыстыру, аналогия, индекстік талдау, саралау, жинақтау және нақтылау.
43-54 728
Аннотация
Соңғы уақытта әлемдік мұнай нарығы жаһандық экономикалық теңгерімсіздікке әкеліп соқтырған маңызды қиындықтарды бастан кешіруде. Бұл теңгерімсіздіктер мұнай бағасының күрт төмендеп, әлемдік мұнай ұсынысы сұраныстан әлдеқайда жоғары болуымен тығыз байланысты. Алайда нарықта бұндай жағдай үнемі болмаған. 2000 жылдардың басында зерттеушілер «мұнайға деген сұраныстың шыңына» жақын арада жететінін болжап, әлемдік мұнай өндірісі жақын арада өзінің шыңына жетеді деп сендірді. Сонымен қатар мұнай бағасының үнемі өсуі жаңа кен орындарын үнемі іздестіруге және байлықты мұнайды импорттаушы елдерден мұнайды экспорттаушы елдерге өтуіне алып келді. Бұндай жағдайлар әлемдік мұнай нарығының дамуына жаңа кезеңді қалыптастырды.Жалпы коммерциялық мұнайды игеру тарихында әлемдік мұнай нарығы көптеген өзгерістерге ұшырады, бұл оның даму кезеңдерін анықтады. Мақаланың басты мақсаты - әлемдік мұнай нарығының дамуын кезең-кезеңмен талдау, сонымен бірге оның сипаттамаларын, ерекшеліктері мен пайда болған трансфомациялық құбылыстарын зерттеу. Мұнайды экспорттаушы елдер мен импорттаушы елдер арасындағы тұрақты геосаяси қақтығыстардық мұнай нарығының институционалды құрылымын айтарлықтай әртараптандыруға және жұмыс істейтін тетіктердің икемділігіне алып келді. Энергияны тұтынудың құрылымдық өзгеруіне әкелген технологиялық прогресс төмен көміртекті энергия көздерін пайдалануға және бүкіл әлемде мұнайды тұтынудың төмендеуіне әкеп жатыр.
55-64 625
Аннотация
Интеграциялық процестер аясында елдердің сауда саясаты жеке елдің де, тұтас интеграциялық бірлестіктің де бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай әсер етеді. Мақалада Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан мен интеграциялық блокқа мүше басқа елдер арасындағы екіжақты саудаға әсері бағаланады. Зерттеудің мақсаты - ЕАЭО-ға кіргеннен кейінгі Қазақстан үшін сауданың пайдасын талдау. Синтетикалық бақылау әдісі қолданылды. Бұл әдіс аздаған мысалдарды қолдана отырып, гипотетикалық жағдайда әсер ету болмаған кезде олардың сандық көрсеткіштерін модельдеу арқылы бағалауға бағытталған. Модельдеу үшін 1995-2018 жылдарға арналған Қазақстан мен 40 донор елден деректер жиналды. Осы мәліметтер негізінде Қазақстанның сипаттамаларына өте ұқсас синтетикалық контрафакциялық бірлік құрастырылды. Зерттеу нәтижесінде егер Қазақстан ЕАЭО-ға кірмесе, оның ЕАЭО елдерімен екіжақты сауда ағындары 2018 жылы 18,5%-ға аз болатыны анықталды. Дәл осы әдістеме бойынша Қазақстанның ЕАЭО-ның әр елімен екіжақты саудасы жеке-жеке бағаланды.
65-77 362
Аннотация
Бүгінгі таңда, іскерлік ортадағы жылдам өзгерістерге байланысты әлем бойынша компаниялар кәсіпті және табысты ұлғайту үшін өздерінің негізгі стратегияларына жаңартпаларды жиірек қосуда. Бұл зерттеу жұмысында Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық қызметтерінің детерминанттары қарастырылды. Бұл зерттеуде қолданылған мәліметтер Қазақстанда Бүкіләлемдік банктің 2019 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында жүргізілген кәсіпорындар сауалнамадан алынған, олар өз кезегінде пробит және тобит регрессиялық модельдерін қолдану арқылы талданды. Қазақстан кәсіпорындарына сауалнама жүргізу ұлттық репрезентативті болып табылады және ол 1369 кәсіпорын арасында кездейсоқ жүргізілді, оның басым көпшілігі өндіруші секторына жатады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, фирманың жасы, формальді оқыту, фирма өлшемі, экспорттаушы статусы, түрі, секторы немесе фирма қызметі - барлығы кәсіпорынның инновацияға деген бейімділігіне оң әсерін тигізеді. Алайда зерттеу барысында нарықтағы бәсекелестер және кәсіпорын қызмет жасайтын аймақ негізінен инновацияны енгізуге кері әсерін тигізетіні анықталды. Сонымен қатар, барлық жерде бірдей факторлар (шетелдік қатысу, формальді оқыту, фирма өлшемі, оның түрі және секторы) өнімдік, технологиялық, ҒЗТКЖ немесе АКТ инновацияларына маңызды детерминанттар болып табылатыны белгілі болды. Яғни, бұл зерттеу жұмысының қорытындысының негізгі мәні кәсіпорындардың инновацияларды ынталандыруда осы негізгі факторларға басымдық берулері тиіс. Алынған нәтижелер кәсіпорындардың инновациялық даму стратегиясын құрау үшін және мемлекеттік органдардың фирмалардың инновациялық іс-шараларын ынталандыру саясатын құрау үшін қолданылуы мүмкін.
79-92 415
Аннотация
Мақалада кәсіпорынның инновациялық белсенділік көрсеткіштерін анықтаудың түрлі тәсілдері кеңінен қарастырылған. Зерттеудің мақсаты - отандық тоқыма кәсіпорындарында инновацияның барлық түрін қамтитын инновациялық белсенділіктікті анықтаудың кешенді көрсеткіштерін ұсыну болып табылады. Жұмыстың маңыздылығы инновациялық белсенділікті анықтайтын көрсеткіштердің болуы кәсіпорынның инновациялық дамуын басқару және шешім қабылдау үшін қажет. Зерттеу барысында кәсіпорынның инновациялық белсенділік көрсеткіштеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерінде кәсіпорынның инновациялық белсенділігін анықтаудың бірыңғай әдістемесі жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар мемлекеттік статистика органдары тарапынанда кәсіпорынның инновациялық белсенділігін анықтайтын нақты көрсеткіштер бекітілмеген. Қазақстанда бұл мәселе бойынша зерттеулердің жеткіліксіз екендігі белгілі болды. Зерттеуде тaлдaу мен синтездеудің жалпы ғылыми әдістері, сaлыстыру, ғылыми зерттеулер нәтижелерін жaлпылaу, сараптамалық бағалау әдістері қолданылды. Инновациялық белсенділікті бағалау бұл инновациялық қызметті жоспарлаудың және тұтастай кәсіпорынның инновациялық дамуын бағалаудың бастапқы кезеңі болып табылады. Зерттеудің негізгі нәтижесі - кәсіпорынның инновациялық белсенділігін анықтаудың түрлі көрсеткіштерін жан-жақты зерттей отырып, Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін анықтайтын кешенді көрсеткіштер ұсынылды. Бұл көрсеткіштерді ұсынуда саланың ерекшелігі ескерілді. Жұмыс практикалық маңызға ие, статистикалық мәліметтерге сәйкес соңғы жылдарда отандық тоқыма кәсіпорындарының өткізген инновациялық өнімдерінің үлесі күрт төмендеп кеткен. Бұл осы саладағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендеуімен түсіндіріледі. Сондықтан да тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігінің кешенді көрсеткіштерін ескере отырып, оны арттыру шараларын жүзеге асыру қажет.
93-105 500
Аннотация
Осы мақаланың мақсаты - қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарының дамуын болжау үшін адамзатөркениетінің әлеуметтік-технологиялық дамуын кезеңдерге бөліп талдау. Өйткені, әлемдік әлеуметтік-экономикалық жүйеде елдердің орны және олардың тарихи тағдыры экономикалық және әлеуметтік дамудың сандық және сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Мақалада қаралған міндеттер қатарында қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарының өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтау болды. Негізгі технологиялардың дамуына және қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарының өзгеруіне белсенді әсер ететін факторларды анықтау мақаланың жаңашылдығы болып келеді. Мақалада адамзат өркениетінің әлеуметтік-ғылыми және технологиялық даму кезеңдері және осы дамудың жекелеген кезеңдерінің сипаттамаларына салыстырмалы талдау берілген. Адамзат өркениетінің әлеуметтік, ғылыми және технологиялық даму болжамы жасалды. Адамзат өркениетінің әлеуметтік- ғылыми және технологиялық даму болжамы негізінде ғылыми, шығармашылық және инновациялық қызметке деген ынтаны арттыру бағытында қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарының дамуын болжау мүмкіндігі туралы ұсынымдар келтірілген. Әлемдік экономикадағы дағдарыстар қазіргі заманғы адамзат өркениетінің дамуының мәні мен парадигмасын «тұтыну» қоғамынан «шығармашылық, өзін-өзі тану және адам дамуы» қоғамына іс-әрекеттің барлық салаларында өзгергеніне дейін жалғасады деген қорытынды жасалды.
107-113 868
Аннотация
Жүріп жатқан сандық түрлендіру бизнес үшін де, тұтынушылар үшін де деректерді жинау және өңдеу саласында үлкен перспективаларды ұсынады. Қазіргі уақытта деректерді жинау және өңдеу жүйелерінің дамуы тұтастай бизнес, сонымен қатар маркетинг үшін жаңа және серпінді мүмкіндіктер ашады, өйткені құрылымдалған мәліметтермен қатар құрылымданбаған деректер де өңделіп, маркетингтік аналитиканың құрамдас бөлігі болып табылады.Зерттеудің мақсаты - тұтынушылық аналитиканың жалпы аспектілерін, мақсаттары мен бағыттарын жалпы маркетингтік аналитика бөлігі ретінде анықтау болып табылады. Енді кез-келген ұйым өзінің маркетингтік қызметінде сандық құралдар мен әдістерді қолдана алады. Компаниялар тұтынушылар туралы, соның ішінде тікелей тұтынушылардың пікірлерін жинау және өңдеу үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болды. Өз кезегінде тұтынушылар компаниялармен және олардың брендтермен тікелей байланыс орнатуға көбірек ресурстар алуда. Тұтынушыларды диалогқа тарту және олардың іскерлік қызметтің барлық салаларына әсер етуі компаниялар қызметінің ажырамас бөлігіне айналды.Авторлар маркетингтік талдау призмасы және нарық аналитикасы, өнім, бәсекелестер, тұтынушылар сияқты оның төрт компоненті арқылы Клиент аналитикасының мәнін, оның маркетингтік қызметтегі рөлін анықтау үшін 28 ғылыми және іскери журналға әдеби шолу жасады. Қазіргі әлемде Клиенттік аналитика маркетингтік қызметтің негізгі компоненттерінің бірі бола отырып маркетингтік қызметтің көрсеткіштерін едәуір жақсартуға көп мүмкіндіктер тупғызады.
115-126 387
Аннотация
Ғылыми қызметкерлердің еңбек көші-қоны мысалында инновациялар таралуының диффузиялық сипатын, өңірлер арасындағы білім ағындарын түсіндірудің микро-, макроаспектілері қарастырылды. Зерттеу мәселелері бойынша әдебиетке шолу келтірілген, онда белгілі фактілерге негізделген ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі идеялары мен нәтижелері баяндалған. Білім ағындарын зерттеуге үш зерттеу тәсілі бөлінген: еларалық сауда ағындарын зерттеу, патенттік деректерді көп өлшемді талдау, инновациялық компаниялардың жоғары білікті мамандардың жұмыс орындарына жақын орналасуын зерттеу. Инновацияны алу арқылы өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің ықтимал жолдары талданды. Мақалада «инновациялардың диффузиясы», «білім ағыны» ұғымдарының тұжырымдары, сондай-ақ анықталған теориялық ережелер мен олардың практикалық көріністерінің мысалдары келтіріледі. Сонымен қатар, жұмыста ғалымдар мен жоғары білікті мамандардың кәсіби ұтқырлығы білім ағыны мен инновациялар диффузиясына ықпал ететін саясаттың аса айқын бағыттары болып табылатыны атап өтіледі. Себебі ғалымдар ұтқырлығының жоғары деңгейі зерттеу нәтижелерінің тез таралуына ықпал етеді. Сонымен қатар, зерттеушілердің көші-қон процесі жаңа технологиялар трансфертімен байланысты, өйткені жаңа білім беру бір реттік оқиға болып табылмайды және жалғыз іске асырылмайды. Зерттеушілердің ұтқырлығы жаһандық құбылыс ретінде танылды және негізінен экономикалық факторлармен түсіндіріледі.
127-137 3280
Аннотация
Мақалада жоғары технологиялардың әлемдік нарықта даму ерекшеліктері талқыланады. Жоғары технология - замануи ең жаңа және прогрессивті технологиялар. Жоғары технологияларды пайдалануға өту ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) қазіргі кезеңдегі маңызды звеносы болып табылады. Қазіргі кезеңде дамыған және дамушы елдерде, атап айтқанда АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерінде технологиялық нарықтың дамуына талдау жасалды. Жоғары технологиялық нарықтың даму динамикасы бағаланып, қазіргі заманғы халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде жоғары технологиялық өнім нарығының рөлі анықталды. Технологиялар нарығындағы жекелеген елдер рейтингінің позициялары зерттелді.Технологиялық индустрияның 4.0 әлемдік нарығындағы елдердің жағдайына ерекше назар аударылады. Нәтижесінде жаһандық жоғары технологиялық нарықтың даму тенденциялары негізделді, бұл бізге Қазақстанның басқа елдер арасындағы орнын анықтауға мүмкіндік береді.
139-150 696
Аннотация
Мақала экологиялық бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінің дамуын кешенді зерттеуге арналған.Зерттеу міндеті ретінде ҚР-дағы экологиялық есептің даму жағдайын бағалау әрекеттері анықталды.Әр түрлі түсіндірмелерді талдау негізінде экологиялық бухгалтерлік есеп ұғымы қарастырылды: тұжырымдамалық сәттер бөлініп, анықтама берілді. Зерттеу барысында бақылау, салыстыру, сипаттау, жүйелік- аналитикалық тәсіл, теориялық жинақтау, салыстырмалы талдау, ғылыми абстракция, сараптамалық бағалау, себептер мен салдарларды талдау сияқты жалпы ғылыми әдістер қолданылды.Авторлар компаниялар қызметінің экологиялық қауіпсіздігін және табиғат қорғау қызметінің нәтижелерін ескере отырып, экологиялық шығындарды жіктеу туралы ұсыныстарды тұжырымдады. Экологиялық есеп жүйесін енгізуде оның тиімділігі мен мүмкіндіктері ашылды. Экологиялық бухгалтерлік есептің мазмұнды жағын қалыптастыратын негізгі бағыттар нақтыланды, атап айтқанда: экологиялық шығындарды есепке алу және экологиялық міндеттемелерді есепке алу.Зерттеу нәтижелерін басшылар, бухгалтерлер, бухгалтер-талдаушылар тәжірибеде қолдана алады. Зерттеу нәтижелерін іс жүзінде пайдалану көп жағдайда компаниялардың экологиялық қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін дұрыс анықтауға ықпал етуі мүмкін.Мақалада экологиялық есеп дәстүрлі бухгалтерлік есептің бір бөлігі болып табылатыны туралы және оның барлық тұжырымдамалары мен принциптерін қолдануға тиіс екені анықталынды. Экологиялық есепке алу нәтижелері қаржылық есептілікте көрініс табуы тиіс. Мақалады экологиялық есепті дамыту проблемалары, яғни нормативтік актілердің болмауы; экологиялық міндеттемелерді құндық бағалаудың күрделілігі; табиғат қорғау шығындарын есепке алудың реттелмеуі, оларды өзіндік құнға жатқызудың негізсіздігі және т. б. анықталынды.
151-157 403
Аннотация
Финтех бүгінгі таңда халықаралық ғалымдар арасындағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Осы саладағы зерттеулерің көптігі пайдаланушыларға ақпараттық мөлшерден тыс ауыртпашылық тудырады. Зерттеудің мақсаты - зерттеу нәтижелерін ұйымдастыру және қолданылатын технологияларға байланысты сегменттер бойынша жіктелген, қаржылық технологиялар саласындағы жалпы бағыттарды анықтау. Зерттеу ғылымның келесі салаларын қамтиды: инновациялық зертханалар, платформалық бизнес, бұлтты шешімдер, ақшаны жылыстатуға қарсы іс- қимыл, өзіңіздің клиентіңізді білу, блокчейн, реттеуші технологиялар және үлкен деректер. Мақала ғалымдар арасныдағы финтех анықтамасы аясындағы талқылаудан басталып, финтех мүмкіндіктерін жалпы сипаттаумен жалғасады. Финтех анықтамасы берілген соң авторлар осы призманың көмегімен трендтерді талдай бастайды. Зерттеу жеті негізгі тенденцияны анықтады: жылдамдық пен активтерді басқарудағы блокчейн артықшылықтарын іздеудегі қаржы нарықтары, реттеу және регтех сәйкестік мәселелерін шешуде, барлық тараптар үлкен мәліметтерге қол жеткізгісі келед, финтех саласының қатысушылары инновациялық зертханаларға көбірек қаржы бөлуде, бұлтты шешімдерді алу құны төмендеуде. финтех саласының ойыншылары бірігіп, бірлесіп жұмыс істеуде, финтех әзірлеушілері танымдылыққа ие финтех әзірлеушілеріне платформалар ұсынуда, өз клиентіңді біл ішкі процестерді автоматтандыру және ақшаны жылыстатумен күрес. Бұл саладағы әлемдік ғалымдар қауымдастығындағы ерекше белсенділік пен көптеген пікірталастар арқасында барлық аспектілерді қамту және финтех саласындағы барлық өзгерістерді ескере отырып қорытынды жасау қиындық туғызады.
159-173 1484
Аннотация
Қоғамның әлеуметтік кәсіпкерлікке ғылыми зерттеулердің жаңа бағыты ретінде, қызметтің практикалық түрі ретінде де қызығушылығы айтарлықтай өсуде. Әлеуметтік кәсіпкерлік деп экономикалық агенттердің коммерциялық қызметін дамыту арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған өзара байланысты қызмет түрлерінің жиынтығы түсініледі. Мақалада Еуропа, АҚШ-ты, Азия елдерін қоса алғанда, әлемдік кеңістікте әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту критерийлері қарастырылған, әлеуметтік бағдарланған қызметтің драйверлері айқындалған, сондай-ақ қазақстандық экономикадағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың мүмкін жолдары көрсетілген. Жүргізілген салыстырмалы талдау негізінде әлемдік кеңістікте әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері анықталды және әлеуметтік кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуына ықпал ететін негізгі қозғаушы күштердің сипаттамасы ұсынылған. Әлемнің әр түрлі елдерінде әлеуметтік кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы біркелкі емес сипатқа ие екендігі көрсетілген. Оның ерекшеліктері қолданыстағы институционалдық ортаға ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерліктің осы түрі қалыптасатын тарихи жағдайларға да байланысты. Сонымен қатар, әлеуметтік бағдарланған ұйымдарды құру үшін мұндай ұйымдарды құруға мүмкіндік беретін саяси және құқықтық орта қажетті шарт болып табылады, ал олардың табысты жұмыс істеуі мен дамуы үшін әлеуметтік-мәдени жағдайлар және әлеуметтік кәсіпкерлікті зерттеумен, оқытумен және қолдаумен айналысатын институттардың болуы маңызды. Бұл зерттеудің теориялық маңыздылығы әлемдік кеңістікте әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бөлігінде зерттеулерді жүйелендіруден тұрады. Практикалық маңыздылығы әр түрлі елдерде әлеуметтік кәсіпкерлікті енгізу тәжірибесін талдау болып табылады. Алынған зерттеу нәтижелері Қазақстан экономикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде пайдалануға ұсынылған.
175-186 1012
Аннотация
Мақалада Қазақстан аймақтарының тұрақты дамуға талпынуының қарама-қайшы табиғаты ашылады, ол үш бәсекелес мақсатты теңестіруден тұрады: индустриалды дамудың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру, экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескеру және халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Зерттеу жұмысының мақсаты - макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде Қазақстан Республикасының аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бар теңгерімсіздіктерді анықтау. Өңірлердің тұрақты дамуға бейімделуінің зерттеу нысаны аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті болғандықтан, оның жүзеге асуы тұтастай республиканың экономикасын реформалау барысында айқындалады, сондықтан авторлар тұрақты дамуға бейімделудің аймақтық коэффициентін есептеді. Аймақтардың тұрақты даму талаптарына бейімделу дәрежесін айқындау сандық және сапалық тәсілдерді үйлестіруді қажет ететін күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеуде тұрақты және тұрақсыз аймақтардың шекараларының белгілі бір «дәлізді» құрайтын, біркелкі траекторияның мүмкін және рұқсат етілген ауытқуларды сипаттайтын, сектор арасындағы дұрыс және қажет пропорцияны анықтайтын статистикалық және салыстырмалы әдістер қолданылды. Талдау негізінде Қазақстанның аймақтық дамуындағы белгілі бір теңгерімсіздіктер анықталды. Осылайша, индустриалды аймақтар көптеген макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшы болса, ал артта қалып жатқан өңірлер шағын және орта бизнестің белсенділігі жағынан олардан озып келеді. Сондықтан аймақтар арасындағы объективті айырмашылықтар оларды дамыту стратегиясын әзірлеуге сараланған тәсілдерді қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, экономиканы бәсекеге қабілетті деңгейге көтеру стратегиясын таңдау және әлеуметтік салалардың дамуындағы айырмашылықтарды азайту, яғни халықтың өмір сүру деңгейін теңестіру сияқты өзара байланысты екі мәселелерді шешу үшін проблемалы аймақтардың кластерлерін анықтауды қажетсінеді.
187-201 347
Аннотация
Зерттеудің мақсаты - отандық инновациялық жүйенің әлеуеті мен нәтижелілігін талдау және бағалау арқылыҚазақстан Республикасының ұлттық экономикасының инновацияны қабылдау қабілеттілігін бағалау болып табылады.Әлеует (зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдардың саны, ҒЗТКЖ-мен айналысатын қызметкерлердің саны, ҒЗТКЖ-ға арналған ішкі шығындар, өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша берілген қорғау құжаттары, өнімдік және үдерістік инновацияларға арналған шығындар) және нәтижелілік (инновациялық белсенділік, жаңа технологиялар мен техника объектілерін құрған және пайдаланатын ұйымдардың саны, осындай технологиялар мен техника объектілерінің саны, өткізілген инновациялық өнім көлемі) көрсеткіштері топтарының негізінде авторлар жұмыспен қамтылғандардың санына қатысты үлестік көрсеткіштерді, одан кейін бұл көрсеткіштер индекстерге қайта есептеледі және 2008-2018 жылдар кезеңіндегі динамикада салыстырылады.Мақалада «инновацияны қабылдау қабілеттілігі» ұғымы негізделеді. Инновациялық процестің негізгі субъектілері ашылады, олардың инновацияларды генерациялауға және инновациялық шешімдерді енгізуге қосқан үлесі сипатталады. Авторлар меншікті көрсеткіштер мен индекстік әдісті пайдалану арқылы инновацияны қабылдау қабілеттілікті бағалау әдістемесін әзірледі. Қазақстанның инновациялық жүйесінің әлеуеті мен нәтижелілігінің көрсеткіштерін есептеу жүзеге асырылды.Қол жеткізілген нәтижелер әлеует индексі нашарлауға, нәтижелілік индексі - жақсаруға нақты үрдіске ие екенін көрсетеді. Индекстер арасындағы өзара байланыстың болмауы ғылым мен бизнестің ұлттық инновация- лық жүйе шеңберіндегі өзара байланысты жоғалтатынын көрсетеді, Қазақстанның инновациялық дамуының негізі жеке инновациялық шешімдер емес, технологиялар трансферті болып табылады.
203-211 13235
Аннотация
Мақала экологиялық маркетингте қолданылатын жаңа маркетингтік стратегияларды зерттеуге арналған. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері баспасөз беттерінде тұрақты жарияланып, әлемнің көптеген елдерінің саяси күн тәртібінде тұр. Қоғам барлық тұтынушылардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылуы мен өз өмір сүру ортасын сақтау ниеті арасындағы тепе-теңдікті табуға ұмтылуда. Соңғы жылдары өндірістік сектордың қоршаған ортаның жай-күйіне әсері бойынша алаңдаушылық тек үкімет пен ғалымдарды ғана емес, сонымен қатар қоғамның барлық қатысушыларын да қамтып отыр. Ол экологиялық маркетинг сияқты бағытты дамытуда шешуші рөл атқаруда. Экологиялық маркетинг нарықтың экологиялық өмір сүру ортасын құруға жаппай ұмтылу жағдайында бизнестің өмір сүру жүйесінің құрылымын ойластыруға және әзірлеуге мүмкіндік береді. Зерттеуде авторлар экологиялық маркетинг қоғамның тұрақты дамуына жағдай жасау құралдарының бірі болатынын көрсетеді.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)