Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
Том 17, № 2 (2022)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЭКОНОМИКА, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ 

6-16 597
Аннотация

   Қазіргі шынайы өмірде теңсіздік – тек өзекті мәселені ғана болып қоймай, сонымен қатар қоғамда, әсіресе, пандемиядан кейінгі кезеңде, өте өткір мәселе болып отыр.

   Мақаланың басты мақсаты – Қазақстанның түрлі аймақтарындағы экономикалық өсімге деген теңсіздіктің әсерін талдау және бағалау. Теориялық және эмпирикалық еңбектерде әр түрлі елдердің экономикаларының өсуіне теңсіздіктің оң және теріс әсер ету тенденциялары көрініс табады. Жұмыстың зерттеу әдістемесі өңіраралық және елдік теңсіздік тұжырымдамасын әзірлеуге негізделген. Аталған еңбекте ретроспективті талдау, жалпылау және жүйелеу, салыстырмалы талдау және регрессиялық талдау сияқты әдістер қолданылды. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының сайтында орналастырылған Қазақстанның 16 өңірі бойынша 1993 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңдегі деректер базасының файлдары – зерттеудің ақпараттық негіздері болды. Теңсіздіктің есептелген коэффициенттерін талдау негізінде аймақаралық және елдік теңсіздік арасында аз ғана алшақтық байқалады. 25 жылды ішінде Қазақстанда өңіраралық және елдік теңсіздіктің айтарлықтай өсуі байқалады. Эконометрикалық талдау теңсіздік пен экономикалық өсу арасындағы айтарлықтай теріс байланыстың және кірістер мен ЖӨӨ арасындағы оң байланыстың бары дәлелденді. Жалпы алғанда, теңсіздіктің Қазақстандағы экономикалық өсу динамикасына әсері туралы зерттеудің негізгі гипотезасы эмпирикалық есептермен расталады. Тиімді аймақтық саясатты әзірлеу және анықтау кезінде теңсіздіктің экономикалық өсуге әсерін ескеру қажет, өйткені ол статистикалық маңызды.

17-39 691
Аннотация

   Циркулярлы экономика (ЦЭ) тұжырымдамасының өзектілігі артып келеді, оның мәні сызықтық экономикалық модельге қарағанда айналмалы өндірістік цикл парадигмасын алға жылжыту болып табылады. Дамушы нарықтар үшін де ЦЭ тұжырымдамасы аса маңызды. Алайда, дамып келе жатқан нарықтық экономикасы бар елдерде циркулярлы экономиканың сәтті іске асырылуын шектей алатын ерекше контекстік жағдайлар бар. Алдын-ала зерттеу нәтижесінде осы тақырыптағы дамушы нарықтар контекстінде жан-жақты шолулардың жетіспеушілігі анықталды, бұл осы жүйелі әдеби шолуды жүргізудің алғышарты болып табылады.

   Зерттеудің мақсаты – дамушы нарықтардағы ЦЭ саласындағы зерттеулердің бағыттарын, тұжырымдамалары мен тақырыптарын ұзақ мерзімді тұрғыдан айқындау, сондай-ақ дамушы нарықтардағы ЦЭ қағидаттарын енгізудің ерекшеліктері мен шарттарын айқындау. Талдау Biblioshiny құралын қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижелеріне сай, дамушы нарықтарда ЦЭ енгізудің кедергілері мен драйверлері – ең көп зерттелген тақырыптар. Дамушы нарықтардағы ЦЭ дамуының ең көп таралған драйверлері қарым-қатынас, әлеуметтік қысым, қоршаған ортаны қорғауға міндеттеме, тұтынушылардың мінез-құлқы, институционалдық қысым болып табылады. Хабардарлықтың төмен болуы және экологиялық білімнің болмауы – қалдықтарды сұрыптаудың жеткіліксіз дамуына әкелетін ең көп таралған кедергілер. Сонымен қатар, реттеуші ынталандырудың болмауы және инфрақұрылымның жеткіліксіздігі де дамушы нарықтардағы ЦЭ шектейді. 4.0 индустрия технологияларының ЦЭ- ны енгізуіне әсері, циркулярлы бизнес-модельдер және қалдықтарды басқару тақырыптарына ғылыми қызығушылық артып келеді. Сондай-ақ, мақалада дамушы нарықтарда ЦЭ енгізудің ерекшеліктері мен шарттары атап өтілді. Контент - талдау болашақ зерттеулердің ықтимал бағыттарын анықтады.

40-51 580
Аннотация

   Ғалымдар арасында азық-түлік қауіпсіздігі мен төзімділік студенттердің психологиялық әл-ауқатына қалай әсер ететіні туралы пікірталастар бар. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты төзімділіктің медиациялық рөлін зерттеу арқылы университет студенттерінің психологиялық әл-ауқатына азық-түлік қауіпсіздігі қалай әсер ететінін көру болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігі мен төзімділіктің оң әсері алушылардың әл-ауқатын арттырады деп болжау үшін сандық сауалнама қолданылды. Сонымен қатар, бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, студенттердің төзімділігін арттырады деп күтілді. Сауалнамалар ірі жоғары оқу орындарының 180-нен астам студенттері арасында жүргізілді және олардың бір жүз отыз алтысы талдауға жарамды болды. Зерттеуге тек студенттер таңдалды, себебі олар қоғамдағы ең осал топтардың бірі, әсіресе өңірлерден ірі қалаға бірінші рет келген студенттер. Smart PLS құрылымдық модельдеуіне негізделген қорытындылар азық-түлік қауіпсіздігі, төзімділік және психологиялық әл-ауқат арасында маңызды байланыстардың бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, медиациялық модель талдауы болжамды гипотезаларды қолдады. Бұл зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, студенттердің азық-түлік қауіпсіздігіне инвестициялау олардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға немесе құруға болатынын көрсетіп, оны толық түсінуге ықпал етеді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері төзімділіктің медиациялық әсері туралы жаңа көзқарас ғылымға үлесін қосады. Сондықтан үкіметтің ішінде және одан тыс әрекеттерді қолдау, сондай-ақ келісілген және бірлескен әрекетті қамтамасыз ету үшін мүдделі тараптардың тиімді қатысуы қажет.

АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ДАМУ 

52-65 577
Аннотация

   Әртараптандыру, технологиялық жаңғырту және жаңа өнеркәсіптік құрылымды қалыптастыру Қазақстан дамуының маңызды стратегиялық басымдықтары болып табылады. Қазіргі заманғы өнеркәсіптік құрылымды ғылыми сыйымды өндірістер мен салаларсыз қалыптастыру мүмкін болмайтыны анық, ал олардың Қазақстан өңірлерінде дамуының алғышарттары айтарлықтай ерекшеленеді.

   Мақаланың мақсаты – Қазақстан экономикасының ғылыми сыйымды секторларын кеңістікте дамыту алғышарттары мен перспективаларын бағалау. Мақаланың әдіснамасы жергілікті аумақтарда және белгілі бір жерлерде ғылыми сыйымды экономиканы дамыту мүмкіндіктері ңылыми сыйымды секторлар үшін ғылыми және білім беру құрылымдарының аумақта бар болуы сияқты ерекше факторларға байланысты екендігі туралы теориялық-әдіснамалық ережеге негізделген. Бақылау, салыстыру, жалпылау, жүйелеу, талдау және синтез әдістері, логикалық талдау, аймақтық зерттеулер мен кластерлік талдау әдістерін қоса алғанда, жүйелік-құрылымдық және функционалдық тәсілдер, эмпирикалық зерттеу әдістері қолданылған. Зерттеудің ақпараттық базасына мерзімді баспасөзде көрсетілген деректер, министрліктердің деректері, қазақстандық ғалымдардың жұмыстары, сондай-ақ экономиканың инновациялық және ғылыми сыйымды секторларын оқшаулау процестерін зерттеу шеңберіндегі авторлық атқарымдар жатады. Қазақстан экономикасының ғылыми сыйымды секторларын дамыту жаппай емес, жекелеген аумақтар немесе «хайтек-дистриктілер» (ғылыми сыйымды хабтар, ғылыми сыйымды кластерлер, және ақылды қалалар) шеңберінде оқшаулана отырып, «ошақтық» сипатқа ие болатыны және олардың даму перспективалары қаралатыны көрсетілді. Зерттеу нәтижелері Қазақстан аумағын технологиялық жаңғырту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу барысында апробацияланды.

66-81 639
Аннотация

кооперативтерінің қазіргі жағдайын зерттеу. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша өндірістік кооперативтердің болуы мен олардың жұмысын жетілдіру өзекті тақырыптың бірі. Зерттеу барысында аналитикалық және синтетикалық, статистикалық, есептік-аналитикалық зерттеудің негізгі әдістері қолданылды. Ақтөбе облысын басқа облыстармен салыстырмалы түрде өнім өндірудегі тәжірибесі жан-жақты зерттелді және ауылдық аймақтарды дамыту, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жобаларын зерттеу арқылы өңірдегі экономикалық мәселелерді шешу жолдары анықталды. Статистикалық зерттеу әдісі ауыл шаруашылығы дерекқорындағы алуан түрлі классификаторлар мен анықтамалықтар кескінінде кестелік түрдегі статистикалық көрсеткіштерді салыстыру үшін қолданылды. Бұл бірнеше классификаторлар мен анықтамалықты таңдау және олардың элементтерінің көрсетілуін баптауға мүмкіндік берді. Мақалада ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің тиімді жұмыс істеу шарттарын зерделеу және оны ұлғайту резервтерін анықтау қажеттілігіне талдау келтірілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін одан әрі арттыруға баса назар аударылады және ауыл шаруашылығы кооперативтерін цифрландыру арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатындығы анықталды. Зерттеу нәтижелері: авторлар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезеңінен бастап өткізуге дейінгі өндірістің сандық және сапалық көрсеткіштерін арттыру, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасымен, көлік қызметтерімен, сондай-ақ жеткізу тізбегін қамтамасыз ету мүмкіндігін көрсетті. Ұсынымдар ретінде кооперативтердің нарықтық қатынастары жағдайында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүдделерін қорғаудың ұйымдық-құқықтық жүйесін құру жөніндегі тиісті шараларды әзірлеу қажет.

82-97 1475
Аннотация

   Қазақстан Республикасының экономикасы өңірлік бағытқа сөзсіз ие, бұл аумағы үлкен және елдің жекелеген өңірлері арасындағы әлеуметтік-экономикалық сәйкессіздіктердің деңгейі жоғары елдерге тән. Халықтың иррационалды орналасуы, өңірлік демография, халықтың миграциясы, жекелеген өңірлердегі халық тығыздығының төмендігі түріндегі диспропорция, елді мекендер арасындағы үлкен қашықтықтар, кеңістіктің жоғары бірікпеушілігі мәселелері экономиканың әлеуметтік және экономикалық даму барысын қиындатады. Қазақстан өңірлері бойынша халықтың өсімін молайту мен орналастыруды айқындауға қойылатын шарттардың, факторлардың, көрсеткіштердің және әдіснамалық тәсілдердің әлсіз зерделенуі Қазақстан өңірлері бойынша халықтың нақты орналасу тұжырымдамасы мен картасын әзірлеудің өзектілігін айқындады.

   Зерттеудің мақсаты - Қазақстан өңірлері бойынша халықтың қазіргі заманғы өсімін молайту және қоныстандыру үрдісін анықтау және талдау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы авторлардың ел өңірлері бойынша халықтың ұтымды қоныстануын қалыптастырудың деңгейі мен әлеуетті алғышарттарын айқындау үшін әдістемелік негіз бола алатын халықтың көбеюі мен қоныстану көрсеткіштерінің шарттары мен көрсеткіштерін әзірлеуден тұрады. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан өңірлері бойынша халықтың қазіргі заманғы өсімін молайту және қоныстандыру үрдістері анықталды, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету құрылымындағы өңірлік айырмашылықтарға, ауыл және қала халқының арақатынасына қатысты халықты орналастыру индикаторлары талданды. Мәселені зерттеу негізінде халықты қоныстандыру жүйесін талдау әдістемесі әзірленді. Авторлар белгілі критерийлер бойынша халықты қоныстандыру жүйесін жіктеу жасады, халықтың өсімін молайтуға талдау жүргізді (демографиялық процесс және ішкі миграция үрдістері).

ДЕМОГРАФИЯ, АДАМ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ 

98-110 4695
Аннотация

   Демографиялық процестерді болжау дегенміз - бұл жекелеген елдер, олардың өңірлері, аймақтық құрылымдар, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша азаматтардың болашақ санын, жыныстық және жас құрылымын есептеу болып табылады. Мемлекеттік экономикалық-әлеуметтік жағдайын стратегиялық тұрғыдан жоспарлау барысында тұрғылықты халық санының мөлшері маңызды. Сол себепті, бұл зерттеу жұмысында ҚР демографиялық жағдайдың талдаулары мен болжаудың есептеулері беріледі.

   Зерттеу жұмысының мақсаты – 2000 жылдан 2020 жылға дейінгі ҚР халық санын талдау жасау, ерекшеліктерін анықтау, 2050 жылға дейін халық санын болжау болып табылады. Зерттеу барысында негізгі ғылыми әдістері талдау, синтез, индукция мен дедукция және болашақта халық санын болжау әдісі қолданылды. Экспраполяция әдісін қолданылған кезде туу, өлу, табиғи, абсолютті, орташа өсім, миграциялық коэффициенттері анықталды. Коэффициенттерді қолданып, 2050 жылға дейін халық саны болжамдалды. Зерттеу барысында Қазақстандағы халық саны әр жыл сайын 200-300 мың адамға өсетіні, халықтың туу деңгейі 2000-2020 жылдар аралығында екі есеге артқаны, қайтыс болу мөлшері 7% артқаны, Түркістан облысы мен Алматы облыстарында демографиялық потенциал жоғары екендігі және Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында демографиялық потенциал төмен екендігі анықталды және 2050 жылы халық саны 26,5 млн болатындығы болжамдалды. Бұдан басқа, зерттеу жұмысында демографиялық мәселелерді шешу ұсыныстары берілді. Зерттеу нәтижелері демографиялық болжау жасау теориясында және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлау жасау жұмыстарында қолданыс таба алады.

111-125 1151
Аннотация

   Адами капитал мемлекеттердің негізгі бағалы ресурсы, сондай-ақ елдер мен тұтастай алғанда өңірлер экономикасының дамуына әсер ететін қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты адам капиталын дамыту, қалыптастыру және тиімді пайдалану проблемалары, сондай-ақ оны одан әрі дамыту және жетілдіру мүмкіндіктерін зерттеу көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады. Нарықтық экономика жағдайында елдер әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту жаңа озық инновацияларды енгізуді қамтитын даму деңгейіне байланысты болады. Елдердің даму деңгейін анықтау кезінде әртүрлі көрсеткіштер негізге алынады: жалпы ішкі өнімнің көлемі, өмір сүру ұзақтығы, білім деңгейі және т. б. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жағдайында адами капиталды дамыту мен қалыптастырудың негізгі факторы білім беру болып табылады. Осыған байланысты нарықтық экономика жағдайында орнықты әлеуметтік-экономикалық білім беруді, мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз етудегі білімнің рөлі өсті.

   Мақалада сапалы білім беру жүйесінің негізгі міндеттері адам капиталын дамытуға және жетілдіруге ықпал ететін әр адамның қалыптасуы, дамуы және қалыптасуы үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылатыны атап өтілді. Зерттеу объектісі адами капитал және оның экономиканың инновациялық дамуына әсері болып табылады. Зерттеудің мақсаты жекелеген елдердегі адам капиталының рейтингін, ел экономикасындағы адам капиталының рөлін қарастыру, сондай-ақ адам дамуының деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау болып табылады. Зерттеудің негізгі көздері электронды ресурстардың деректері және Дүниежүзілік банк деректері болды. Қойылған мақсатты орындау кезінде келесі міндеттер шешілді: елдер мен өңірлердегі адами капиталдың рейтингі көрсетілді; жекелеген елдер экономикасындағы адами капиталдың рөлі айқындалды; елдер мен өңірлерде адами капиталды дамыту үшін негізгі шаралар көрсетілді; адами капиталды дамыту мен жетілдірудің құралдары мен өлшемдері айқындалды.

126-145 792
Аннотация

   Шетелде білім алу және жұмысқа орналасу үшін жастардың елден кетуі Қазақстан үшін ең өткір әлеуметтік-экономикалық проблемалардың бірі болып табылады. Білім берудегі халықаралық бәсекелестікті және елдегі еңбек нарығының жетілмегендігін ескере отырып, жақын арада жастардың эмиграциясын тоқтату
қиын міндет болып көрінеді.

   Зерттеудің мақсаты қазақстандық жастардың шет елге білімділік және еңбек көші-қонының экономикалық аспектілері мен факторларын анықтау және негіздеу болып табылады. Бүгінде Қазақстан жастары әлемнің барлық өңірлері мен елдеріне барады. Жастардың көші-қонының жағымды да, жағымсыз да аспектілері бар. Респонденттердің жекелеген санаттары үшін онлайн сауалнаманың 3 түрі әзірленді: 1) орта білім беру түлектері (27 сұрақ), 2) бакалавриат түлектері (27 сұрақ), 3) шетелде жұмыс істейтін және тұратын жастар (23 сұрақ). Деректерді талдау үшін SPSS бағдарламалық құралы пайдаланылды. Оң нәтижелерге жастардың біліктілігі мен білімін арттыру, өзін-өзі жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін зерттеу жатады. Алайда, жастардың білімділік және еңбек көші-қоны тұрақты немесе қайтарымсыз көші-қонға ауысуы өзекті мәселе болып табылады. Жүргізілген талдау бізге жастардың шетелге көші-қон қозғалысында айқындаушы ретінде зерделенетін және қаралатын «тартылыс-итерудің» басым факторларын анықтауға мүмкіндік берді. Жастардың көші-қон шешімдеріне әсер ететін тартымды және итермелейтін факторлардың үйлесуі өте күрделі және әртүрлі болуы мүмкін, алайда көп жағдайда көші-қонның экономикалық, әлеуметтік және демографиялық факторлары негізгі болып табылады.

146-159 675
Аннотация

   Еңбек саласының жай-күйі көптеген факторларға байланысты: жаңа технологияларды енгізу, демографиялық үрдістер, халықаралық бәсекелестіктің күшеюі, жаһанданудың күшеюі, бірақ соңғы жылдары коронавирустық пандемия үлкен әсер етті. Зерттеуде коронавирус пандемиясы жағдайында Қазақстандағы еңбек нарығының даму заңдылықтарын талдау және оның нарық жағдайы мен құрылымына әсерін бағалау мақсаты қойылады. Мақсатқа жету үшін жұмыста құрылымдық-функционалдық тәсіл аясында талдау және синтез әдістері қолданылды. Бұл мақалада карантиндік шектеулер енгізілгенге дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі қазақстандық еңбек нарығының сипаттамасы берілген. Пандемияның оң және теріс салдары және оның еңбек нарығына әсері, оның ішінде жұмыссыздықтың өсуі, халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуі, еңбек нарығының гендерлік және салалық трансформациясы және ішкі және сыртқы еңбек көші-қон ағындарының баяулауы анықталды. Пандемиядан ең аз зардап шеккен салалар анықталды. Атап айтқанда, «байланыс» деп аталатын қызметтер секторы қатты зардап шекті, ол, әдетте, жоғары еңбек сыйымдылығымен, салыстырмалы түрде төмен жалақы деңгейімен, сондай-ақ бейресми жұмыспен қамту мен өзін-өзі жұмыспен қамту үлесінің артуымен сипатталады. Отандық еңбек нарығын трансформациялаудағы маңызды бағыт оның икемділігі болатыны атап өтілді. Зерттеу барысында алынған нәтижелер еңбек нарығын дамыту мен реттеудің мемлекеттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

МАКРОЭКОНОМИКА, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА 

160-177 726
Аннотация

   Зерттеу экономиканың ашықтығы көрсеткіштерін талдау және болжаудың эконометрикалық модельдерін қолдану негізінде Қазақстан Республикасының жан-жақты өңірлік экономикалық әріптестік (ЖӨЭӘ) елдерімен сыртқы саудасын дамыту перспективаларын зерделеуге арналған. Жұмыстың өзектілігі дәлелдік саясат қағидаттары негізінде осындай қатынастарды дамыту бағыттарын одан әрі қалыптастыру үшін Қазақстанның жаңа сауда бірлестігімен сыртқы сауда қатынастарын дамыту перспективаларын қарау қажеттілігіне негізделген, өйткені зерттеуде алынған нәтижелер сауда және кеден саясаты саласында мемлекеттік басқару шешімдерін қабылдау үшін негіз бола алады. Мақала аясында авторлар олардың әрқайсысын пайдалану нәтижелеріне салыстырмалы талдау жүргізе отырып, аралас зерттеу әдістерінің стратегиясын қолданды. Сонымен, Бокс-Дженкинс және экспоненциалды тегістеу болжаудың эконометриялық әдістері қолданылды, олардың жеткіліктілігі мен дұрыстығын тексеру үшін тестілер қолданылды. Болжам қателіктері есептелген, мысалы, орташа квадраттық қате, орташа абсолютті қате және орташа абсолютті пайыздық қате. Зерттеу нәтижесі Қазақстанның ЖӨЭӘ елдерімен қысқа мерзімді перспективаға арналған сыртқы сауда айналымының болжамдары болды, бұл осы сауда қатынастарының оң даму серпіні туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Неғұрлым дәл болжам қателіктердің ең аз мөлшерін көрсететін және қолдануға оңай болатын экспоненциалды тегістеу әдісін қолдану негізінде ұсынылған.

178-189 702
Аннотация

   Бұл мақала Еуразиялық Кедендік одақ саясатының Қазақстан экономикасына әсерін бағалайтын жарияланымдар топтамасының бір бөлігі.

   Бұл зерттеудің мақсаты тариф ставкаларының өзгеруінің елдің сауда ағынына әсерін зерттеу болып табылады. Қазақстан Еуразиялық Кедендік одаққа 2010 жылы қосылды. 2014 жылдың мамыр айында Еуразиялық Кедендік одақ елдері Экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойды. Осы сәттен бастап Қазақстанның сауда саясаты айтарлықтай өзгерістерге ұшырады: Еуразиялық Кедендік одақ елдері арасындағы тарифтік емес кедергілер төмендеді, Еуразиялық Кедендік Одаққа кірмейтін елдермен тарифтік мөлшерлемелер айтарлықтай өсті - 6,45-тен 12,24-ке дейін. %. Бұл зерттеу 2000 жылдан 2019 жылға дейінгі 20 жыл ішінде Еуразиялық Кедендік Одақ елдері мен басқа 195 ел арасындағы сауда ағындары туралы панельдік деректерді пайдаланады. Бұл талдау Еуразиялық Кедендік одаққа кірмейтін елдерден Қазақстанға импортталатын тауарларға баж мөлшерлемелерін көтеру кері әсерін тигізгенін көрсетті. GMM эконометрикалық әдісін қолданатын динамикалық гравитация моделінің бағалауларына сәйкес, елдің тарифтік мөлшерлемесін 1 пайыздық тармаққа арттыру (мысалы, 7%-дан 8%-ға дейін) импортты 1,8 %-ға азайтады. Демек, Қазақстанның Еуразиялық Кедендік одаққа қосылуы нәтижесінде тариф ставкасының көтерілуі Еуразиялық Кедендік Одаққа кірмейтін елдерден келетін импортқа кері әсерін тигізіп, сайып келгенде, осы елдерден келетін импортты 10,6 %-ға қысқартты.

190-205 614
Аннотация

   Ауқымды теориялық және эмпирикалық әдебиеттерде экономикалық дамуға әр түрлі экономикалық, саяси, институционалдық, әлеуметтік және басқа факторлар қалай әсер ететіні талқыланады. Макроэкономикалық өсудің классикалық теориясы кедейленген мемлекеттер «қуып жету әсері» деп аталатындықтан бай мемлекеттерге қарағанда жоғары экономикалық өсу қарқынына ие болуы керек деп тұжырымдайды. Олсонның «институционалдық склероз» тұжырымдамасы мүдделі топтар күшті елдерде экономикалық көрсеткіштер нашар екенін дәлелдейді. Кейбір ғалымдар экономикалық өсім «институционалдық үйлесімділікке» сүйенеді, осылайша елдегі бір институт екіншісінің тиімділігін арттырады. Бұл зерттеуде регрессиялық талдауды қолдана отырып, біз 2001-2018 жылдар аралығында 187 елдің экономикалық өсуіне әр түрлі факторлардың әсерін бағалаймыз. Біздің нәтижелеріміз Олсонның кейбір елдердің экономикалық құлдырауына мүдделер тобы әсер етті деген уәжін толықтай қолдамайды. Біздің эконометрикалық нәтижелер мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен мемлекеттік саясаттың сапасының маңыздылығын қолдамайды. Сонымен қатар, біздің талдаудың ең сенімді нәтижесі – бұл елдің бастапқы экономикалық даму деңгейі мен оның кейінгі орта және ұзақ мерзімді экономикалық өсімі арасындағы статистикалық маңызды теріс байланыс. Бұл зерттеудің бар әдебиеттерге қосқан үлесі келесі талдауда жатыр: Олсонның «институционалдық склерозының» соңғы екі онжылдықтағы экономикалық дамуға әсерін тексеру; өзара әрекеттесетін айнымалылардың біріккен әсерін бағалау, бұл екі теорияның да – «мүдделік топтар» және «капитализм сорттары» болжамдарын түсіндіреді; экономикалық өсудің бір көп өлшемді моделінде саяси факторлармен қатар әртүрлі макроэкономикалық және әлеуметтік факторларды есепке алу.

ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЕСЕП, БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП 

206-216 427
Аннотация

   Халықаралық қаржы нарықтары арасындағы капитал ағындарының ұлғаюы нәтижесінде қор нарықтары мен айырбас бағамдары арасында тығыз өзара байланыс пайда болды. Акциялардың табыстылығы мен айырбас бағамдарының арасындағы өзара байланыс, экономикасы капитал қозғалысына өте сезімтал Қазақстан сияқты дамушы елдер үшін ерекше қызықты. Айырбастау бағамдары мен акциялар бағалары арасындағы өзара байланысты түсіну жаһандық қаржы жүйесінің өзгеруі жағдайында саясаткерлер мен инвесторлар үшін маңызды. Бұл қатынасты білу менеджерге тәуекелдерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді, екінші жағынан, инвесторлар оны болашақ үдестерді болжау үшін пайдаланады. Алайда, экономикалық және қаржылық саясатты анықтайтын адамдар мен реттеуші органдар тиісті саясатты жасау үшін валюта бағамдары мен қор нарықтары сияқты активтердің бағалары арасындағы байланысты білуі керек.

   Осы зерттеудің мақсаты Қазақстандағы акциялар бағалары мен айырбас бағамдары арасындағы өзара байланысты зерттеу болып табылады. Айнымалылар арасындағы байланыс Йохансен коинтеграциялық тестімен және VECM моделімен талданды. Талдау нәтижелері бойынша айнымалылар арасындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастың бар екендігі дәлелденді. Себеп-салдарлық байланысқа тест нәтижелеріне сәйкес, айырбас бағамы Қазақстандағы акциялар бағасының өсуінің негізгі себебі болып табылады. Акциялар бағасы мен валюта бағамдары арасында себеп-салдарлық байланыс жоқ. Зерттеу нәтижелері қор нарығының инвесторлары үшін де, валюта нарығындағы инвесторлар үшін де инвестициялық шешімдер қабылдау үшін өте маңызды болып табылады.

217-230 630
Аннотация

   Өнімділікті талдау және бизнестің үздіксіздігін бағалау қажеттілігі барған сайын маңызды болып отыр. Соңғы рөлді экономикалық жағдайдың нашарлауы және әлемді шарпыған Ковид-19 пандемиясының аясында дамып жатқан экономикалық дағдарыс ойнамайды. Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақсыздығы мәселесінің өткір проблемасына байланысты ұйымның төлем қабілетсіздігі мен банкроттық тәуекелінің ықтималдығын нақты болжау қажет болады. іс-әрекеттердің үздіксіздігін анықтау. Жұмыс шолу сипатында. Жұмыста ғылыми ақпаратты іріктеу және талдау әдістері, жүйелік көзқарас, салыстыру әдісі және формальды логика сияқты танымның экономикалық әдістері қолданылды. Әдебиеттерді талдауда ғылыми ақпаратты таңдау және талдау әдістері қолданылды. Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері қаржы саласындағы нормативтік және заңнамалық актілермен толықтырылды. Тұрақтылықты талдау бизнестің үздіксіздігі тұжырымдамасына негізделген. Үздіксіздікті әртүрлі модельдер мен көрсеткіштерді қолдану арқылы талдауға болады, бірақ экономикалық нәтижелерді бағалаудың барлық түрлері кәсіпорынның балансын зерттеуді қамтиды. Үздіксіздік механизмін қолдану компания тұрақтылығының нақты жағдайын көрсетеді және проблемаларды алдын ала көруге және банкроттықты болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеудің нәтижелері қадағалау және реттеуші органдар үшін де, инвесторлар үшін де, сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын бақылайтын ішкі қызметтер үшін де қызықты болуы мүмкін.

БИЗНЕС ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК 

231-245 758
Аннотация

   Мақаланы жазу мақсаты бизнес - құрылымдардың тұрақты дамуына айтарлықтай әсер ететін Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің қазіргі жағдайы мен дамуын талдау болып табылады. Сондықтан, соңғы жылдары COVID-19 пандемиясында әйелдер басқаратын шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін кеңейтуге көбірек көңіл бөлінуде, алайда табысы төмен көптеген елдерде ер адамдар бизнеспен айналысқан кезде кәсіпкер әйелдер әлі де айтарлықтай кедергілерге тап болып отыр. Талдау барысында іс жүзінде COVID-19 пандемиясы жағдайында енгізілген органикалық жағдайларға қарамастан, әйелдер тарапынан кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға деген қызығушылық бизнес-процесс мәдениетін қалыптастыру тұрғысынан жыл сайын күшейе түсетіні анықталды. Талдау барысында әйелдердің бизнеске баруының негізгі себептері анықталды: қаржылық тәуелсіздікке ұмтылу, өзінің бизнес-идеясын жүзеге асыру ниеті және жұмыс, отбасы және ойын-сауықты біріктіру мүмкіндігі. Демек, мемлекет институты тарапынан Қазақстанның кәсіпкерлік ортасын қоса алғанда, гендерлік теңсіздікті төмендету бойынша белсенді саясат жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері шағын және орта бизнесті қолдау институттары географиялық орналасуына (қала мен ауылға) қарамастан, әйелдер бизнесін ұлғайтуға мүдделі екенін растайды. Статистикалық талдау көтерме және бөлшек саудада кәсіпкер әйелдердің ең көп пайызы, кәсіпкер әйелдердің ең аз пайызы мемлекеттік басқару және қорғаныс саласында байқалатынын көрсетеді. Әйелдер кәсіпкерлігінің іскерлік белсенділігін арттыру мақсатында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша Бірыңғай ұлттық ақпараттық базаны қалыптастыру және құру бойынша ұсынымдар әзірленді.

246-257 674
Аннотация

   Тақырыпты зерделеудің алғышарты корпоративтік басқару тақырыбының өзекті болуы, әсіресе біздің аласапыран, тұрақсыз заманымызда. Бұл әртүрлі елдердің авторларының қызығушылықтарымен расталады. Әдебиеттерге шолу бөлімінде Scopus деректер базасындағы әртүрлі авторлардың корпоративтік басқару туралы мақалалары зерттелді. Авторлардың көзқарасы бойынша кез келген ұйымның қызметі көптеген әртүрлі сыртқы және ішкі факторларға байланысты, мысалы, менеджмент құзыреттілігі, қызметкерлердің біліктілігі, бизнесті дамыту үшін қаржылық және еңбек ресурстарының болуы.

   Классикалық ғылымның әдістемесі мен әдістерін қолдану арқылы мақаланы жазудың мақсаттары ашылады: мақалада халықаралық және ішкі нарықтардағы корпоративтік басқарудың даму тарихы түсінуге ыңғайлы түрде берілген, корпоративтік басқарудың негізгі үш теория анықталған, әртүрлі елдердің кодекстарының айырмашылықтары кесте түрінде көрсетілген. Мақалада корпоративтік басқарудың маңыздылығын жете бағаламау компанияда бірқатар шығындарға, стратегияны жүзеге асырудың мүмкін еместігіне, ресурстарды: материалдық, зияткерлік, еңбек
және қаржылық ресурстарды тиімсіз пайдалануға әкелетіні туралы ақпарат расталады. Жалпы корпоративтік басқару жүйесі компанияның тиімділігіне оң әсерін тигізетініне бағалау берілген. Зерттеу нәтижелерін меншік нысанына және қызметкерлер санына қарамастан компанияларды басқарудың корпоративтік жүйесін құруда қолдануға болады. Корпоративтік басқару тақырыбы қазіргі нақты жағдайда ерекше өзекті болып табылады.



Creative Commons License
Контент доступен под лицензией Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)