Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
Том 15, № 4 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
11-20 358
Аннотация
Білім беру жүйесінің, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуі қазіргі әлемдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты белсенді талқыланатын тақырыптардың бірі болып табылады. Елдің мәртебесі оның білім беру әлеуетін іске асыру деңгейімен анықталатыны белгілі, оның негізгі көрсеткіші әлемдік рейтингтердегі жоғары оқу орнының рейтингі болып саналады. Жоғары оқу орнын әлемдік сарапшылардың бағалауына қосу және жетекші әлемдік университеттермен тең немесе салыстырылатын берік ұстанымның болуы елдің жоғары білімінің бәсекеге қабілеттілігінің белгісі және жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігі мен инновацияларды уақтылы енгізудің нәтижесі ретінде қарастырылуы мүмкін. ТМД мемелкеттеріндегі университеттер лайықты орын алып, осы елдердегі білім беру реформаларының тиімділігін сипаттайтын оң динамиканы көрсете алды. Аталған мақаланың авторлары жоғары білім беру саласының даму ерекшелігімен өзара байланыста жоғары білімнің халықаралық бағалау рейтингтеріндегі жоғары оқу орындарының динамикасын талдау нәтижелерін ұсынды.
21-38 521
Аннотация
Мақалада «менеджмент» және «менеджмент жүйесі» ұғымдарының терминологиясы, қазіргі заманғы кәсіпорындар қызметінің әр түрлі авторлар позициясынан маңызды аспектілері ретінде қарастырылады, сонымен қатар қазіргі заманғы кәсіпорынды басқару жүйелерінің тиімділігін бағалаудың әдіснамалық тәсілдеріне шолу жасалады. Басқару жүйесінің тиімділігі екі көзқарас тұрғысынан қарастырылады: экономикалық және әлеуметтік тиімділік. Екі тәсіл де көрсеткіштер жүйесі түрінде ұсынылған, олардың көмегімен қазіргі заманғы кәсіпорынды басқару жүйесін санмен анықтауға болады. Мақалада сандық детерминанттарда гипотетикалық кәсіпорын мысалын қолданып басқару жүйесі тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу ұсынылған. Есептелген көрсеткіштер негізінде басқару жүйесінің тиімділігін дәлірек бағалау үшін Лоренц-Мейзелдің теңдестірілген индикаторлық модельдері қолданылды. Сонымен қатар, кәсіпорында жұмыс істейтін басқару жүйесін толығымен сипаттау үшін менеджер жұмысының екі компонентін қамтитын«басқару торы» ұғымы қолданылды: өндірістік мәселелерді шешуге, екіншісі - адамдарға назар аудару. Кәсіпорынды басқару жүйесінің экономикалық тиімділігін арттыру үшін келесі шаралар ұсынылды: 1) әкімшілік-басқарушылық персоналдың еңбегін реттеуді жетілдіру; 2) әкімшілік-басқарушылық құрамның жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту арқылы өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру; 3) басқару персоналын ұстау шығындарын азайту. Ұсынылып отырған іс-шаралардың экономикалық тиімділігі ұсынылған шаралардың тиімділігін дәлелдейтін озық заманауи техниканы қолдану арқылы дәлелденді, бұл болжамды кезеңдегі техникалық-экономикалық көрсеткіштер кестесі түрінде көрінеді.
39-50 539
Аннотация
Мақаланың мақсаты-табысты экономикалық дамуды ұзақ мерзімді перспективаға бекіту жолы ретінде елдің мәдениеті мен экономикалық дамуының өзара байланысы проблемасын алға жылжыту және мәдени көрсеткіштердің экономикалық өсу көрсеткіштеріне әсерін бағалау. Мақалада жүйелік-ақпараттық тәсілге негізделген логикалық зерттеу, болжау, талдау және синтез әдістері, Р.Инглхарттың мәдени сипаттамалары мен әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен Г. Хофстедтің мәдениеттің әлеуметтік-мәдени сипаттамаларын өлшеу арасындағы байланысы әдістері қолданылады. Мақаланың жаңалығы-экономикалық тұрақсыздық жағдайында мәдениеттің экономикалық сегментінің ел экономикасының өсу қарқынына әсерін зерттеуге негізделген мақалада ұсынылған тәсіл ерекше мәнге ие болатындығын негіздеу. Әлеуметтік-экономикалық прогреске қол жеткізу және елдің сәтті дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және қоғамдық институттардың, мәдениеттің және олардың өзара байланысы мен экономикалық дамудың өсу қарқынының тиісті сатысында қолданылатын стандарттардың тығыз байланысы қажет деген болжам жасалды. Экономиканың алдыңғы дамуына тәуелділік проблемасы - «жол эффектісі» және ЕО елдеріндегі мәдениет саласындағы экономикалық статистикалық көрсеткіштер талданды. Қоғамның әлеуметтік-мәдени көзқарастарын және оның құндылықтарын экономикалық өсу қарқыны жоғары экономикалық даму бағытында өзгерту бойынша ұсыныстар ұсынылды. Мақалада ЕО елдерінің мәдениет саласындағы жұмыспен қамту және кәсіпкерлік тенденциялары туралы аналитикалық тұжырымдар жасалған.
51-57 425
Аннотация
Мақалада ақша-кредит саясатының елдің экономикалық дамуындағы рөлі мен орнын анықтау мақсаты қарастырылған. АҚШ долларына қатысты валюта бағамының өзгеруіне динамикалық бағалау жүргізілді. Ұлттық Банктің дағдарыс жағдайындағы саясаты дәйекті түрде талданып, бағаланады. Ақша-кредит саясатының қолданылатын құралдарын негіздеу үшін инвестициялық функцияны эконометриялық бағалау жүргізілді. Валюта нарығында алыпсатарлық шабуылдардың туындауының қажетті шарттары ашылады. Қазақстан үшін есептелген инвестициялық модель инфляциялық таргеттеу саясаты орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ете алмайды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.Авторлар валюта нарығында алыпсатарлық шабуылдардың пайда болуының қажетті шарттарын ашты. Осы заңдылықтарға сүйене отырып, орталық банктің алыпсатарлық шабуылдардың алдын-алу бойынша үш нұсқасы ұсынылды. Эконометриялық есептеулер тікелей және портфельдік инвестициялардың динамикасы экономиканың жетекші салаларының рентабельділігі мен валюта бағамының өзгеруіне байланысты деген тұжырымдарды растады. Өзара байланыстың анықталған ерекшеліктері инфляциялық таргеттеу саясатын қолдану мүмкіндігіне айтарлықтай шектеулер қояды, ол қысқа мерзімді кезеңде инфляция деңгейін нысаналы көрсеткіштерге дейін төмендетсе де, ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсу мен бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ете алмайды. Авторлар макроэкономикалық реттеуде ақша-кредит саясаты маңызды рөл атқарады, алайда экономиканың шикізатқа бағытталуы ақша-кредит саясатының классикалық құралдарын пайдалануға шектеу қояды деген қорытындыға келді.
59-71 367
Аннотация
Азық-түлік қауіпсіздігі еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі болып табылады, себебі бірде-бір мемлекет халықтың сапалы тамақ өнімдерге деген сұранысын қанағаттандырмай, ұлттық, соның ішінде экономикалық қауіпсізідігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Негізгі азық-түлікті тұтыну халықтың өмір сүру деңгейінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі, аймақтың әлеуметтік жай-күйінің жалпылама сипаттамасы, халықтың негізінен тұрғылықты жері бойынша тұтынатын өмірлік пайдаларының жиынтығы, сондай-ақ тұрақтылықтың негізгі факторы болып табылады. Зерттеу барасында жан басына шаққандағы ауылшаруашылық өнімдерінің жекелеген түрлерін тұтынудың нәтижелері ұсынылады. Тамақ өнімдерін тұтынудың нормативтік құқықтары тұтынудың физиологиялық нормаларымен салыстырылып, ең аз және ең көп тұтыну көлемі бойынша жан басына шаққандағы тұтынудың өңірлік аспектісі қарастырылды. 2015-2019 жылдар аралығындағы азық-түлік түрлерін тұтыну мөлшері анықталып, аймақтар бойынша көш бастап тұрған және тұтыну мөлшері аз өңірлер көрсетілген. Соңғы жылдары халықтың азық-түлікті тұтыну құрылымының деңгейі айтарлықтай өзгерді, оларға бірқатар факторлар әсер етеді: тамақтанудың ұлттық ерекшеліктері; аумақтың климаты; экономикалық факторлар.
73-80 325
Аннотация
Бұл мақалада ЭЫДҰ әдістемесін ескере отырып, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланады. Авторлардың пікірінше, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін бағалаудың басым бағыттарына нысаналы индикаторлар жүйесін және тиісті бақылау жүйесін әзірлеу мен пайдалану қарастырылуы керек. Стратегиялық жоспарлау саласындағы халықаралық және отандық тәжірибені қорыту негізінде авторлар ЭЫДҰ әдістемесін пайдалануды ұсынады. Зерттеулерге жаңа көзқарастар ретінде авторлар жасыл көрсеткіштер жүйесін ұсынады, қазақстандық статистикадағы тиісті индикаторлардың динамикасын талдайды және Үкіметке оны жаңғырту кезеңінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздейді.
81-88 786
Аннотация
Зерттеу мақсаты: 2014-2018 жылдар аралығындағы Қазақстан жастарының жұмыспен қамтылу құрылымына талдау жүргізу, пандемияның ұлттық және аймақтық еңбек нарықтарының дамуына әсерін анықтау, жастар еңбек нарығындағы теңгерімсіздік мәселесін көрсету және жастардың Қазақстанның еңбек нарығындағы ішкі көші-қон ерекшеліктерін айқындау. Әдіснамасы: Зерттеу әдіснамасына жалпы ғылыми, жеке, эмпирикалық және теориялық зерттеу әдістері кіреді. Мақаланы дайындауда статистикалық талдау, салыстырмалы, құрылымдық, факторлық талдау әдістері мен құралдары қолданылды. Статистикалық құрал ретінде мәліметтерді кестелік және графикалық ұсыну әдістері пайдаланылды. Зерттеудің бірегейлігі/құндылығы: Ұлттық еңбек нарығындағы жастардың позициясын бағалау қажеттілігі олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы айқындаушы рөліне байланысты. Жастардың қоғамға ойдағыдай кірігуін қамтамасыз ету көптеген мәселелерді шешеді, соның ішінде қоғамдық ұдайы өндіріске қол жеткізу, еңбек өнімділігінің артуы және жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жатқызылады. Зерттеу нәтижелері: Авторлар қазақстандық еңбек нарығында жастардың позициясын жақсарту бойынша шаралар ұсынады.
89-100 404
Аннотация
Исламдық банктік жүйенің эволюциясын, әсіресе ХХ ғасырдың соңғы он жылында, яғни 90 жылдардан кейін қарасақ, исламдық банк әлемде де, Орталық Азияда да айтарлықтай даму қарқынына қол жеткізгендігін атап өту керек. Орталық Азияның маңызды елдерінің бірі Қазақстанда, исламдық банк жүйесі аймақтағы даму үрдісімен қатар дамуда. Исламдық банк әсіресе 2008 жылғы әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарынан маңыздылығы артты. Шын мәнінде, 2030 жылға қарай Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері үшін ислам орталығына айналады, осылайша исламдық қаржыландыруды дамытудың маңызды кілті болады деп күтілуде. Исламдық банк жүйесінің қаржы саласындағы маңыздылығын ескере отырып, бұл зерттеуде Қазақстандағы исламдық банкингтің өткені, бүгіні және болашағы қарастырылды.
101-110 1631
Аннотация
Қазіргі уақытта Қытай ірі экономикалық держава ретінде аймақтық және халықаралық өзара іс-қимылдың әртүрлі аспектілері бойынша көршілес елдерге күшті әсер етеді: әскери жоспар мәселелерінен бастап экономикалық ынтымақтастыққа дейін. Осы аймақтардың бірі Орталық Азия (ОА) болып табылады, ол соңғы онжылдықта өзінің, ең алдымен, сыртқы экономикалық стратегиясын іске асыру аясында ҚХР жоспарлары үшін маңызды объект болды. Қазақстан, өз кезегінде, өз экономикасы бойынша ең ірі ОА елі бола отырып, осы өңірдің басқа елдерімен: Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен және Түрікменстанмен өңірлік экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Бұл ретте ОА-ның барлық елдерінің және ең алдымен, Қазақстанның экономикасы ҚХР-ның олармен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған жобаларының күшті ықпалында. Осы жобалардың ішінде оған байланысты Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Жібек Жолы Қоры және т. б. құрылған «Бір белдеу-бір жол» жобасы маңызды орын алады. Мақаланың мақсаты - ОА-дағы Қытай жобаларының Қазақстанның ОА аймағы бойынша көршілес елдермен экономикалық ынтымақтастығын дамытуға әсерін анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін зерттелетін тақырып бойынша шетелдік және отандық басылымдарды талдау, Қытай мен Орталық Азия елдерінің экономикасын және сыртқы саудасын сипаттайтын статистикалық деректер сияқты аналитикалық және статистикалық зерттеулер әдістері пайдаланылды. Қытай қазіргі уақытта Орталық Азия елдері экономикасындағы және әсіресе Қазақстан үшін ірі ойыншы бола отырып, Қазақстанның Орталық Азияның басқа елдерімен стратегиялық экономикалық ынтымақтастығына оң да, теріс те қосымша ықпал етеді.
111-121 1289
Аннотация
Мемлекеттік қаржының тұрақтылығы мемлекеттің тұрақты, тиімді дамуын, нәтижесінде - халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының жоғарылауын қамтамасыз етеді. Ішкі қаржыландыру көздерін қолданатын елдің тұрақты және жоғары ұзақ мерзімді даму және өсу келешегі бар. Қаржы жүйесінің элементтері бір-бірін қолдайды және нығайтады, ал экономикаға әсер етудің негізгі тұтқалары ел ішінде болады. Тек осы жағдайда ғана елдің ұзақ мерзімді қаржылық егемендігі бар деп айтуға болады. Бұл мақалада мемлекеттің қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін есептеу негізінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қаржысының тұрақтылығы бағаланады. Сонымен бірге жұмыста мемлекеттік қаржының тұрақтылығын бағалау мемлекеттік борыштың әсері тұрғысынан қарастырылады, сондықтан бағалау сыртқы және ішкі борыш құрамының құрылымдық коэффициенттерін қолдану негізінде жүргізілген, олар бюджеттің, ел азаматтарының борышқа тәуелділігін, борыш ауыртпалығын, сондай-ақ борыш шектілігін және т.б. көрсетеді. Қазақстан деректері бойынша есептелген коэффициенттер олардың шекті мәндерімен салыстырылды, нәтижесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысының тұрақтылығы туралы бірқатар тұжырымдар жасалды. Сонымен қатар зерттеу кезеңінде шекті мәндерге жақын және осы мәндердің жоғарылауы ҚР мемлекеттік қаржысының тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін коэффициенттер анықталды.
123-138 1208
Аннотация
Зерттеудің мақсаты экономиканың инновациялық дамуына ықпал ететін салық жүктемесін бағалау және оның шамасын реттеу әдістері саласында теориялық негіздеу, практикалық ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Зерттеу объектісі ЖӨӨ өсуін ынталандыру мүддесінде оны оңтайландыру аспектісінде қаралатын ҚР субъектілерінің салық жүктемесі болып табылады. Зерттеу пәні салық жүктемесін қалыптастыру процестері, сондай-ақ оның рұқсат етілген деңгейін бағалау моделі. Зерттеу әдістері. Зерттеуде бастапқы материалдарды алу, өңдеу және талдау үшін әртүрлі әдістер қолданылды: жалпы ғылыми, экономикалық талдау әдістері, математикалық статистика және экономикалық-математикалық модельдеу. Нақты деректерді өңдеу және тиісті есептеулер Microsoft Excel кестелік процессорының көмегімен жүзеге асырылды. Автордың зерттеуге қосқан үлесі. Автор салық жүктемесінің ЖӨӨ-ге әсерін модельдеу және зерттеу нәтижелерін апробациялау бойынша теориялық-әдістемелік ережелердің, тұжырымдардың, ғылыми-практикалық ұсыныстардың дамуына үлес қосты. Зерттеудің ғылыми жаңалығы - салық жүйесін реформалаумен енгізілген факторларды ескере отырып, экономикаға салық жүктемесін бағалауды жетілдіру бойынша теориялық және әдістемелік ережелерді әзірлеу. Зерттеудің практикалық маңыздылығы жұмыста негізделген теориялық ережелерді, ондағы ұсыныстар мен ұсынымдарды: мемлекеттік басқару органдары тиімді салық жүйесін құру жөніндегі кешенді шараларды әзірлеу кезінде; салық органдары қаржы-шаруашылық қызметке талдау жүргізу және салық жүктемесінің деңгейіне және салық міндеттемелерін орындамауына әсер ететін факторларды анықтау мақсатында; салықтық менеджмент және бизнес-жоспарлау саласындағы кәсіпорындар пайдалануы мүмкін екендігінде.
139-146 511
Аннотация
Креативті индустрияларды мониторингілеу және экономикалық даму стратегиялары мен бағдарламаларын әзірлеу үшін сала туралы сенімді және уақтылы статистикалық ақпарат қажет. Бүгінгі күні мәдениет салалары бойынша деректер жинау үшін халықаралық стандарттардың болмауы креативті индустриялардың экономикалық және әлеуметтік әсерін бақылағысы келетін үкіметтер үшін елеулі кедергі болып табылады, сондай-ақ халықаралық деңгейде салыстыруды қиындатады. Бұл зерттеудің мақсаты - креативті индустрия саласындағы статистикалық ақпаратты жинаудың әдіснамалық негіздеріне шолу жасау. Мақсатқа жету үшін әдебиеттерге құрылымдық шолу жасалды, нәтижесінде креативті индустрияларды мониторингтеу мен бағалаудың қолданыстағы әдістемелері, халықаралық тәжірибеде бар креативті индустриялар мен креативті экономика индикаторларын есептеу әдістері талданды. Статистиканы жинау кезінде туындайтын кедергілер, сондай-ақ креативті индустриялар саласында статистикалық ақпаратты жинаудың қолданыстағы әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды.
147-154 371
Аннотация
Екінші деңгейдегі банктерді заңсыз кірістерді заңдастыруға тарту тәуекелімен байланысты әлеуметтік-экономикалық қатерлердің өсуі жағдайында осы тәуекелді азайту үшін қаржы мониторингінің тиімді жүйесін құру қажет. Зерттеудің мақсаты - екінші деңгейлі банктердің қызметіне қаржылық қауіп төндіретін жасырын деректерді анықтау мақсатында банктердегі кіріс ақпараттарын үш деңгейлі өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кластерлік модельдер мен рекурсивті ең кіші квадраттардың жиынтығына негізделген Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде қаржылық қауіпсіздікті басқару моделін ұсыну және сынақтан өткізу. Зерттеу әдістемесі APC-III кластерлік алгоритм модельдері мен ең кіші квадраттардың рекурсивті әдісінің (RLS) үйлесуіне негізделген, алгоритм OECD ұсыныстарына сәйкес сәл өзгертілген. Мұндай тәсіл банктердің операцияларын үш деңгейде қарауға және ауысу кезінде банк басшылығының дереу тексеруін талап ететін күдікті операцияларды анықтауға мүмкіндік берді. Модельді қолдану негізінде, орташа есеппен банк операцияларының үштен бірін күдікті деп есептеуге болатынын көрсетті, ал бұл өз кезегінде мұқият зерттеуді талап етеді. Біздің жағдайда модельді зерттеу үшін 70 күдікті транзакциямен араласқан бастапқы деректерден 200 жағдайды таңдадық. Банк операцияларын статистикалық өңдеу нәтижесінде 90 операциялық деректер анықталды, оның ішінде 27-і күдікті болып шықты, яғни тексерілген транзакциялардың шамамен 30%-ы күдікті деп танылды. Осы ақпаратты ұсыну нәтижесінде банк ақшаны жылыстатуға бағытталған 19 транзакцияны анықтай алды.
155-167 483
Аннотация
Бұл мақалада шетелдік инвестициялардың банк инновациялары арқылы Казақстанға енуі қарастырылып, жұмыс жасап жатқан шетелдік банктердің қазіргі кезде орын алып отырған макроэкономикалық ортадағы орындары мен жағдайларына шолу жасалып, Қазақстанның Әлемдік сауда ұйымына мүше болып кіруіне байланысты басқа да шетелдік банктердің келу мүмкіндігін бағалауға арналған. Сондай-ақ, сонғы ғаламдық экономикада орын алып отырған өзгерістердің Қазақстан банк жүйесіне әсерін гипотетикалық тұрғыдан бағалау болып табылады.
169-179 721
Аннотация
Қазіргі экономикалық даму жағдайында цифрлық экономикаларды дамыту мәселелері, әсіресе бірқатар елдердің төртінші өнеркәсіптік революцияға қайта құру кезеңінде ерекше өзектілікке ие болып отыр. Цифрлық экономиканы қалыптастыру - ол елдің дамуының өзекті міндеті, оны шешу жаһандық бәсекелестіктің сын-қатерлерін көрсетуге және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті бола алады. Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қарқынды дамытудың арқасында цифрлық экономиканы дамыту және өнеркәсіп салаларын кейіннен цифрлық трансформациялау үшін негіз пайда болды, онда негізгі элементтердің бірі - тек құрылған аппараттық және бағдарламалық кешен болып ғана қоймай, сондай-ақ компанияда өтетін барлық процестердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзара байланысқан қосымшалар, бағдарламалар мен бизнес-операциялар жүйесі болып табылатын цифрлық платформалар болып табылады. Осы ғылыми мақала аясында «цифрлық платформа» ұғымына және оның типологиясына қатысты көзқарастар егжей- тегжейлі қарастырылды. Соның ішінде іріктеліп, ашық білім беру ресурстары (OER), ашық / виртуалды зертханалар, ғалымдардың әлеуметтік желілері және краудфандингтік платформаларға ерекше назар аударылды. Бұлардың әрқайсысының түрлеріне шетелдік және отандық платформалардан мысал келтіріліп, салыстырмалы талдау жүргізілді.
181-192 467
Аннотация
Мақала институционалдық және құқықтық қолдауды жақсарту тұрғысынан, сондай-ақ жобаларды басқару жүйесін дамыту бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік секторындағы жобаларды басқару қағидалары бойынша жұмыстың ағымдағы жағдайын талдау негізінде жобалық кеңсенің ұйымдастырылуын жақсарту мақсатында жазылған. Жалпы, жобалық менеджментті қолдану тұжырымдамасы қазіргі уақытта республикада жұмыс істеп тұрған мемлекеттік жоспарлау жүйесі тұрғысынан қарастырылады. Яғни, жобаны басқарудың элементтері мен құралдарын қолдану қолданыстағы заңға, дәлірек айтқанда, мемлекеттік жоспарлауды құрайтын құжаттар бөлігіне жүктеледі. Осылайша, мақалада аналитикалық тәсіл ғана емес, сонымен қатар ақпараттық тәсіл де қолданылды. Қорытынды жасалады және жобаны басқаруды жүзеге асырар алдында ұйымның белгілі бір жетілу деңгейіне жету қажеттілігі туралы негізделген. Заң бөлігіне өзгерістер енгізу туралы нақты ұсыныстар да айтылды. Жақында өзектілігін ала бастаған виртуалды жоба кеңсесінің архитектурасы сипатталған. Жауапты хатшының рөлі де бөлек қарастырылады, осы санатты жоба менеджерінің арнайы өкілеттіктеріне беру ұсынылады. Зерттеудің келесі әдістері қолданылды: құжаттарды талдау, кейстер, дедукция, жалпылау және нақтылау.
193-204 953
Аннотация
Ұлттық экономиканың табысты дамуы үшін белгілі бір технологиялық әлеует қажет. Технологиялық артықшылықтар бүгінде халықаралық бәсекенің шешуші факторына айналды, сондықтан жинақталған технологиялық әлеуетті іске асыруға және оны одан әрі нығайтуға қол жеткізу өте маңызды. Мақалада «технологиялық әлеует» ұғымы, сондай-ақ онымен байланысты экономикалық категориялар қарастырылады, олардың мазмұны туралы автордың ұстанымы негізделген.Технологиялық әлеуетті бағалауға деген қолданыстағы отандық және шетелдік тәсілдемелерге талдау жүргізілген. Сондай-ақ Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуметінің қазіргі таңдағы жағдайына баға берілген. Соңғы жылдары еліміздегі ғылымды қаржыландыруды басқарудың жаңа түрлерін құру бойынша іс-шаралардың қабылданғандығы, бірақ ғылыми-технологиялық әлеует деңгейінің әлі де болса қоғамның қажеттіліктерінің, экономиканың нақты секторының сұраныстарына толық сай келмейтіндігі атап өтілді. Зерттеу пәні болып әлемдік нарықта еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы инновациялық экономиканы дамытудың технологиялық әлеуеті табылады.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)