Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
Том 17, № 4 (2022)
Шығарылымды жүктеу PDF

ИННОВАЦИЯЛАР, ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ, ЦИФРЛАНДЫРУ 

6-15 605
Аннотация

Пандемияға дейінгі кезеңде офлайнмаркетплейстер танымал болса, пандемиядан кейінгі кезеңде онлайнмаркетплейстер танымал болып отыр. Карантиндік шектеу кезінде көптеген кәсіпорында онлайн сатуға бейімделе бастады. Бейімделе алған кәсіпорында экономикада активті болып қалды, бейімделе алмаған кәсіпорындар банкроттыққа ұшырады. Осы мәселе аясында зерттеу мақаласында қазақстандық әйел кәсіпкерлердің онлайнмаркетплейсте әрекет еті ерекшеліктерін талдау мақсат ретінде қойылды. Зерттеу барысында жалғы ғылыми әдістерден басқа сұхбаттасу әдісі қолданылды. Сұхбаттасуға Алматы қаласынан 29 бизнесвумен қатысты. Кәсіпкерлікпен аналысатын әйелдердің бизнес салалары ересектер киімінің саудасы, мата сату, сән салоны, корей косметикасын сату сияқты салалар қамтыды. Сұхбаттасудың мақсаты – Қазақстандық әйелдердің онлайнмаркетплейсте жұмыс жасау себептерін, ерекшеліктерін анықтау және офлайн маркетплейсте сауда жасау артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау болып табылады. Сұхбаттасу нәтижесі онлайнпаркетплейстер жұмысын ұйымдастыруда тиімділікке қол жеткізуде қолдана алады. Бұдан басқа, әйел адамдардың көзқарастарын біле отыра, мемлекет тарапынан аймақтардағы әйел адамдардын потенциалын экономиканы дамытуға бағытталатын саясатты құрастыруда қолдануға болады. Яғни, әйел адамдардың онлайн жұмыс жасауы көмегімен, аймақтардағы жұмыссыздық мөлшеріне әсер ету, табыс көзін арттыруда және өзге де өмір сұру сапасын арттыруда қажетті.

16-28 764
Аннотация

Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақшасыз төлемдер және олардың шаруашылық пен кәсіпкерлікті дамытуға әсері Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жетілдіру технологияның жалпы дамуымен тығыз байланысты. Қолма-қол ақшасыз төлемдердің жылдамдығы, ыңғайлылығы және қауіпсіздігі жылдан жылға артып келеді. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу – бұл барлық заңды және жеке тұлғалар үшін қолжетімді болуына байланысты әрбір азаматтың өміріндегі өзекті және ыңғайлы төлем түрі. Бұл тенденция кең таралып, сапалы түрде артып келеді.Сондай-ақ қаржы нарығына қолма-қол ақшасыз төлемдердің жылдам ену үрдісі байқалады. Бұл ыңғайлылық, дамып келе жатқан цифрлық қызметтер нарығы, төлемдер, сондай-ақ банктердің бәсекеге қабілеттілігінің артуы. Зерттеудің негізгі әдістері жалпы теориялық әдістер, сондай-ақ арнайы экономикалық және математикалық әдістер болды. Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруды зерделеу және қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен жұмысты талдау қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпорындарға қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін жетілдіру бойынша мынадай ұсынымдар берілді Enterprise Resource Planning (ERP) және Customer Relationship Management (CRM) кәсіпорындарының шаруашылық қызметіне енгізу; деректерді берудің үздіксіз жұмыс істеуі үшін платформалар құру арқылы электрондық ақша жүйесін жетілдіру. Зерттеудің практикалық маңыздылығы осы жүйені жақсарту үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін жетілдіру бойынша авторлар жасаған ұсыныстарды қолдануға болатындығымен анықталады.

29-40 564
Аннотация

Шағын және орта бизнестің дамуы ел экономикасының даму кепілі. Шағын және орта бизнестің инновациялық дамуы тек өнім шығарылымын арттырып, бюджетке салық мөлшерін көбейтіп ғана қоймай, мемлекет ішіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартады. Халық арасында жұмыссыздық деңгейі төмендейді, жұмысбасты халық саны артады, табыс деңгейі жоғарылайды, өмір сүру деңгейі жақсарады және орта тап мүшелері артады. Мақаладағы зерттеу мақсаты – мемлекеттегі шағын және орта бизнестің даму динамикасын талдау, инновациялық белсенділігін саралау және тиімділігін арттыратын тетіктерді ұсыну. Зерттеу барысында бизнес субъектілерінің 2015-2020 жылдардағы негізгі көрсеткіштері сараланды. Зерттеу базасына Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтері негіз болды. Зерттеру барысында Экономика ғылымының жалпы әдістері дедукция, индукция және логикалық құрылымдау және топтау, салыстыру және статистикалық әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесі ретінде ҚР экономикасының инновациялық даму жағдайында ШОБ тиімділігін арттыру үшін нормативтік-құқықтық, инновациялық, қаржылық және инфрақұрылымдық тетіктері ұсынылды. Әр тетіктің бағыттары бойынша инновациялық шағын және орта бизнесті дамыту шаралары берілді. Зерттеу материалы ЖОО оқу материалы, бизнес субъектілеріне және мемлекеттік басқару органдарына негіз бола алады.

АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ДАМУ 

41-57 535
Аннотация

Бұл жұмыстың мақсаты – көлік-логистика бойынша экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, өңірлік көлік-логистикалық әлеуетті бағалау. Әдебиеттерді шолу негізінде көліктік-логистикалық инфрақұрылымның элементтері анықталды, көлік-логистика мен ел экономикасының дамуының өзара ықпалы негізделді. Әдістемелік тәсілдерді зерделеу елдің өңірлік көлік-логистикалық әлеуетін бағалау көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік берді. Келесі топтар бойынша 11 көрсеткіш анықталды: көлік инфрақұрылымының көрсеткіштері, логистикалық көрсеткіштер және көлік және қойма шаруашылығының экономикалық көрсеткіштері. Деректер базасы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының статистикалық мәліметтері бойынша 2021 жылға арналған облыстар мен республика-лық маңызы бар қалалар контекстінде қалыптастырылды. Кластерлік талдау әдісін қолдана отырып, өңірлер рейтингі жасалынып, көліктік-логистикалық әлеуеті әртүрлі деңгейдегі аймақтар топтары анықталды. Қазақстан аймақтарында халықаралық көлік дәліздері бойынша логистикалық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жасалды. Облыстың көліктік-логистикалық инфрақұрылымының барлық құрамдас бөлік-терінің тиімді жұмыс істеуі үшін заманауи жағдайлар жасауға мүмкіндік беретін облыстың көлік-логистикалық инфрақұрылымын технологиялық жаңғырту қажеттілігі негізделді.

58-75 651
Аннотация

Мақаланың мақсаты Қазақстанның мегаполистерінде өмір сүру жағдайларының өзгеруін олардың өсу шамасына қарай зерттеу, жағымсыз әлеуметтік салдарларды анықтау және оларды еңсеру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Ретроспективті талдау, логикалық және салыстырмалы талдау, жалпылау әдістері, сипаттамалық статистика әдістері, индекстік, графикалық, мегаполистердің тұрғын үй қорын абаттандыруды бағалау, қаланың демографиялық сыйымдылығы әдістері пайдаланылды. Қазақстанның мегаполистерінде олардың өсуіне қарай өмір сүру жағдайларының өзгеруіне талдау жасалды. Қазақстанның мегаполистерінде олардың өсуіне қарай өмір сүру жағдайларының өзгеруіне талдау жасалды. Мегаполистердің өсуінің әлеуметтік салдары анықталды: Оңтүстік елорда тұрғындарының өмір сүру деңгейінің төмендеуі; тұрғын үйге сұраныстың артуы және оның қымбаттауы; Алматы қаласын абаттандыру деңгейінің төмендеуі; экологиялық жағдайдың нашарлығы, халықтың тығыздығы жоғары жағдайда атмосфераның ластануының өсуі; пандемия кезінде ауыл тұрғындарымен салыстырғанда қала халқының өлім-жітімінің жоғары деңгейі; жастардың деструктивті мінез-құлқының өсуі. Басқарылмайтын урбанизацияның жағымсыз әлеуметтік салдарын еңсеру бойынша ұсыныстар әзірленді. Қазақстандық қалаларды дамыту стратегиясын әзірлеу қажеттілігі негізделген. Жас отбасылар, мамандар, жетімдер үшін қолжетімді тұрғын үй мәселесін шешу; жұмыс орындарын құру, көлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, патриотизм мен әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу бойынша шаралар ұсынылады.

76-91 711
Аннотация

Алдын ала болжау – аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарын жоспарлауға,шаруа-шылық кешендерінің дамуы мен жоспарлау шараларын анықтайтын, аймақтың дамуын жоспарлауға мүмкіндік беретін маңызды стратегиялық құжат. Алдын алудың мәселесін жоспарлау тек қана аймақ емес, барлық әлем үшін де, маңызды мәселе. Осыған байланысты әлеуметтік- экономикалық дамуды алдын ала болжауды қалыптастыру және қолдану проблемалары, аймақтық деңгейде қажет екендігі көптеген зерттеушілердің жұмыстарында қарастырылған. Алдын ала болжаудың негізгі мақсаты сапалы басқарушылық шешімдер қабылдаудан басталатыны, оның аймақтардың және бүкіл елдің дамуына әсер ететіндігі мақалада атап көрсетілген. Зерттеудің мақсаты Қазақстанда аймақтың даму деңгейінде әлеуметтік – экономикалық дамуы н алдын ала болжауды талдап жасау, сол сияқты алдын ала болжау сапасына кері әсер ететін факторларды анықтау. Авторлар зерттеу барысында сипаттау, бақылау, сол сияқты жүйелі-сараптау түріндегі әдістемелік комбинацияларды пайдаланған. Алдын ала болжау процестерді сипаттау жайында Bizagi Model программалық пакетін қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеу жүргізу кезіндегі негізгі себептерге облыс деңгейінде әлеуметтік-экономикалық алдын ала болжауды құрастыруға тікелей бақылаужасау мәліметтері, сол сияқты Қазақстан Республикасыда алдын ала болжауды реттейтін нормативтік-заң актілеріне сараптама жасау нәтижелері жатады. Қойылған мақсатқа жету үшін басқарудағы жүйесінде алдын ала болжаудың рөлін анықтау, алдын ала болжау мен жоспарлаудың айырмасын атап көрсету, алдын ала болжаудың түрлері мен негізгі әдістемелерін атап көрсету, облыс деңгейінде алдын ала болжауды құру барысын сипаттау және сараптау, алдын ала болжау процедурасыннда туындаған проблемалар және оның «олқылық» жағдайларын қарастыру. Зерттеудің нәтижесінде болжауды талдап жасауға және оны тиімді пайдалануға әсер теуші шектеулерді анықтау анықталды,оларды азайту жолдары ұсынылды. Зерттеу жүргізу алдын ала болжаудың барлық барысын жақсы түсінуге, сол сияқты аймақ деңгейінде элеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала болжауын жүргізу кезінде туындаған мәселелердің себебін түсінуге мүмкіншілік жасайды.

92-111 532
Аннотация

Зерттеудің мақсаты Қазақстан мен Ақмола облысының ауылдық аумағының жай-күйіне талдау жүргізу болып табылады. Зерттеу кабинеттік ( маркетингтік) зерттеу ретінде жіктеледі, қайталама ( алдын ала) ақпаратты жинау және талдау жүргізілді, атап айтқанда, көрсеткіштерді қарау және талдау үшін ФАО статистикалық жылнамасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының сайтының деректері пайдаланылды. Ресми статистика деректері негізінде Қазақстан мен Ақмола облысының ауылдық аумағының жай-күйіне талдау жүргізілді. Қазақстан Республикасының жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, Ақмола облысының жалпы өңірлік өнімінің құрылымы, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі, Ақмола облысының ауылдық аумақтарын дамытудың негізгі көрсеткіштері, ЕАЭО елдерінің үлгілері бойынша негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау алаңы сияқты көрсеткіштер қаралды. Жоғарыда келтірілген зерттеу нәтижелері – ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің қазіргі өзектілігі, бір жағынан, ауылдық аумақтардың өсіп келе жатқан экономикалық және әлеуметтік артта қалуына, екінші жағынан, олардың азық - түлік қауіпсіздігі, топырақ және экологиялық ресурстарды сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік және еңбек ресурстарын пайдалану сияқты мәселелерде ұлт үшін айрықша маңыздылығына және олардың әлеуетіне байланысты.

ЭКОНОМИКА, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ 

112-124 440
Аннотация

Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдар мен жекелеген мемлекеттердің тиімсіз әрекеттері нәтижесінде әлемдік экономикалық дағдарыстың күшеюі орын алуда. Әлемдік экономикада тепе-теңдіктің өзгеруі байқалады, әлем шартты түрде Батыс (АҚШ) пен Шығысқа (Қытай) бөлінген биполярлық жүйемен ауысып жатқанын көруге болады. Осыған байланысты екі ел арасындағы экономикалық бақталастық және монополярлық әлемдік тәртіптің күйреуі салдарынан әлемде орнап отырған экономикадағы теңгерімсіздікті төмендету мәселесі өзекті болып отыр. Бұл мақаланың мақсаты Қытай экономикасының АҚШ-қа парапар көшбасшы сипаттамаларына сәйкестігін анықтау болды. Осы мақсатта Қытай қаржы жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі, юанның халықаралық қаржы нарығына интеграциялану дәрежесі мәселелері зерттелді. Кейс-стади әдісі негізінде Қытай қаржы нарығының дамуы АҚШ-пен салыстырылып талданды. Зерттеу нәтижесі юанның халықаралық есеп айырысудағы рөлі шамалы екенін және жалпы айналымның небәрі 4,3%-ын құрайтынын көрсетті. Сонымен қатар, юань SDR (Арнайы қарыз құқығы) қоржынына енгізілгенімен, әлемдік резервтік валюта ретінде кеңінен қолданылмайтыны анықталды. Зерттеу негізінде еркін айырбасталатын юань және валютаның еркін режимі енгізілмесе, Қытайдың қаржы жүйесі АҚШ-пен бәсекеге түсе алмайды деген қорытынды жасауға болады. Тиісінше, қазіргі уақытта Қытайды әлемдік экономикалық жүйеде толыққанды екінші полюс деп санауға әлі ерте деп қорытындылауға болады.

125-144 438
Аннотация

Барлық елдер халқының әл-ауқаты әртүрлі факторларға байланысты, олардың негізгісі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады, осыған байланысты мақаланың тақырыбы өзекті болып табылады.Зерттеудің негізгі мақсаты-жекелеген елдер мен аймақтардың азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін зерттеу және оларды шешу жолдарын анықтау. Азық түлік қауіпсіздігінің деңгейін анықтау кезінде барлық аймақтық және ұлттық ерекшеліктер ескерілетін азық түлікке деген сұранысты зерттеуді қамтитын әдістемені қолдану ұсынылады. Зерттеу барысында әдістер мен әдістер қолданылды, олардың негізгілері салыстыру және статистикалық талдау болды, онда бір адамға шаққандағы өнім өндірісін салыстыру және талдау, соңғы бес жылдағы жан басына шаққандағы азық-түлікті жан басына шаққандағы орташа тұтыну және т. б. жүргізілді. Мақалада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын экономист ғалымдардың жарияланымдары мен жұмыстарына әдеби шолу жасалды. Жүргізілген зерттеулер негізінде Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері ұсынылды: ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын жетілдіру, ауылдық ипотеканы қолдану, фермерлік шаруашылықтарды дамыту және т. б.Зерттеу тақырыбы өзекті және маңызды, сондықтан бір жұмыста барлық аспектілерді қарастыру мүмкін емес. Осыған байланысты авторлар проблемаларды шешудің халықаралық тәжірибесін, өз өндірісін дамыту, экономиканың аграрлық секторын дамыту және басқа да мәселелерді зерделеу бөлігінде азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын одан әрі зерделеуді көздейді.

145-157 617
Аннотация

Бұл мақаланың мақсаты – Қазақстан экономикасының өсуіне ауыл шаруашылығы факторларының әсерін анықтау. Кіріспеде және әдебиеттерге шолуда Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы және әлем экономикасының дамуындағы ауыл шаруашылығының рөлі талданды. SPSS бағдарламасында жан басына шаққандағы ЖІӨ ретінде көрсетілген экономикалық өсудің алты тәуелсіз айнымалы мен бір тәуелді айнымалы арасындағы қатынасты зерттеу үшін регрессиялық талдау жүргізілді. Ауыл шаруашылығының төрт факторы зерттелді, атап айтқанда ауыл шаруашылығына салынатын инвестициялар, дақылдардың өнімділігі, ірі қара мен құс басы, ауыл шаруашылығы қызметтерінің жалпы өнімі, ал қалған екі фактор пайыздық мөлшерлеме мен жұмыссыздық деңгейі. Бұл айнымалылар бойынша деректер Ұлттық статистика бюросынан 2003-2021 жылдар аралығында алынды. Үш гипотеза ұсынылды, оның екеуі 5% маңыздылық деңгейінде қабылданды. Үшінші гипотеза жоққа шығарылмады және сонымен бірге оны қабылдауға ешқандай дәлел болмады. Нәтижелерге сәйкес, ауыл шаруашылығына инвестиция және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі бір бірлікке өзгергенде жан басына шаққандағы ЖІӨ-де шамалы өзгеріс болуы елеулі. Сондай-ақ, α=0,05 кезінде ірі қара мал мен құс басы мен ауыл шаруашылығы қызметтерінің жалпы өнімі бір бірлікке өзгергендегі, тәуелді айнымалының өзгеруі болымсыз болып шықты. Зерттеу нәтижелерін үкімет ауыл шаруашылығы перспективасында экономиканы дамыту үшін пайдалана алады.

158-169 551
Аннотация

Қазіргі уақытта жүргізілген эмпирикалық және теориялық жұмыстарға қарамастан, экономикалық өсудің табыс теңсіздігіне әсері әлі де пікірталас тақырыбы болып қала береді және бұл қатынастарға қатысты тұжырымдар әлі де консенсустан алыс. Әдебиеттерді шолу әр түрлі модель спецификациялары, әртүрлі деректер жинақтары және әртүрлі бағалау әдістері экономикалық өсу мен табыс теңсіздігі арасындағы қатынасқа әсер етуі мүмкін екенін көрсетті. Оның үстіне, дамушы елдерге келетін болсақ, авторлардың көпшілігі олардың арасында теріс қатынас бар деп есептесе де, пікірталас одан сайын күшейе түседі. Бұл зерттеу табыс теңсіздігі және оның экономикалық өсумен байланысы саласындағы негізгі ұғымдар мен тақырыптарды анықтау үшін академиялық әдебиеттерді шолуға бағытталған. Сондай-ақ, мақаланың мақсаты – болашақ зерттеулер үшін осы тақырыптағы олқылықтарды анықтау. R-package Biblioshiny құралы арқылы әдебиеттерге библиометриялық талдау жасалды. Таңдамаға Scopus дерекқорындағы 1 431 жарияланым кіреді. Мақалалар жылдық ғылыми өнімге, ең маңызды дереккөздерге, сәйкес ұйымдардың көпшілігіне, сәйкестіктер желісіне және табыс теңсіздігі туралы білімдер жиынтығындағы тенденцияларды түсіну үшін тақырыптық карта мен эволюцияға қатысты талданды. Талдау нәтижесінде экономикалық өсуге, нәтижесінде табыс дифференциациясының өсуіне әсер ететін негізгі факторлар анықталды. Қаралған зерттеулердегі олқылық экономикалық өсу сапасын анықтайтын, кейіннен табыс теңсіздігіне әсер ететін факторлардың аз зерттелуі болып табылады. Бұл зерттеу олқылығы болашақ зерттеулердің бағыты болады.

ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЕСЕП, БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП 

170-184 792
Аннотация

Мақаланың басты мақсаты - Қазақстандағы жасыл қаржыландырудың ағымдағы жай-күйін бағалау және одан әрі дамыту ұсыныстарын әзірлеу. Ғылыми мақаланың әдіснамалық негізі теориялық деректерді жүйелеудің жалпы ғылыми әдістері, экономикалық процестерді ғылыми бақылау әдістері, құрылымдықлогикалық және жүйелік талдау болды. Жасыл қаржыландырудың теориялық аспектілерін зерделеу және құрылымдық бағдарламалар мен заңнамалық негізді талдау негізінде жасыл қаржыландырудың қазақстандық моделінің тұжырымдамалық негіздері мен ерекшелігі белгіленді. Талдау құралы ретінде қаржы нарығын статистикалық зерттеу алынды. Жасыл облигациялар нарығының жай-күйін салыстырмалы талдау Climate Bond Initiative дерекқорының (CBI) екі параметрі негізінде жүргізілді: Климаттық облигациялар бастамасының жасыл облигациялар дерекқоры (GBDB), әлеуметтік облигациялар және тұрақты даму облигациялары дерекқоры (SSBD). CBI статистикасы зерттеудің негізін қалады, өйткені бұл ұйым әлемдік масштабтағы жасыл қаржы құралдары туралы, сонымен қатар, жасыл облигациялар туралы ақпаратты жинау мен таратудың негізгі көзі, сондай ақ, сертификаттауды жүргізеді, жасыл бағалы қағаздардың рейтингін анықтайды, эмитенттердің листингін жасайды. Статистикалық деректер 2021 жылы таңдалды, өйткені Қазақстанда жасыл бағалы қағаздар шығару осы жылдан бастап жүзеге асырыла бастады және ел әлемдік жүйеге жаһандық жасыл облигациялар нарығының аккредиттелген мүшесі және перспективалы серіктесі ретінде енді. Негізгі нәтиже еліміздегі жасыл қаржыландырудың заманауи жаһандық даму тенденцияларын анықтау. Республикада жасыл қаржыландыру саласындағы үздік тәжірибелерді зерделеу және енгізу қуатты мемлекеттік қолдаудың арқасында дамыды деген қорытындылар жасалды. Мақалада ұсынылған зерттеу бағдарламасы зерттеушілерге жасыл қаржыға қатысты зерттеу мәселелерін тұжырымдауға ықпал етуі мүмкін.

185-200 648
Аннотация

Макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыстарды анықтау экономикалық өсуде маңызды болып табылады. Себебі нарықтық экономика жағдайында тиімді экономикалық шешімдер жасау үшін оларды математикалық-статистикалық және басқа да қолданбалы математикалық әдістермен бағалай білу қажет. Әдеби шолу нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс туралы әртүрлі көзқарастар әдебиеттегі ортақ бір пікірдің болмағандығы байқалды. Мақалада макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты анықтау мақсатында зерттеу жүргізіліп, көрсеткіштер арасындағы сандық байланыстарды анықтауға мүмкіндік беретін корреляциялық және регрессиялық сараптама әдістері қолданылды. Зерттеудің мақсаты экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысын анықтап, сыртқы сауда мен тікелей шетелдік инвестициялардың Қазақстанның жалпы ішкі өніміне әсер ету дәрежесін бағалау болып табылады. Зерттеуді жүргізу барысында экспорт, импорт, сыртқы сауда және тікелей шетелдік инвстициялар мен жалпы ішкі өнім арасындағы байланыс коррелляция әдісімен анықталып, аталған экономикалық көрсеткіштердің жалпы ішкі өнімге қатынасын анықтау үшін көп факторлы регрессия әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өзгерісіне сыртқы сауда мен импорт көрсеткіштеріне қарағанда экспорттың жоғары деңгейде әсер ететіндігі, тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ішкі өнімге кері әсер ететіндігі анықталды. Экспорт, импорт, сыртқы сауда және тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ішкі өнімге қатынасы бойынша регрессиялық сараптама нәтижесі 0,96%-ды құрады. Бұл қалыптастырылған регрессиялық модельдің практикалық маңыздылығын көрсетеді.

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ОРТАНЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ 

201-211 465
Аннотация

COVID-19-ға қарсы карантиндік шаралардың әсерінен ел мектептеріндегі білім сапасы төмендеді. Жалпы бұл мәселе бүгінде өзекті болып табылады және Мемлекет басшысының әкімшілігінен бастап университет ректорлары мен мұғалімдерінің, мектеп директорлары мен тәрбиешілерінің, оқушылар мен ата-аналарының да күн тәртібінде тұр. Осы талқылауға қатысушылардың көпшілігі мектепке тым аз ақша бөлініп жатыр деп санайды. Бұл мақалада мемлекеттік шығындардың білім беруге және оқушылардың академиялық жетістіктеріне әсері зерттелген. Жүргізілген әдеби шолуға сәйкес мемлекет тарапынан орта мектептерді қаржылай қолдаудың артуы білім беру сапасын арттыруға әкелетіні анықталды. Аталған зерттеу мәселелерін шешу үшін біз студенттердің үлгерімі мен мемлекеттік шығындар мен үй шығындары арасындағы корреляциялық талдауды қолдандық. Таңдалған айнымалылар негізінде оқушылардың үлгерімі мен мемлекеттік қаржыландыру көлемі арасындағы байланысты дәрежелік корреляциялау әдісімен талдау жүргіздік. Зерттеу нәтижесі студенттердің білім берудегі жетістігіне білім беру стандарттары мен сәйкес оқыту әдістері сияқты қаржылық емес факторлар әсер етеді деген қорытындыға әкелді. Сонымен қатар, парадоксалды жағдай анықталды, жыл сайын Үкімет орта мектептерде білім алуға жыл сайынғы шығындарды көбейтеді, бірақ оқушылардың үлгерімі үнемі төменепотырған. Сонымен қатар, оқушылардың үлгерімі мен білім беруді мемлекеттік қаржыландыру көлемі арасында күшті статистикалық байланыс анықталған жоқ. Сондықтан білім беруге бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігі туралы мәселе туындады.

212-227 320
Аннотация

Мақалада Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары басшыларының жеке мінездемелері берілген. Қайта даярлау курстарында және біліктілікті арттыру семинарларында оқыту мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуі, олардың кәсіби құзыреттіліктерінің артуы арасындағы байланысқа талдау жүргізілді. Аталмыш талдаудың нәтижелері осы өзара байланыстың гендерлік аспектісін айқындады және ер мемлекеттік қызметшілердің әйел жынысты мемлекеттік қызметшілерге қарағанда мансаптық өсуіне қызығушылығының жоғары дәрежесі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Ғылыми зерттеудің мақсаты жергілікті атқарушы органдар басшылары - ауылдық округтер әкімдерінің жеке-кәсіби әлеуетін дамытудың жаңа тәсілдемелерін әзірлеу болып табылады. Зерттеу барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің сайтында еркін қолжетімді ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы тыңдаушыларының тестілік, жазбаша және ауызша сұрауларының материалдары пайдаланылды. Жұмыста бақылау, салыстыру сияқты эмпирикалық зерттеу әдістері, сонымен қатар статистикалық, факторлық және салыстырмалы талдау қолданылды. Зерттеу нәтижелерін әрі қарайғы ғылыми әзірлемелерде, монография жазуда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ішінара талқыланды. Қорытындысында жергілікті атқарушы органдар басшылары – ауылдық округ әкімдерінің жеке-кәсіби әлеуетін дамытудың жаңа тәсілдемелері ұсынылды.



Creative Commons License
Контент доступен под лицензией Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)