Preview

Economics: the strategy and practice

Кеңейтілген іздеу
Том 18, № 1 (2023)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ИННОВАЦИЯЛАР, ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ, ЦИФРЛАНДЫРУ 

6-19 516
Аннотация

Зерттеу мақсаты: кәсіпорынның инновациялық әлеуетін пайдалану тиімділігін бағалау құралдарын сапалы және сандық салыстыру. Зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылады: бизнестің тиімділігіне қол жеткізу контекстінде инновациялық әлеует компоненттерінің құрылымын зерттеу; кәсіпорынның инновациялық әлеуетін зерттеу үшін практикада қолданылатын құралдарды бағалау; кәсіпорынның рентабельділігі мен тиімділігі тұрғысынан кәсіпорындардың инновациялық әлеуетін бағалау құралдарын салыстыру. Осы зерттеудің нәтижелері бізге төрт компоненттен тұратын инновациялық әлеуеттің құрылымына негізделген кәсіпорынның инновациялық қызметінің заманауи тұжырымдамасын негіздеуге мүмкіндік береді: зерттеулер, қызметкерлер, материалдық-техникалық база, корпоративтік кәсіпкерлік. Екіншіден, зерттеу сапасы мен пайдаланылатын көрсеткіштер санымен ерекшеленетін кәсіпорынның инновациялық әлеуетін бағалауды зерттеуге бағытталған. Тәжірибеде қолданылатын өлшеу құралдарына мыналар кіреді: теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі; кластерлік факторлар ағашын қолдана отырып, көп деңгейлі бағалау; әлемдік индекстер және/немесе мониторинг негізінде бағалау; аралас және статистикалық тәсіл. Үшіншіден, практикалық және құндылық өлшемдерінің негізінде дамыған экономикалық құрылымдарды дамыту үшін, сондай-ақ инновациялық капиталдандыруға және корпоративтік кәсіпкерлікке бағытталған кәсіпорындар үшін кәсіпорынның инновациялық әлеуеті мен экономикалық негіздеменің теңдестірілген көрсеткіштерінің жүйесі тиімді екендігі анықталды. Ықтималды, аналитикалық және статистикалық өлшеу әдістері бар құралдар экономиканың дамыған секторлары мен тұрақты бизнеске бағытталған кәсіпорындар үшін де пайдалы. 

20-35 473
Аннотация

Жұмыстың мақсаты Қазақстан аймақтары кескінінде электрондық коммерцияны дамыту шарттары мен факторларын бағалауға мүмкіндік беретін электрондық коммерцияға даярлық деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу болып табылады. Зерттеу әдістемесі композиттік индексті құрастыру, сараптамалық бағалау, бірыңғайластыру және нормалау әдістерін қолдануға негізделген. Зерттеудің ақпараттық базасын Халықаралық электр байланысы одағының, ЮНЕСКО-ның, Дүниежүзілік пошта одағының, Дүниежүзілік банктің есептіліктері, сондай-ақ ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің Ұлттық статистика бюросының және ҚР Ұлттық банкінің ресми деректері құрады. Әдістемені апробациялау Қазақстан аймақтарының мысалында жүргізілді, бұл B2C секторындағы электрондық коммерцияға даярлығы бойынша Қазақстан аймақтарының рейтингін жасауға мүмкіндік берді. Алынған бағалаулар Қазақстан аймақтары бойынша бірыңғай көрсеткішті және оның құрамдас көрсеткіштерін жылдар бойынша салыстыруға және B2C сегментіндегі электрондық коммерцияға даярлығының белгілі бір көрсеткіштері бойынша республикалық орташа мәндерден артта қалған аумақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы электрондық коммерцияның инфрақұрылымдық даярылғының деңгейінің дамуын аймақаралық салыстырмалы талдау әдістемесін жетілдіруде жатыр. Зерттеудің жеке ұйғарымдары жаңа зерттеу міндеттерін қоюға негіз бола алады. Зерттеу нәтижелерін тәжірибелік қолданбалылығы әзірленген бағалау әдіснамасын Қазақстан аймақтарында электрондық коммерцияны дамыту бойынша бағдарламалық құжаттарды құрастыру үрдісінде тиісті мамандандырылған мемлекеттік органдардың жұмысында пайдалану мүмкіндігімен сипатталады. 

АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ДАМУ 

36-54 506
Аннотация

Азық-түлік қауіпсіздігі-бұл елдің немесе елдер тобының азық-түлік нарығының жағдайын, сондай-ақ барлық әлеуметтік топтарға кепілдендірілген қол жетімділікті қамтамасыз ететін әлемдік нарықты сипаттау үшін қолданылатын халықаралық тәжірибеде ресми түрде қабылданған экономикалық категория. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, барлық елдерде аграрлық секторды және аграрлық азық-түлік нарығын реттеу және қорғау функцияларын орындайтын агроөнеркәсіптік салада дамыған арнайы мемлекеттік органдар орнатылған. Біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты азық-түлік қауіпсіздігінің заманауи деңгейін анықтау және негіздеу болып табылады. Бұл ретте көшбасшы елдердің әлеуметтік дамуы және азық-түлік қауіпсіздігінің ішкі саясатын пайдалана отырып, осы саладағы Қазақстанның басымдықтарын айқындау. АҚШ пен Бразилиядағы басқа елдерді қызықтыратын азық-түлік қауіпсіздігін реттеу және қолдау материалдары ұсынылған және талданған. Сондай-ақ, біздің зерттеу жұмысымызда Қытай мен Ресей Федерациясының азық-түлікпен қамтамасыз ету саясаты ұсынылған. Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі көзделген. Біздің ойымызша, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті және жеткілікті шарты – азық-түлік өндірісінің, халықтың нақты табыстарының артуына, халықтың кедей топтарына белсенді мемлекеттік саясат жүргізуіне әкелетін экономикалық өсу. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету әртүрлі факторлар мен жағдайлардың әсерімен байланысты: қозғаушы күш ретінде, процестің, құбылыстың себебі. Азық-түлік қауіпсіздігіне саяси, әлеуметтік, экономикалық, табиғи және басқа да факторлар әсер етеді.

55-67 417
Аннотация

Белгілі бір аймақтың демографиялық дамуын сипаттау үшін халық санынының өсуімен сипаттау жеткіліксіз, статистикалық демографияның пәндік аясын кеңейтіп, халықтың жеке құрамының табиғи жаңару заңдылықтарын терең сипаттайтын зерттеулер жүргізу қажеттігін Алматы қаласы мысалында негіздеген. Алматы қаласының халық санының динамикасына әсер етуші факторлардың ресми мәліметтерімен статистика-математикалық әдістерді пайдаланып математикалық моделі тұрғызылған және әрбір фактордың ықпал ету үлесін айқындаған. Алматы қаласының демографиялық дамуы республика шеңберінде халық санының өсуімен сипаттала алмайтындығы, осы үрдістің себеп-салдарлары, оның ішінде көші-қон сальдосының алатын орны және әсер ету үлесіне талдау жасалған. Алматы қаласында әлемдік деңгейде үлкен қалаларға тән демографиялық құбылыстардың орын алғанын, ұзақ жылдар бойы демографиялық жағдайының регрессивтік бағытта болғанын көрсеткен. Алматы қаласының халық санының өсуі еліміздің демографиялық дамуына қосар үлесі жоқ екенін, кері әсері бары негізделген. Зерттеу нәтижесінде Алматы қаласының қазіргі қалыптасқан жағдайына байланысты (қала халқының тығыздығы, көлік кептелістері, уақытша күн-көрушілер тобы) ішкі көші-қон қозғалысын шектеу және табиғи демографиялық көбеюге бағытталған шараларды әзірлеу және қабылдау ұсынылады.

68-86 396
Аннотация

Әлем бойынша ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, тұрмыс сапасын арттыру, ондағы кедейлікті азайту маңызды болып саналады.Қазақстанда ауылдық аумақтарды дамыту стратегиялық мақсат ретінде қарастырылады және оны дамытудың тетіктері үнемі жетілдірідіп келеді. Соған қарамастан, еліміздің басым ауылдық аймақтарындағы халықтың табыс мөлшері, әлеуметтікинженерлік инфрақұрылым қызметтеріне қолжетімділік деңгейі қала тұрғындарымен салыстырғанда төмен. Зерттеуде ауылдық аумақтардағы жергілікті кәсіпкерлердің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін (КӘЖ) арттыра отырып, мемлекет, бизнес өкілдері, және қоғам арасындағы үш жақты байланысты нығайтудың маңызы көрсетілді. Зерттеудің мақсаты Қазақстанның ауылдық аумақтардағы әлеуметтікинженерлік инфрақұрылымдардың сапалы қызметін қамтамасыз етуде мемлекетпен қатар, КӘЖ-тің де маңызды екенін көрсету. Зерттеуде 2010-2021 жылдар аралығындағы Ақмола облысының Зеренді және Қорғалжын аудандарының; Қостанай облысының Аулиекол және Алтынсарин аудандарының экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымдарының жай-күйіне талдау жасалды. Нәтижесінде, еліміздің ауылдық аумақтарындағы әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық проблемалар анықталды. Соның ішінде: әлеуметтік сала мамандарының азаюы, ауыз су, жол қатынастарына, көлікке, интернетке қолжетімділік т.б. Проблемаларды реттеу мақсатында мемлекет жергілікті кәсіпкерлердің дамуына жағдай жасай отырып, олардың КӘЖ-ін арттыру арқылы ауылдық аумақтардың әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымдарын дамытуға болады.

87-102 591
Аннотация

Ішкі көші-қон жастардың шетелге қоныс аударуы үшін өтпелі сәт болып табылады. Бұл мақаланың мақсаты – қаланың инфрақұрылымын жастардың үлкен қалаларға ішкі көші-қонына әсер ететін фактор ретінде қарастыру. Бұл елдегі мәселелердің бірі, себебі шетелге «мидың ағылуына» әкеледі. Бұл факторларды қарастыру қажет. Зерттеу барысында 14 пен 29 жас аралығындағы Алматы қаласына келген ішкі көші-қонға тартылған жастар қарастырылады. Бұл зерттеудің әдіснамалық негізі Эверетт Ли әдіснамасына негізделген және жастардың миллиондаған халқы бар қалаларға ішкі көші-қонына әсер ететін факторларды талдайды. Мақалада Қазақстан Республикасының өңірлері арасындағы көші-қон процесін тежейтін немесе ынталандыратын объективті факторлар қарастырылады. Бұл факторларға университеттер мен колледждердің саны, жұмыс берушілер саны және денсаулық сақтау мекемелерінің, ойын-сауық орталықтарының саны мен т.б. жатады. Бұл көрсеткіштер төрт факторға топтастырылды: білім беру, денсаулық сақтау, мәдени-ойын-сауық және жұмыспен қамту. Деректерді талдау және өңдеу үшін жалпылау және жүйелеу әдісі қолданылды. Факторларды бағалау үшін мәліметтер Ұлттық статистика бюросынан және басқа да ресми көздерден 2014-2021 жылдар аралығында алынды. Ішкі көші-қон мен қала инфрақұрылымының көрсеткіштері арасындағы байланысты анықтау үшін SPSS бағдарламасының көмегімен корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізілді. Нәтижесінде жастардың ішкі көші-қоны мен білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары арасында айтарлықтай байланыс бар екенін көрсетті. Осылайша, білім беру жастардың ішкі және сыртқы көші-қонының негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан мидың ағып кетуіне жол бермеу үшін жоғары білімді дамыту және жұмыспен қамту деңгейін арттыру маңызды.

103-115 505
Аннотация

Зерттеудің мақсаты таңдалған факторлардың қайсысы Қазақстанның белгілі бір аймақтарында оқу шешіміне көбірек әсер ететінін тексеру болып табылады. Толық жоғары білім халықтың едәуір бөлігінің, әсіресе жастардың кәсіби және мәдени деңгейін көрсетеді және экономикалық өсудің ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылықтың көрсеткіші де болып табылады. Білім беру жүйесін дамытудың жоғары деңгейі кез келген мемлекеттің тұрақтылығының негізі, сондай-ақ оны одан әрі дамыту әлеуеті болып табылады. Зерттеу барысында негізгі әдебиет көздері талданды және оның негізінде қолданатын әдістеме таңдалды. Біздің әдіснамалық базамыз EViews10 деректерді талдау пакетінің бағдарламасын қолдана отырып, көп факторлы регрессиялық үлгілеу жасау болып табылады. Зерттеу базасына Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2011-2021 жылдардағы Ұлттық статистика бюросының деректері алынды. Көп факторлы талдау негізінде бес тәуелсіз фактор таңдалды, алайда зерттеу барысында бір фактор әсер етпеді, бұл: жоғары білім беру ұйымдарының студенттерін шығару. Қалған бағаланған төрт фактордың ішінде ең көп әсер ететін үш фактор анықталды: жоғары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамының саны, жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас) және жоғары оқу орындарының саны. Есептеулер көрсеткендей, таңдалған факторлар әр түрлі аймақтарда әр түрлі әсер етті. Зерттеу нәтижесінде өңірлердің білім беру әлеуетін арттыру үшін білім беру саласындағы мемлекеттік саясат бойынша ұсынымдар әзірленді. Зерттеу нәтижелерін аймақтық жоғары оқу орындары, сондай-ақ білім беруді басқарудың мемлекеттік құрылымдары пайдалана алады.

ЭКОНОМИКА, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ 

116-132 583
Аннотация

Мақала Қазақстан Республикасындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің институционалдық негіздерін қалыптастыруға және дамытуға арналған. Зерттеу объектісі – шағын, орта және ірі кәсіпорындармен ұсынылған елдің кәсіпкерлік ұйымдары. Зерттеу пәні ұйымдық-экономикалық негіздері, тәжірибеде қолданылатын әлеуметтік жауапкершілік құралдары болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты – бизнес ұйымдарының әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудағы ағымдағы тенденцияларды талдау, әлеуметтік жауапкершіліктің тұрақты нарықтық институтын құрудың жүйелі проблемалары мен стратегиялық басымдықтарын анықтау. Негізгі зерттеу әдістері: зерттеудің аналитикалық, статистикалық, есептеу-аналитикалық, диалектикалық, ізденіс әдістері болды. Зерттеу 2016-2020 жылдар аралығындағы стратегиялық кезеңдегі деректерге, сондай-ақ 2010, 2015 жылдарға арналған кейбір практикалық деректерге негізделген. Зерттеу шағын, орта, ірі кәсіпорындардың қоғамның, әлеуметтік саланың дамуына қатысуы қалыптасу кезеңінде екенін көрсетті. Көбінесе әлеуметтік жауапкершілік құралдары мен тетіктерін пайдалану ірі бизнеске тән, ал белгілі бір маңызды рөл мемлекетке тиесілі. Әлеуметтік жауапкершілік халықаралық стандарттарға толық сәйкес келмейді. Бизнес ортада аз дәрежеде әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған халықаралық басқару стандарттары қолданылады. Еңбек нарығы нақты жалақыны төмендетуге бейім, бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің дәрежесін төмендетеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қалыптасқан тетіктері мен құралдары әлеуметтік саланы дамытуға, адам әлеуетін сапалы дамытуға толық жағдай жасамайды, бұл қарқынды экономикалық өсуге ықпал етпейді. Болашақта Қазақстан экономикасында ірі корпорациялардың да, шағын және орта бизнестің де әлеуметтік жауапкершілігінің ұйымдық-экономикалық тетіктері олардың микро, әлеуметтік саланың дамуына тікелей әсерін ескере отырып жетілдірілуі тиіс. мезо және макро деңгейлер. Торайғыров университетінде экономистердің, мемлекет және бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен ғылыми семинарларда, дөңгелек үстелдерде зерттеу талқыланды.

133-144 506
Аннотация

Мақала әлемдік туристік нарықтың қазіргі дағдарысы тақырыбына және одан шығу мүмкіндіктеріне арналған. Тақырыптың өзектілігі мен зерттеудің маңыздылығы туризм әлемнің кез-келген аймағында экономиканың тұрақты дамуы мен әлеуметтік тұрақтылықтың факторларының бірі болып табылатындығына байланысты және бұл пандемия басқаларға қарағанда көбірек зардап шеккен сала. Зерттеудің мақсаты -халықаралық туристік нарықтың қазіргі дағдарыстық жағдайының тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау, проблемалар мен оларды шешу мүмкіндіктерін талдау болып табылады. Қазіргі халықаралық туристік нарықтың дағдарысы туралы ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау, зерттеушілердің туристік бизнес субъектілерінің ағымдағы шығындарының жаһандық маңызы туралы келісетіндігін көрсетті. Сонымен бірге ғалымдар COVID-тің халықаралық туризм индустриясына түпкілікті әсерін сенімді түрде болжау мүмкін емес деп санайды. Мақалада соңғы он жылдағы халықаралық туристік нарықтың даму динамикасын талдау және туризм экономикасына 2020 дағдарыс жылы мен 2021 жылдың бірінші жартысында келтірілген салдарларды жалпылау келтірілген. Зерттеу нәтижелері турбизнес субъектілеріне пайдалы болады және Қазақстанның туристік саласын қайта құрылымдау тұжырымдамасының негізіне алынуы мүмкін. Халықаралық ұйымдардың деректерін статистикалық талдау жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты теріс факторлардың әсері жағдайында туризмді дамытудың өзекті бағыттарын негіздеуге мүмкіндік берді. Туристердің сауалнамасы негізінде туристік компаниялардың даму стратегиясын жетілдіру, жаңа жағдайларда бәсекелестік артықшылықтарды пайдалану мүмкіндіктері нақтыланды. 5Р маркетингтік моделін қолдану ұсынылады. 

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ОРТАНЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ 

145-164 574
Аннотация

Зерттеудің мақсаты – Қазақстан университеттеріндегі қолданыстағы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларына терең талдау және бағалау жүргізу. Бұл зерттеу Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен жүзеге асырылды. Зерттеу объектісі 120 жоғары оқу орны болып табылады, оның ішінде 45 ЖОО бакалавриат деңгейінде 48 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша, 38 ЖОО 73 магистратура бағдарламасы бойынша кадрлар даярлайды. Тек 6 жоғары оқу орны 8 докторантура білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлайды, ал Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бағыты бойынша PhD докторы дәрежесін алуға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында талдау, салыстыру, бақылау, индукция және дедукция, сұхбат әдістері, сонымен қатар логикалық әдіс қолданылды. Зерттеуде мемлекеттік басқару саласындағы жоғары кәсіптік білім туралы дереккөздерді, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ашық платформасындағы білім беру бағдарламаларын, силлабустарды, мемлекеттік басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен заңнамаларды, сондай-ақ сарапшылық сұхбаттардың нәтижелерін талдады. Зерттеу нәтижелері оқытылатын пәндер бөлінген құрамдас бөліктерге сәйкес пәндердің арақатынасын есептеу арқылы алынды: менеджмент, экономика, құқықтану, мемлекеттік саясат, цифрлық білім, пәнаралық пәндер. Мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқаруда университеттерде бакалаврларды (45-тің 39-ы) дайындау экономикалық білім беру бағдарламаларымен синхрондалады. Бұл зерттеу басқару пәндері бойынша Қазақстандағы жоғары оқу орындарының кадрлық және ғылыми әлеуетін бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу бағдарламаларын талдау тұрғысында жалғастырылатын болады.

165-179 378
Аннотация

Басқару шешімі үш маңызды функцияны орындайды: бағыттаушы, ұйымдастырушы және ынталандырушы. Университет әлеуетінің артуы көбінесе басқару процестеріне және білім беру ұйымы ұжымының қызметінде қабылданған басқару шешімдерінің тиімділігіне байланысты екені анық. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, қазіргі заманғы жағдайларда, отандық көшбасшылардың көпшілігі басқарушылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау теориясымен таныс емес. Зерттеудің негізгі мақсаты – университеттегі басқарушылық шешімдерді қабылдау үдерісінің негізгі тәсілдерін талдау. Күтілетін нәтижелер теориялық тәсілдерді зерттеуге және бақылау құралдарын пайдалану мүмкіндігін анықтауға байланысты. Зерттеу сауалнама арқылы жиналған алғашқы деректер негізінде жүргізілді. Респонденттерге сауалнама Алматы Менеджмент Университетінің оқытушылар құрамы арасында жүргізілді. Мәселені шешу үшін классикалық Парето диаграммасы құралы және қазіргі заманғы ағаш диаграммасы құралы пайдаланылды, олар әртүрлі нәтижелерді көрсетті. Зерттеу барысында гипотезалар алға тартылды, олардың кейбіреулері практикалық растауды таппады. Нәтижелер Қазақстанның барлық университеттерінде басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің стандартты алгоритмі жоқ екенін көрсетті. Алынған шешім қабылдау алгоритмі идеалды емес және жаппай іске асыру кезінде білім беру ұйымдарының персоналды басқаруындағы тәуекелдердің артуына әкеледі. Дегенмен, бақылауды құру әдісін басқа университеттер де қолдана алады, өйткені авторлар қарастырған негізгі және жаңа бақылау әдістерінің схемасы айтарлықтай икемді. 

ДЕМОГРАФИЯ, АДАМ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ 

180-195 358
Аннотация

Жаһандық дүрбелең жағдайында адами капитал тұжырымдамасының өзектілігі артып отыр. Адами капиталды тұжырымдамалауға ғасырлар бойы саяси экономиканың классиктері де, қазіргі заманғы ғалымэкономистер де айтарлықтай үлес қосты. Жаһандық белгісіздік пен экономикалық қатынастардың өзгеруі кезеңінде тұжырымдамаға нақты көзқарастың жоқтығын байқауға болады. Әлемдік экономикада адами капитал әртүрлі экономикалық және әлеуметтік құбылыстардың нақты себептерін анықтайтын және ашатын рөл атқарады. Экономистер адами капиталды экономикалық әл-ауқат пен дамудың бастауында тұрған экономикалық ғылымның категориясы ретінде қарастырады. Бұл зерттеудің мақсаты - әрі қарайғы зерттеулерге айтарлықтай әсер ете алатын адами капитал тұжырымдамасын зерттеудің әртүрлі тәсілдерін қолдану. Мақалада шолу жасалып, адами капитал тұжырымдамасының теориялық түсіндірмелерін санаттарға бөлуге әрекет жасалды. Мақала жазу кезінде әртүрлі мектептер мен бағыттарды санаттарға бөлу үшін адами капитал тұжырымдамасына бағытталған зерттеулерді ретроспективті талдау әдісі қолданылды. Талдау адами капиталды зерттеудегі тәсілдердің төрт негізгі категориясын анықтауға мүмкіндік берді. Осыған сүйене отырып, авторлар қазіргі шындықты ескеретін тұжырымдамаға мағыналық толықтырулар енгізу қажеттілігін атап өтті. Алынған нәтижелер негізінде авторлар адами капиталды жаңа жағдайда тұжырымдамалауға тырысты. Мақалада жүргізілген талдау адами капитал тұжырымдамасын зерттеу барлық алдыңғы теориялық әзірлемелерді және уақыт талаптарына байланысты жаңа аспектілерді қамтитын заманауи түсіндіруді қажет ететінін көрсетті. 

196-209 558
Аннотация

Ел экономикасы мен оның өңірлерінің дамуының ұзақ мерзімді факторларының бірі адами капиталды дамыту болып табылады. Алайда, елдің адами капиталы физикалық және ақыл-ой дамудың әртүрлі деңгейіне ие. Осыған байланысты елдегі демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында әлеуметтік саясатты зерттеу ең өзекті мәселе болып табылады. Мақалада әлеуметтік саясаттың даму деңгейіне байланысты Қазақстанның соңғы жылдардағы демографиялық дамуының негізгі міндеттері қарастырылады. Әлеуметтік саясаттың тиімділік мәселесі Қазақстан үшін ерекше маңызды, бұл халықтың қартаюының еріксіз жүзеге асыуымен, еңбекке қабілетті халыққа жүктеменің тез артуымен, сондай-ақ туу шыңында жастар мен әйелдер санының азаюымен байланысты. Бұл болашақта халық санының азаюына әкеледі. Бұл мақаланың мақсаты - елдегі демографиялық жағдайды жақсарту үшін әлеуметтік саясат тетіктерін әзірлеу. Әлеуметтік инфрақұрылымды — білім беруді, денсаулық сақтауды, мәдениетті, спортты және басқа да осындай жүйелерді дамыту Қазақстандағы демографиялық жағдайды жақсарта алар еді. Зерттеу әдісі – бұл халықты көбейту мақсатында әлеуметтік саясат саласында ұсыныстар жасауға мүмкіндік беретін жүйелі және кешенді тәсіл. Зерттеу нәтижелері әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстарды қамтиды. Зерттеудің теориялық маңыздылығы – бұл материалды оқулықтарда қолдану, ал практикалық маңыздылығы - билік органдары ұсыныстарда қолдана алады. 

210-226 323
Аннотация

Жастар негізіндегі адами капитал ел дамуының маңызды әлеуетінің біріне айналуда. Жастардың көші-қон ағынын азайту үшін олардың елден кету туралы шешіміне не әсер ететінін білу қажет. Бұл жұмыстың мақсаты әдеби шолу арқылы әлемдегі жастар көші-қонының экономикалық факторларын зерделеу және Еуразиялық Экономикалық одаққа кіретін елдер арасындағы экономикалық көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жүргізу болып табылады. Зерттеу әдістемесі салыстырмалы зерттеулерде кеңінен қолданылатын ең ұқсас жүйелерді жобалау және әртүрлі жүйелерді жобалау принциптеріне негізделген. Тиісінше, істердің аз саны қолданылды. Елдер арасындағы ұқсастықтар мен анықталған айырмашылықтарға талдау жасалды. Зерттеу үш кезеңде жүргізілді: әдеби шолу, көрсеткіштерді таңдау және салыстырмалы талдау. Салыстырмалы талдау мемлекеттік ҒЗТКЖ шығындары, эмигранттардың жалпы саны, ЖІӨ-дегі ақша аударымдарының үлесі және жұмыссыздық деңгейі сияқты төрт өлшемге негізделген. Деректер ашық көздерден жиналды. Әдебиеттерді шолуға сәйкес, ҒЗТКЖ инвестициялары эмигранттардың, әсіресе жастардың көші-қон туралы шешіміне қатты әсер ететіні анықталды. Талдау Армения, Қырғызстан және Беларусь арасында жұмыссыздық көрсеткіші мен білім беру көрсеткіші бойынша қатты ұқсастық бар екенін көрсетті. Ресей мен Қазақстан бойынша нәтижелер пайдалылық теориясының ұстанымын растады, оған сәйкес жастар әдетте үздік білім беру бағдарламалары үшін кетеді. Бұл зерттеудің нәтижелерін елдің жастар және көші-қон саясатын жетілдіру және түзету үшін пайдалануға болады, бұл жастардың басқа елдерге көші-қонын төмендетуі мүмкін. 

227-240 486
Аннотация

Гендерное неравенство остается актуальной проблемой в Казахстане, при этом вертикальная и горизонтальная сегрегация приводит к неравной оплате и представительству мужчин и женщин в разных профессиях. Для достижения равного доступа к трудовым, социальным и институциональным ресурсам экономическая политика государства направлена на решение этой проблемы. Данные, собранные за 2016-2021 годы с электронного портала Бюро национальной статистики Казахстана, показали, что женщины преобладают как в общеобразовательных школах, так и в высших учебных заведениях, хотя произошли небольшие изменения в процентном соотношении мужчин и женщин среди преподавателей и преподавателей за годы. Индекс Дункана, измеряющий гендерную сегрегацию, показал разницу в 17,1 п.п. между долей учителей-мужчин и женщин-учителей общеобразовательных школ и мужчин и женщин-преподавателей в высших учебных заведениях. При этом сфера образования является одной из самых низкооплачиваемых в Казахстане. Основные результаты статьи подчеркивают неравные возможности женщин по сравнению с мужчинами. Профессиональную сегрегацию также можно рассматривать по географическому признаку, принимая во внимание бремя ведения домашнего хозяйства. Сельские женщины в большей степени подвергаются профессиональной дискриминации, чем их городские коллеги. Решение проблемы гендерного неравенства среди преподавателей высших учебных заведений имеет важное значение для поощрения разнообразия, справедливости и интеграции в академических кругах и за их пределами. Гендерное равенство в высшем образовании также имеет решающее значение для социального и экономического прогресса, поскольку исследования и образование являются основными движущими силами инноваций и развития. 

241-255 449
Аннотация

Мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады. Кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр. Соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету серпінінде дамудың белгілі бір оң тенденциялары бар. Бірақ медициналық ұйымдардың штаттық құрамының жеткіліксіздігі проблема болып қала береді, бұл халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелігінің төмендеуіне әкеледі. Жұмыстың мақсаты денсаулық сақтаудағы кадрлық ресурстармен қамтамасыз етілуді зерделеу, мәселелерді анықтау және жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу болып табылады. Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы кадрлары болып табылады. Зерттеу пәні медициналық кадрларға қажеттілікті болжау. Зерттеу әдістері. Жұмыста келесі жалпы ғылыми зерттеу әдістері қолданылады: жалпылау, статистикалық әдістер, салыстырмалы және регрессиялық талдау. Зерттеу нәтижелері. Зерттеу медициналық персоналдың, медициналық білім беру бағдарламаларының бітірушілеріның санына, өзгеру динамикасына, регрессиялық талдауды қолдана отырып мамандарға деген қажеттілікке талдау жүргізілді, сондай-ақ 2025 жылға дейінгі қажеттіліктің болжамы есептелді. Медициналық кадрларға қажеттілік санының артуы сапалы қызмет көрсетуге айтарлықтай кедергі болып табылады. Қорытынды. Жүргізілген зерттеу негізінде дәрігердің беделін арттыру, денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбегін ынталандырудың түрлі әдістерін әзірлеу, әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі іс-шараларды іске асыру және т.б. іс шаралар қажет. 

ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЕСЕП, БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП 

256-270 422
Аннотация

Мақаланың мақсаты – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің Катардағы банктер алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындамауына әсер ететін факторларды зерттеу және анықтау, сондай-ақ алынған нәтижелер негізінде реттеуші үшін ұсыныстар әзірлеу. Себебі, шағын және орта кәсіпорындардың (ШОК) дамуы елдегі экономикалық өсуді қолдаудағы рөлі маңызды болып табылады. Экономикаға елеулі үлес қосатынына қарамастан, шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру мәселелерінде қиындықтар кездеседі, қаражат қоры жиі жеткіліксіз болып келеді, нәтижесінде ресурстарды тарту үшін қаржы институттарына жүгіну қажеттілігі туындайды. Авторлар Катардың Даму банкі деректерін зерделеді. Шағын және орта кәсіпорындардың жұмыс істемейтін кредиттерінің төленбеу себептерін анықтау мақсатында жүйелі әдеби шолу жүргізіліп, жабық сұрақтары бар сауалнама әзірленді. Авторлар телефон арқылы несиені қайтармау мәселесі бар шағын және орта бизнеске жүгінді, өйткені бұл Covid-19 пандемиясы кезінде әлеуметтік қашықтыққа байланысты деректерді жинаудың жалғыз мүмкін жолы болды. Қатар Даму банкі деректерінен кредиттері жұмыс істемейтін 142 шағын және орта кәсіпорын анықталып, осы кәсіпорындармен байланысқаннан кейін 85 жауап алынды. Талдау үшін сипаттамалық статистика қолданылды және алынған нәтижелер шағын және орта кәсіпорындардың банктер алдындағы міндеттемелерді орындау кезінде бірқатар қиындықтарға тап болғанын көрсетті. Оған қоса, жоғары бәсекеге қабілетті нарық шағын және орта кәсіпорындардың міндеттемелері мен төлемдерін орындауға кері әсерін тигізуде. Зерттеу нәтижелерінің негізінде шағын және орта кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі мәселесін шешу және елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі дамытудың шаралары мен тетіктері бойынша ұсыныстар әзірленді. 

272-286 330
Аннотация

Мақалада зерттеудің мақсаты опциондық келісімнің бағасын есептеу әдістемесін жетілдіру болып табылады. Зерттеу пәні жобаны сату/сатып алу құқығы бар нақты опционға опцион шартының бағасын есептеу процесі болып табылады. Зерттеу гипотезасы - неғұрлым объективті есептеу формуласын пайдалану стратегиялық инвестициялық және корпорацияның басқару шешімдерін қабылдау тиімділігін арттырады. Нақты опциондар және ақша ағындарын дисконттау әдістері шеңберінде опциондық келісімнің бағасын есептеу әдістемесін нақтылау үшін математикалық модельдеу әдісі қолданылды. Мақалада нақты жобаны сату/сатып алу құқығы бар нақты опционға опцион шартының бағасын есептеу формулалары негізделеді және нақтыланады. Бұл опциондық келісімнің құнын объективті бағалау жобаны жүзеге асыру бойынша стратегиялық инвестициялық шешім қабылдаудың маңызды құралы болып табылатыны көрсетілген. Мақаланың жаңалығы транзакцияларды хеджирлеу стандарттарының тәжірибесі мен осы опциондық келісімнің бағасын есептеу үлгісін жасау кезінде нақты опциондар мен ақша ағындарын дисконттау әдістерінің үйлесімі болып табылады. Жоба бойынша берілген рентабельділік индексімен шектелген опциондық келісімшарттың бағасын есептеу үшін неғұрлым объективті формуланы пайдалану алға қойылған гипотезаны растайды. Нақты нұсқаларды пайдалана отырып жобаларды іске асыру тиімділігін неғұрлым объективті бағалау тәуекел мен белгісіздіктен қосымша пайда алу мүмкіндігіне байланысты корпорацияның бәсекелестік артықшылығы болып табылады. Болашақ зерттеулердің бағыты таза активтердің құнын есептеу кезінде опциондық баға моделін формализациялау болып табылады. 



Creative Commons License
Контент доступен под лицензией Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International.


ISSN 1997-9967 (Print)
ISSN 2663-550X (Online)